Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Күшті күшенулер мен толғақтар



бет79/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   115
акушерство китап

Күшті күшенулер мен толғақтар. Жатырдың немесе құрсақ пресінің арасына өте қысқа үзілістер салып немесе үзіліссіз өтетін жиырылуын күшті күшенулер мен толғақтар деп атайды. Себептері: кейбір дәрілік заттарды (қастауыш және оның препараттары) беру; төл жағдайының және дене мүшелерінің бұрыс орналасуы.
Ағымы. Егер, жатырдың жиырылуы өте алмайтын қарсылық кездестірсе (төлдің бұрыс орналасуы, жатыр мойынының өсіп кетуі) ұзақ уақыттан соң бұлшық еттер босаңсиды, толғақтар тоқталады. Төл ұзақ уақыт оттегі жетіспеушілігінен (жатыр тамырларының қысылуы) өледі. Кейде жатыр жыртылады.
Күшті толғақтар төлдің орналасуы және дене мүшесінің дұрыс жағдайында жатырдың түсіп кетуіне әкелуі мүмкін.
Диагноз. Туу актісі өтуінің ерекшеліктеріне және толғақтың түріне қарап қояды.
Емі. Симптоматикалық жиі малды 10-15 минут жүргізгеннен кейін кейде оның сауыры көтеріңкі болған жағдайда, жамбас сүйегіне жатырдың қысымы азайюына орай өздігінен тынышталады.
Сиырларға 1%-дық новокаин ерітіндісі мен 15-20 мл мөлшерде сакральдық анестезия, В.В. Мосин бойынша новокаиндық блокада, алкогольдық наркоз жақсы әсер етеді. Биелерге новокаиндық терапиядан басқа күре тамырға 200-300 мл 10%-дық хлоралгидратты қолдануға болады.
Шу түспеуі. Туу актісі шудың түсуімен аяқталады. Әртүрлі малдың шуының түсуі белгілі мерзімдерде болады. Егер төл туғаннан кейін биеде 35 мин; сиырда – 6 сағат (кейбір ғалымдардың мәліметтері бойынша 10-12 сағ), саулықта, ешкіде, мегежінде, мысықта, қоянда - 3 сағаттан соң бөлінбесе шудың кешеуілдеуі деп айтуға болады. Бұл ауру көбінесе мал іш тастағанда, сондай-ақ бруцеллез ауруы белгілері бар малда жиі кездеседі.
Қыс және көктем мезгілдерінде нашар күтіп-бағылған, сапасыз азықпен азықтандырылған сиырлар қиналып бұзаулайды. Шуы дер кезінде түспейді. Ал, шуы мезгілінде түспеген сиырлардың жатыры қабынады. Ондай малдың келесі құрсақ көтеруі кешеуілдейді мал қысыр қалады.
Шудың кешеуілдеуінің тікелей үш себептері бар:
1. Туудан кейінгі күшенулердің және жатыр атониясының жеткіліксіздігі.
2. Төл плацентасы бөліктері анасы плацентасымен патологиялық үрдістерге орай өсіп кетуі.
3. Карункулдар тканьдері қысымының күштілігі.
Диагноз. Шудың толық түспеуінде сыртқы жыныс органдарынан қызыл немесе қоныр-қызыл жіп тәрізді шылбыр салбырап тұрады. Сиырда сыртқы беткейі бұдырлы, биеде барқыт тәрізді.
Шудың жартылай түсуіне даигноз қою үшін оны мұқият зерттеу қажет. Плацентаны қарайды, пальпациялайды. Бөлінген шуды фанераның үстіне жайып байқайды.
Толық түсуін анықтау үшін плацента тамырларын бағдар етеді.
Бұл аурудың клиникалық белгілері көзге тез байқалады. Айталық, шу түгелдей түспеген болса, онда оның сарпайынан қызарып шығып тұрады. Жалпы, шуы дер кезінде түспеген сиырлардың жанынан өткенде не жақындағанда сасық иіс шығады.
Шуы түспеген сиыр мазасызданады, жем-шөпке қарамайды. Дене қызуы көтеріліп, сүттілігі азаяды. Жатыр мойынын тұрақты түрде ашық тұруына байланысты жатыр қуысына микробтар еніп, оның қабынуына душар етеді. Ауру асқынған кезде малдың іші қабынып бүкшиіп қалады.
Сиырдың төлдеуіне 6-8 сағаттай өткенде шудың түсуін тездету үшін бір шелек суға 500 г. қант ерітіп ішкізеді. Сонымен қатар жатырдың жиырылуын тездету үшін карбохолиннің судағы 0,1 %-дық ерітіндісі, ол болмаса прозериннің судағы 0,2 мл мөлшеріндегі ерітіндісін тері астына жібереді. Егер шу бір тәулік ішінде түспесе, онда оны құрғақ тәсілмен алып тастайды. Ол үшін малдәрігері қолын жылы сумен сабындап жуып, пенициллиннің және стрептомициннің 500 мың ЕД мөлшерінде және ақ стрептоцидтің 5 граммын алақанына себеді де, қолды жұмған күйнде сиырдың жатырына ептеп енгізеді, алақанды жатырдың ішінде ашады. Саусақтарды әрі-бері қозғай отырып шудың жабысып қалған жерін тауып алады. Оны саусақтың көмегімен ажыратады. Шуды түгелдей алып тастаған соң жатырды марганец қышқыл калий ерітіндісімен немесе фурациллиннің әлсіз ерітіндісімен жуып тазартады. Жұқпалы аурулардан таза фермаларда шудың түсуін тездету үшін сиырға бұзауын жалатады. Сондай-ақ 4-5 литр шарана суын ішкізеді. Мүмкіндік болса, сиырға 5 литр суға 2-3 литр уыз араластырып ішкізеді, шу тез түседі.
Сиырдың шуын қолмен түсіргенде, сондай-ақ жатыр қатты қабынғанда антибиотиктер мен химиялық препараттардан қоспа жасап қолдану жақсы нәтиже береді. Қоспа төмендегідей жасалынады: 100 грамм өсімдік майына 0,5 г. фуразолидон, 1,0 г фурациллин, 5,0 г норсульфазол, 1,0 г пенициллин, 1,5 г неомицин, 1,5 г окситетрациклин, 0,15 г полиниксинді араластырып жатырға жібереді. Шу түспеу ауруын болдырмау үшін сиырларды буаз және суалған кезінде, сондай-ақ бұзаулаған соң 10-15 күндей сапалы жемш-ппен азықтандыру қажет. Осылармен қатар сиырлар күнделікті 2-2,5 сағат серуендетіліп, мал организмінде зат алмасуының бірқалыпты жүруін қамтамасыз ету керек. Сиырларды алдын ала бұзаулауға дайындаған кезде мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді қатаң сақтау акушерлік-гинекологиялық ауруларға шалдықпауына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет