Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Желінсауларды анықтаудың негізгі принциптері



бет96/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   115
акушерство китап

Желінсауларды анықтаудың негізгі принциптері. Желінсауды анықтаудың негізгі принциптеріне орай желін жағдайының клиникалық белгілеріне қарап, олар нашар байқалса клиникалық зерттеулермен қатар лабораторлық зерттеулердің нәтижесіне қарап диагноз қояды. Лабораторлық зерттеулерді жүргізгенде сүтті 5%-ды димастин ерітіндісімен, 2% және 10%-ды мастидин ерітінділерімен, тұнба реакциясымен желінсауға тексереді. Әдетте, сүтте екі көрсеткіш анықталады - сүттің рН-ы және соматикалық клеткалар саны. Сүт рН-ын анықтау үшін индикаторлық тесттар (бромтимол көгі, розол қышқылы), ал соматикалық клеткаларды анықтау үшін жоғарыда аталып кеткен реакциялар қолданылады. Профессор Т.Ж. Әбдірахманов (1997) желінсаудың жасырын түрін анықтау мақсатында жаңа диагностикалық тест-диагмаст ұсынды. Диагмаст арқылы зерттелетін сүтте екі көрсеткіш, атап айтқанда соматикалық клеткалар саны және сүттің рН-ын бір мезгілде анықтауға болады.
Тест басқа қолданылатын диагностикумдарға қарағанда өзіндік, жасырын ауру мал санын көбірек анықтайды.
Желінсауларды емдеу. Сүт безіне қандай ссебептер әсер етпесе де қабыну дамуының механизмдері біркелкі болып қала береді. Осы кезде нервтер тітіркенуі мен өткізгіштігі бұзылады, лимфо- және гемодинамикалық бұзылулар дамиды, гипертониялар, гиперосмиялар мен гиперонкиялар пайда болады, гистамин, ацетилхолин, аденозинүшфосфорлық және аденил қышқылдары жинақталады, каталаза, гиалуронидаза тағы басқа ферменттер жоғарылайды. Сүт безінде байқалынып жататын осы және өзге өзгерістер жалғыз антибактериалды заттар қолданылуы арқылы жойылуы мүмкін емес. Сүт безі қызметін қалпына келтіру күрделі нейротамырлық қатынастар мен трофиканы қалыптастру арқылы ғана мүмкін.
Желінсаулардың патогенетикалық терапиясы. Нейротамырлық реакцияларды қалыптастыру үшін новокаин пайдаланылады. Егер желінсау кезінде қайтымсыз іріңді ыдыраулар, некроздар, гангрена, атрофия немесе желін индурациясы түріндегі ауыр көріністер орын алмаса новокаин жақсы әсерін білдіреді. Ең қарапайым емдеу тәсілі 0,5-0,1% новакаин ерітінідісін арасына 12 сағат салып желінішіне 100-150 мл мөлшерінде енгізу болып табылады. Д.Д.Логвинов өзі құрастырған қысқа новакаин блокадасы әдісін қолдана отырып жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Егу үшін резеңке түтікшемен жалғастырылған ұзын иньекциялық инесі бар шприц қолданылады. Инені артынан желін негізі мен құрсақ қабырғасы аралығында ортаңғы сызықтан ауру желін бөлігіне 1-2 см алып енгізеді де тілерсек буынына бағыттап 8-12 см тереңдікке бағыттайды. 0,5% новокаин ерітіндісін 150-200 мл мөлшерінде егеді. Қойларға 0,25% новокаин ерітінідісін 40-50 имл мөлшерінде алдынан, ешкілерге желіннің артынан егеді. Мегежіндерде желіннің әр зақымдалған бөлігі нервілерін жеке-жеке 0,25% новокаин ерітіндісімен 20-40 мл мөлшерінде енгізеді. Қажетті жағдайда блокадаларды 48-96 сағаттан соң қайталайды. 1% новокаин ерітіндісін құрсақ қолқа тамырына Д.Д.Логвинов әдісі бойынша енгізу оң нәтиже береді. 1% новокаин ерітіндісін 100-150 мл мөлшерінде интрвенозды арасына 24-48 сағат салып егу жақсы нәтиже береді. Сірі желінсаулы жануарлар 2-3 тәуліктен соң, катаралды желінсауы барлар 4-5 тәуліктен соң, фибринозды 6 тәуліктен соң, іріңді-катаралды 5, геморрагиялық 6 тәуліктен соң сауығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет