Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет73/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   115
акушерство китап

6.5. Қолдан болған іш тастау
Қолдан болған іш тастау (Abortus artificilus) – ветеринар маманымен терапевтикалық немесе таза экономикалық тұрғыдан жасалынатын буаздылықтың бұзылуы.
Ветеринарлық тәжірибеде қолдан жасалған іш тастау өте сирек қолданылады. Бұл операцияның тікелей жасалуы көрсеткішіне: ісік және сүйекшелер дамығанда жамбас жолының тарылуы және қисаюы; өміріне қауіп тудыратын жатырдан қан кету; төл маңы қабығының шемені; туу алды жатып қалуы; көп төлділік әсерінен анасының организмінің аруы; остеомоляция және басқа патологиялық үрдістер, буаздылық ағымының бұзылуы немесе әдеттегі туу актісі өтуінің мүмкін болмау көрсеткіштері.
Жатырды механикалық немесе термиялық тітіркендіріп кейіннен толғақтармен күшенулерді қоздыруға негізделген сиыр және биенің іш тастуларының орындауға бірнеше оперативтік әдістер ұсынылған. Олардың ішінде кеңінен таралғаны – жатыр мойынын механикалық кеңейту.
Операцияның орындалуы. Жыныс органдарын жуғаннан кейін және тұрған малды бекіткен соң сарпайды қынап айнасымен ашады, жатыр мойыны қынап бөлігін қысқышпен немесе корнцангпен қысып алады да біркелкі тартып, сарпайдан шығарады. Саусақтардың тез қимылымен біртіндеп жатыр мойынын жатыр шеті сиятындай қылып ашады. Осы жермен Эсмарх кружкасы арқылы жатыр ішіне әлсіз дезинфекциялайтын ерітіндіні немесе стерильді гипертоникалық ас тұзы ерітіндісін 40-450С температурасында бірнеше литр көлемінде құяды. Буаздылықтың қалыпты ағымы кезінде іш тастау жасалғанда жануарға ерітінді құйылған соң тыныштық беріледі, осы кезде ысчтық ерітінді әсерінен жатыр жиырылуы орын алуына үміт етіледі. Егер жатыр мұндай темиялық тітіркендіруге еш әсер білдірмесе ыстық және 10-120 С дейін суытылған ерітінді құюларын алмастырып енгізуге тырысады, жатыр кілегейлі қабаты мен хорион аралығына таза глицерин (250-500 мл) енгізеді. Соңғысы жатырды тітіркендіреді, қағанақтың аналық және төлдік бөліктерін алшақтатады, ал ең бастысы хорион үрпектерін сусыздандырады. Глицерин орнына люголь ерітіндісін немесе кез-келген дезинфицирлеуші ерітінді пайдалануға болады.
Буаздылықты кейде ашық тұрған жатыр мойыны арқылы зонд енгізіп қағанақ қабаттарын тесіп үзуге болады. Қағанақ суларының бөлінуі жатырды жиыртады да күшенулерді күшейтеді. Бұл әдістің кері жақтары қағанақ суларының уақытынан бұрын бөлініп, төлдің тұншығуы. Сол себептен қағанақ қабаттарын тесу арқылы іш тастатуды жатырға бірмезгілде ерітінділер енгізуімен қиылыстыру керек.
Буаздылықтың бірінші жартысында сиырларда іш тастауды сары денені толығымен қысып жаншу арқылы тудыруға тырысады, өйткені қағанақтың гормоналды қызметі әлсіз болады. Егер сары дене бөлігі сақталса ол қалпына келіп, іш тастау орын алмауы мүмкін.
Төлді оның аз дифференцирленген ұлпа элементтерін өлтіру мақсатында ультракүлгін сәулелеу буаздылық басында жақсы нәтиже бере алады. Ветеринарияда іш тастатқыш заттар қолдану (қастауыш, хинин т.б.) аз тиімді.
Ұсақ жануарларда (ит, мысық) және мегежіндерде іш тастау көрсеткіштері кезінде кесарь тілігін немесе жатыр ампутациясын қолданған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет