Ќазаќстан Республикасы Білім жєне Ѓылым министрлігі


Пәнді оқытудың міндеттері



бет2/8
Дата07.09.2023
өлшемі137 Kb.
#476852
1   2   3   4   5   6   7   8
Курстық жұмыс Орта.ғас. тарихы

Пәнді оқытудың міндеттері
Пән бойынша оқытылатын лекцияларда пәннің ең күрделі мәселелері: пәннің түсінігі, географиялық және хронологиялық шегі, тарихи-философиялық танымдары, ғылыми ақпараты, терминдердің айқындамасы, саяси жүйелер мен саяси құрылыстардың ерекшеліктері, орта ғасырлық коллективтік жүйелер, орта ғасырлық мемлекет және оның типтері, классикалық феодализм және оның Азия-Африка елдеріндегі ерекшеліктері, феодалдық қарым-қатынастар формалары, шаруашылық типтері, феодалдық меншік, феодалдық право жүйелері, халықтардың өмір салттары, орта ғасырлық этногенездік процестер, халықтардың қалыптасуы, этникалық-аумақтық-тілдік-діни-мәдени-рухани жүйелердің орнығуы, орта ғасырлық Азия және Африканың ортақ белгілері мен ерекшеліктері, орта ғасырлар тарихының түп деректік негіздері, тарихнамасы, зерттеудің қорытындылары мен барысы және тағы басқалары қамтылуы тиіс.
Білім алушылардың даярлығына қойылатын бастапқы талаптар:
Алынған білімді қолдана білу, қажетті материалдарды өзбетінше оқып үйрену, оны одан ары қарай пайдалану, өз бетінше қажетті материалдарды іздеу, жинақтау, талдау, ұйымдастыру, түрлендіру, сақтау қабілетінің болуы; еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы және өзіндік білім беру дағдыларына ие болу, өз біліктілігін арттыру, білім толтыру және жаңа дағдыларды меңгеру, тарих саласында білімдерін жетілдіру алған білімдері мен әдістемелерін кәсіби қызметінде қолдану; зерттеу жұмысы; кәсіби қызметіне қатысты тарихи оқиғалар мен тарихи процесстерді талдау; туындаған мәселелерді логикалық тұрғыда талдау, атқаратын жұмысына қатысты жайттар мен деректерді толығымен меңгеру.
Оқыту нәтижесі:
Студент аталмыш пәнді оқып үйренген соң:

  • Қазіргі қоғам дамуның зандылықтарының қызмет ету ерекшеліктерін;

  • Ортағасырлардағы Афро-Азиаттық мемлекеттердің әлеуметтік – саяси институттардың қызметі және дамуын;

  • Ортағасырлардағы Шығыс мемлекетінің саяси - әлеуметтік жүйелерді ажырата білуден хабары;

  • Одан әрі білімін жетілдіру үшін ғылыми –зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өндеу және сараптау, өз бетінше қажетті материалдарды игере білу;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет