Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет98/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   115
акушерство китап

Суалым кезінде емдеу. Көптеген микробқа қарсы препараттар сүт арқылы ұзақ уақыт шығарылады, сол себептен оларды лактация уақытында қолдану тиімсіз. Осы мақсатта арнайы желініші енгізілетін препараттар құрастырылған (мастицид-2, прополис линименті т.б.). Апромаст, гелиомаст тәрізді препараттарды соңғы сауын күні бір мәрте немесе суалымның алғашқы 3 күнінде егеді. Емді болжамды бұзаулаудан 30 тәулік кешіктірмей жасаған дұрыс.
Желінсаулардың алдын алу шаралары. Желінсау ауруларының алдын алу бірнеше кешендік шаралардан, ең бастысы малдарды дұрыс күту мен асыраудан, сауын орындарының жағдайына, тағы басқа шаралардан тұрады. Барлық малдардың аналық түрлерінде сүт безі патологиясы көбіне сүт беру мезгілінде кездеседі. Төлдерін өсіру үшін (еметін мезгіл) қолданылатын аналық малдарда желінсаулар сирек кездеседі. Сүтті көп беретін малдарда желінсау себептері болып оларды дұрыс саумау есептелінеді. Сондықтан осы ауруды болдырмау үшін, сиырды дұрыс сауу қажет. Сиырларды сауын аппараты арқылы сауу кезінде сауыншылар теория мен тәжіребелік жағынан осы жұмысқа жақсы дайындалған болуы керек. Егер шаруашылықта дайындалған кадрлар болмаса сиырларды сауын аппараты арқылы саууға көшірудің қажеті болмайды. Жұмысқа таза халаттағы, қолдары таза және медициналық тексеруден өткен сауыншылар жіберіледі.
Сиырды сауын аппараты арқылы сауу үшін оны ең алдымен сүт беру үрдісіне дұрыс дайындау қажет. Сауын аппараты арқылы саууға сау сиырларды жібереді.
Сиыр бұзаулағаннан кейін 7-10 күн өткесін сауын аппараты арқылы саууды бастаған жөн. Сауар алдында сиыр желінің 48-520С-ға дейін жылытылған таза сумен жуады, сосын желінінің астыңғы жағын және үрпілерін 0,5%-дық дезмол ерітіндісінде суланған орамалмен сүртеді, содан кейін әр үрпісінен сүттің бірінші тамшыларын жеке ыдысқа сауып алады, өйткені оларда көп мөлшерде микробтар болады. Осыдан кейін желінге 20-30 секундтай массаж жасайды да үрпілеріне алдын ала жылы суға немесе 2%-ды хлорамин ерітіндісінде жылытылған сауын стакандарын кигізеді. Әдетте, сиырдың сүт беру үрдісі 4 минутке, кей жағдайда 10 минутқа созылады.
Үрпісі төмен салбыраған, үрпілерінде сүйелдері, жаралары бар, үрпі жолы қабынған сиырларды сауын аппараты арқылы саууға болмайды. Сауу кезіндегі ең негізгі мақсат желінді сүттен мүлдем босату. Кейбір сиырларды сауын аппаратымен сауғаннан кейін желіндерін қолмен сауып сүттен босату керек. Сауып болғаннан кейін стакандарды үрпілерден абайлап алады. Сауу үрдісі кезінде вакуум көрсеткішін жоғарылатпау керек, егер оның көрсеткіші әдеттегі қалыптан жоғары болса онда ол желінсаудың пайда болуына әкеп соғады.
Желіні қабынған сиырды басқа малдардан бөледі, сосын оны қолмен саууға көшіреді. Ең алдымен, үрпілерін сүттен босатады, содан кейін қабынған үрпілерін сауады. Осы үрпілерден шыққан сүтті залалсыздандырып жояды, ал ыдысты дезинфекциялайды. Адамдар үшін желінсау ішіндегі ең кауіптісі - іріңді-қатаральды желінсаумен ауырған сиыр сүті. Мұндай сиыр сүтін адамдар әсіресе балалар ішкенде, ішек қарын жолының функциясы бұзылады. Желінсаумен ауырған сиырлардың төсенішін, зәрін мұқият залалсыздандырады.
Желінсаудан және желіннің басқа да ауруынан сақтандыру.
Малды желін ауруларынан сақтау үшін 1) организмнің физиологиялық мұқтажын ескере отырып, оны дүрыс азықтандыру, зат алмасу процессінің бұзылуына, малдың азықтан улануына жол бермеу; 2) малды бағып күтудің гигиеналық ережелерін сақтау, серуенге шығару, едені мен қабырғасы жоқ қораға жатқызбау, желінінен ірің ағып жүрген малды оқшаулау, мал қораларын дер кезінде дәрілеп, микробтан арылту (дезинфекциялау): 3) сиырды дер кезінде (бұзаулауына 50-60 күн қалғанда) суалту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет