Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Төлдеуден кейінгі талықсу



бет87/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   115
акушерство китап

Төлдеуден кейінгі талықсу /coma puerperalis/ - тіл, ішек-қарын торабының, аяқтардың және басқа органдардың парезімен, коматозды жағдайымен өтетін малдардың жіті ауруы. Бұл ауру көбінесе сүтті, асыл тұықмды сиырлар арасында, малды жеммен көп мөлшерде азықтандыратын кешендерде жиі кездеседі. Ауру кешендер жиынтығынан туады. Ең алдымен рационда Са және Р, Д витаминінің жетіспеушілігі, жалпы ақуызы көп азықтармен азықтандыру (бұл жағдай малды семіруге әкеледі). Аурудың себебін түсіндіру үшін көптеген теориялар бар, бірақ бұл теориялардың көбі экспериментпен және тәжірибемен дәлелденбеген. Ауруға шалдыққан малдың орталық жүйке жүйесі зақымдалып, мал әлсіреп қалады.
Клиникалық белгілері. Ауру көбінесе сиыр бұзаулағаннан кейінгі алғашқы 3 күнде байқалады.
Парезге шалдыққан сиыр меңзең болып, жемшөп жеуден қалады. Әрі-бері жүруі нашарлап, денесі дірілдейді.
Мал денесінің қызуы әдеттегіден төмендеп +35 +360С градусқа тең болады. Ауру мал көбінесе басын бір бүйіріне салып, жатып қалады. Оның басын қолмен түзеп қойса, қайтадан бүйіріне қарай бұрып алады. Аурудың өршуі барысында малдың жұтқыншағы мен тілі салданады. Мал ауызындағы шөпті шайнап, жұта алмайды. Сондай-ақ мал күйіс қайтарудан қалады. Ішектің жиырлуы нашарлағандықтан малдың іші кебе береді. Ауру малды артқы жағынан қарағанда оның иіріліп жатқаны байқалады.
Жалпы бұзаулаудан кейінгі талықсу өте жіті түрде өтеді. Егер бір тәуліктің ішінде көмек көрсетпесе мал өліп кетеді.
Емі. Ауруға шалдыққан малды емдегенде, желінге үрпі арқылы ауа жіберіледі. Ем жасау үшін сиырды бір жағына жатқызады да, желінді сүттен босатады. Содан кейін үрпіні спирттің ерітіндісімен тазалап, залалсыздандырады. Үрпіге арнайы жасалған катетер енгізіледі. Катетердің екінші ұшы Эверс аппаратымен жалғастырылған, сол арқылы біртіндеп ауа жіберіледі. Ауа желін түгелдей тырсиып толғанша жіберіледі. Бұл кезде желіннің қыртыстары тегістеледі. Емдеу барысында желіндегі ауаның тез арада қайтадан шығып кетпеуін бақылайды. Егер үрпінің тесігінен ауа шыға бастаса, онда оны дәкемен 2-3 сағатқа байлап қою қажет. Ауамен толтырылған желін кәдімгі допша тырсиып тұрса, емдеу нәтижелі болады. Ем дұрыс жүргізілген жағдайда ауа үрлегесін 20-30 минут ішінде сиыр орнынан тұрып жем-шөп жей бастайды, бірақ ол аурудан тез жазыла қоймайды. Мал денесінің дірілі біртіндеп басылады.
Егер желінге ауа жіберуіден нәтиже шықпаса, онда малдың күре тамырына 20%-дық глюкоза ерітіндісі (200-400 мл) мен 10%-дық хлорлы кальций ерітіндісін 100-400 мл немесе 10%-дық глюконат 100-200 мл мөлшерінде жібіріледі, ал тері астына 20%-дық кофеин-бензоат натрий (15-25 мл) егеді.
Төлдеуден кейінгі талықсуды желінге ауа жіберіп немесе күре тамырына глюкоза немесе кальций енгізгенде сүт цистернасының, сүт жолдарының және қан тамырларының қабырғаларында орналасқан баро-және хеморецептарлар тітіркенеді. Осы тітіркенулерге жауап ретінде қан қысымы, дем алудың жиелігі өзгереді, ал ең бастысы тез арада бас ми қабығының реактивтігі қалпына келеді, осының әсерінен организм жүйелерінің барлық функциясы қалыптасады.
Парезге ұшыраған малға ауыздан дәрі ішкізуге болмайды. Жұтқыншақтың параличке ұшырауына байланысты дәрі ішке кетпей, өкпеге кетуі мүмкін. Ондай жағдайда мал тұнғышып, жағдайы бастапқыдан да қатты нашарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет