Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет97/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   115
акушерство китап

Антибиотиктерапиясы Желінсау ағымы көбіне микробтармен асқынады. Осы кезде антибиотиктер терапиясын пайдаланған жөн. Тиімді антибиотиктер таңдауы үшін патогенді микрофлора түрі мен оның препаратқа сезімталдығын анықтау керек. Желінсаудың жіті ағымында бұлшық етке антибиотиктерді (пенициллин, стрептомицин, бициллин, эритромицин т.б.) 1 кг салмағына 3-5 мың ӨБ егеді. Сонымен қатар антибиотиктерді қиылыстырып енгізу ұсынылады (пенициллин + стрептомицин, пенициллин + эритромицин, тетрациклин + неомицин т.б.). Желініші енгізілімдері үшін қиылыстырылған препараттар ұсынылады: мастицид, мастисан т.б. Желінсау емі ретінде тиімді препарат пенерсин, ол кешенді антибиотиктерден, кортизоннан және бояғыш заттардан тұрады, соңғысы дәрінің сүтпен шығу мерзімдерін айқындауға мүмкіндік береді. Аталған препараттарды 3 тәулік бойы күніне 1-2 рет енгізеді. Жалқаяқ көп мөлшерде бөлінуі кезінде желінішіне антибиотиктер енгізу тиімсіз, сондықтан ауру желін ширегіне 1% стрептоцид, 1:1000-3000 қатынасында этакридин лактат, 1:5000 қатынасында фурацилин, 2-5% иихтиол ерітіндісі, 1-5% норсульфазол ерітіндісі, 1-2% натрий гидрокарбонаты ерітіндісі енгізіледі. Емдеу барысында ауру бөлік секреттері жойылады. Желініші енгізілулерінен кейін нұсқамаға сәйкес сүттерін жарамсыздандырады: 100 мың ӨБ пенициллин енгізгенде 48 сағат бойы, 100-500 мың ӨБ стрептомицин енгізгенде 7 тәулік бойы жарамсыз деп танылады.
Сульфаниламидті терапия Әсері ұзартылған сульфаниламид препараттары жоғары терапиялық әсерге ие (сульфапиридазин, сульфадиметоксин, сульфамонометоксин, салазопиридазин, фтазин т.б.).
В.Г.Васильев желінсаудың әр түрлерінде келесі емдік қоспаны қолдануды ұсынған: новокаин – 0,5 г, гексаметилентетрамин – 10 г, калий йодиді – 1 г, окситоцин 10 ӨБ, су 100 мл-ге дейін. Қоспаны 60-120 мл мөлшерінде желіннің зақымдалған бөлігінің дәнекерұлапалы шеліне үш жерден егеді. Ұзындығы 12 см инені ортаңғы сагиталды және сегменталды желін беткейлері қиылысуы орынында ауру желінге қаратып, 0,5-1 см алып егеді. Осы қоспаны окситоцинсіз интрацистерналды түрлі желінсаулар кезінде пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет