Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Іш тастаудан кейінгі асқынулар



бет74/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   115
акушерство китап

Іш тастаудан кейінгі асқынулар
Төлді шығару кезіндегі акушерлік жәрдем жасалуларын асептика, антисептика заңдарын ұстанбай орындау, жануарды жұмысқа ерте пайдалану, ұстаудың зоогигиеналық ережелерін ұстанбау т.б. олқылықтар кезінде жануарларда, әсіресе биелерде іш тастаудан кейінгі септицемия, пиемия немесе септикопиемия байқалады. Іш тастаудан кейін төлдеуден соң болатын барлық асқыну түрлері байқалына алады (жатыр атониясы, эндометриттер т.б.). Көбіне шу кешеуілдеуі жиі байқалады, мұны жатырда оның «моторикасын» бұзатын патологиялық процесстер болуымен түсіндіру керек. Сонымен қатар, қағанақтың патологиялық процесстерінен байқалатын іш тастаулар кезінде көбіне жалғамдар пайда болуы, қағанақтың аналық және төлдік бөліктерінің мықты жалғануы түріндегі ақаулықтар бола алады. Түсікті шығарғаннан кейінгі шу түспеуі қағанақ қабаттарының, қағанақтың патологияға шалдыққанының көрініс саналады. Температуралық реакция болмауы жақсы нышан, ал керісінше дене температурасының, шу түспеуімен қиылысып көтерілуі инфекция қоздырғышы енгенін хабардар етеді. Іш тастау әдетте гипогалактиямен қатар өтеді. Сирек ждағдайларда іштегі төл өлген соң оның ұлпалары сіңісіп кетеді де қағанақ қабаттары жатырда тұрып қалады, аналық қағанақпен байланысын сақтайды да өсе береді, кейде олар жатырдан болжамды туулар мерзімінде шығарылады.
Емі. Іш тастаудан кейінгі асқынулар кезінде туудан кейінгі аурулардағы ем қолданылады. Алайда күйіс қайыратындардың өздерінде шуды алғашқы тәулікте алу керек, өйткені 15-20 сағаттан соң жатыр мойыны тарылып, қол симай қалуы әбден мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
1. Буаз аналықтар денсаулығын қандай патологиялық ағымдар асқындырады?
2. Уақытынан бұрын басталатын күшенулер мен толғақтарды жою жолдары?
3. Буаз аналықтар жатып қалуындағы домбығулар кезінде қандай емдік жәрдем көрсетіледі?
4. Қынап түсуі (айналуы) кезінде қандай емдік әдістер қолданылады?
5. Қосымша және жатырдан тыс буаздылыққа қалай диагноз қоюға болады?
6. А.П. Студенцов бойынша іш тастаулар жіктемесі негізіне қандай принциптер енген?
7. Қандай клиникалық белгілер бойынша іш тастау ақырын диагностикалауға болады (өскіннің сіңісуі, жетілмеген өскіннің шығарылуы т.б.)?
8. Идиопатиялық жұқпалы емес іш тастауларының негізгі себептері қандай (қағанақ патологиясы, шемен, қағанақ қабығы қабынулары т.с.с.)?
9. Симтоматикалық жұқпалы емес іш тастаулардың негізгі себептері қандай (алиментарлық травматикалық т.б.)?
10. Іш тастауларының алдын алу кезінде қандай емдік, алдын-алу шараларын басшылыққа алу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет