Ќазаќстан Республикасы Білім жєне Ѓылым министрлігі



бет3/8
Дата07.09.2023
өлшемі137 Kb.
#476852
1   2   3   4   5   6   7   8
Курстық жұмыс Орта.ғас. тарихы

«Орта ғасырлар тарихы» мамандарды дайындау формаларының бірі болып табылады. Оны жазу үлкен маңызға ие:
- біріншіден, ол қаржылық әдебиеттермен шығармашылық өзіндік жұмыспен айналысуға, негізгі ережелерді үйренуге жағдай жасайды, нақты материалдарды талдауға, кестелер мен диаграммаларды құрастыруға көмектеседі;
- екіншіден, студент теориялық мәліметтерді талдау кезінде өзінің көзқарастарын тиянақты, тарихи түсінікті баяндауға және қолдануға, оны практикамен байланыстыруға үйретеді;
- үшіншіден, орта ғасырлар тарихы бойынша студенттердің білімін тереңдетеді және нығайтады.
Курстық жұмыс студентті ғылыми-зерттеу жұмысына үйретеді және тәжірибелер мен дағдылар алуға септігін тигізеді.
Ұсынылатын талаптарға жауап беретін курстық жұмысты дайындау үшін, студент жалпы орта ғасырлар тарихы пәні бойынша алынған теориялық білімдерді ғана емес, барлық тарихи оқиғалармен процесстерді сипаттайтын нақты мәліметтерді қолданады.
Студенттер курстық жұмысты оқытушының жетекшілігімен орындайды. Орындалған жұмыс тексерілуғе беріледі. Жақсы бағалағаннан кейін курстық жұмыс қорғалуы тиіс.
«Орта ғасырлар тарихы» пәнінен емтиханға тек курстық жұмыс жақсы бағадағы студенттер жіберіледі.
Курстық жұмыстардың тақырыптары «Орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу міндеттеріне жауап беруі тиіс және ғылым мен өндірістің практикалық талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Тақырыптар нақты болуы керек, яғни студенттердің өзіндік шығармашылық жұмыстарды үйренудегі ғылымилық, өз уақытысында және бағытталық прициптеріне жауап беруі тиіс.
Курстық жұмыстың тақырыбына негізгі талаптарының бірі кешенділік, яғни өзара байланыс көпшілік сұрақтардың шешілуі. Тақырыптың жеке бір сұрақтарын да нақты және кең көлемде жетілдіруі тиіс.
Курстық жұмыстардың тақырыбы А қосымшасында көрсетілген.


2. Курстық жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыстың құрылымына курстық жұмыстың мазмұны мен графикалық бөлімінің мазмұны кіреді.
Курстық жұмыстың мазмұны төмендегідей құрылымдық элементтерді қамтиды:
-сыртқы беті (қосымша Ә)
-тапсырма (қосымша Б)
-аннотация:
-мазмұны:
-белгілеу мен қысқартулар
-кіріспе
-үш бөлім (екі бөлім) құрайтын жұмыстың негізгі мазмұны:
-қорытынды
-қолданылған әдебиеттер тізімі
-қосымшалар.
Сыртқы беті Ә қосымшасына сәйкес А-4 форматтағы параққа орындалады. Сыртқы бетте сөздерді тасымалдау рұқсатетілмейді. Нүкте соңында қойылмайды. Егер топтық курстық жұмыс орындалса, онда сыртқы бетке барлық орындаулар көрсетіледі. Қажет болған жағдайда курстық жұмыстың мазмұны бөлігіне әрбір орындаушының қатысқандығы көрсетіледі.
Курстық жұмысқа тапсырма оқу процесінің кестесіне сәйкес ағымды семестрдің алғашқы аптасынан кешіктірілмей беріледі.
Кафедра тапсырмасында жобаны орындау үшін негізгі қажетті мәліметтер беріледі (қосымша Б).
Тапсырмада төмендегілер көрсетілуі керек: жұмысқа байланысты, оқыту пәні; студенттердің аты–жөні мен тобы; жұмыс тақырыбы, жетілдіру кезеңдері мен орындалу мерзімдері; жетекшінің аты – жөні, оның қызметі, қолы және тапсыру мерзімі.
Әрбір тапсырма әдістемелік және ғылыми негізде ойластыруы керек және студенттердің дайындалу деңгейі мен жұмысты орындауға кеткен уақытқа жауап беруі тиіс.
Тапсырмалар Б қосымшасына сәйкес бланктерде толтырылады. Тапсырмада студенттің тапсырманы алған күні көрсетіледі және қолы қойылады.
Қажетті мәліметтерге оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, анықтамалық әдебиеттер, статистикалық материалдар, мерзімдік басылымдар жатады.
Курстық жұмыстың мазмұнында төмендегідей құрылымдық элементтердің айқындалуы тиіс: кіріспе, үш (екі) тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.
Орындалу мерзімі төмендегіде ұсынылады: кіріспе - 1-2 апта, қорытынды - 1-2 апта, әрбір тарау - 2-3 апта, қолданылған әдебиеттер тізімі - 3-5 күн. Сонымен қатар, жұмыстың құрылымдық элементтерің көлемі: кіріспе - 2-3 бет, қорытынды - 2-3 бет, әрбір тарау - 10-15 бет, қолданылған әдебиеттер тізімі -1-2 бет.
Есептік – графикалық бөлімде слайдтар, плакаттар аталуы, орындалу мерзімі, беттер саны көрсетіледі. А4 парағында 3 слайдтан кем емес орындалу ұсынылады.
Аннотацияда курстық жұмыс туралы негізгі мәліметтер қысқаша беріледі. Аннотацияда курстық жұмыс көлемі, кестелер, сызба, қосымшалар туралы мәліметтер қамтылады. Аннотацияны жазу үлгісі В қосымшасында көрсетілген.
Мазмұнында бөлімдер, тараулар, қосымшалардың аталуы мен реттік номерлері кіреді.
«Мазмұны» сөзі ірі әріптермен ортадан басталып жазылады. Қосымшада «Орта ғасырлар тарихы» тақырыбына курстық жұмыстың мазмұнын толтыру үлгісі көрсетілген.
«Белгіленулер мен қысқартулар» құрылымдық элементінде курстық жұмыста қолданылатын белгіленулер мен қысқартулар тізімі сипатталады.
Кіріспеде автор таңдағалған тақырыптың өзектілігі, ондағы мәселерді жетілдіру деңгейі мен шешу жолдарын көрсетеді. Кіріспе қысқаша болуы керек (2-3 бет).
Жұмыстың негізгі бөлігінде тақырыптың мазмұны сипатталады. Бұл бөлім зерттелінетін тақырыптың мазмұнын сипатайтын 2-3 тараудан тұрады. Тарауларды артттыру қажет емес, себебі бұл курстық жұмыстың айтарлықтай көлемінің өсуіне әкеледі. Жұмыстың негізгі бөлігі компьютерлік текстпен 25-30 бет немесе қолмен жазып 30-40 бет болуы тиіс.
Қорытынды бөлімінде курстық жұмыстың материалдары бойынша ұсыныстар енгізіледі. Қорытындысы 2-3 беттен тұрады.
Курстық жұмыстың соңында белгілі бір тәртіппен библиографиялық тізімдер берілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет