Ќазаќстан Республикасы Бiлiм жєне Ѓылым Министрлiгi



бет10/11
Дата06.03.2024
өлшемі314 Kb.
#494495
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дип.-КӨНЕ-ТҮРКІ-ХIII-ХIV-ғасыр-ЖАЗБА-ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ-ЗЕРТТЕЛУ

ҚОРЫТЫНДЫ
Кез келген халықтың жазба мұралары – сол халықтың тарихи дамуының, өркендеуiнiң жемiсi. Бiздiң зертеу жұмысымызға нысан болған ХIII-ХIV ғасыр жазба ескерткiштерi Алтын Орда дәуiрiнде жазылған аса құнды ескерткiштер болып табылады. Алтын Орда мемлекетiнiң негiзгi тiлi – түркi тiлi болды. Бiрақ Алтын Орда дәуiрiнiң халықтық тiлi де, әдеби тiлi де бiркелкi жүйелi сипатта болған жоқ. Ақсүйектер ұйғыр жазуы мен араб жазуына негiзделген әдеби тiлдi пайдаланды. Алтын Орда әдеби тiлiнде, көбiнесе, қыпшақ тiлiнiң элементi басым болды. Жазба ескерткіштердің табылуы мен ғылыми әлемге танылуы, мазмұнының әр түрлі басылымдары, зерттелу тарихы, бұл ғылыми мұралардың ескі жазба ескерткіштерінің ішінен алатын орны, қазіргі қазақ тілінің қалыптасу тарихына байланысты мәселелері секілді әр алуан проблемалар туралы сөз болады. Ғалымдар жазба ескерткiштердiң тiлiн зерттей келiп, қазiргi қазақ тiлiнен онша алшақ емес деп тұжырымдайды.
Қазiргi қазақ тiлiнiң қалыптасуы мен дамуындағы тарихи процестердi ашып-айқындау – бүгiнгi күннiң өзектi мәселесi. Орта ғасыр ескерткiштер тiлi мен жаңа тiлдiң сабақтастығын айқындауда және оларға лингвистикалық тұрғыдан баға беруде ХIII-ХIV ғасыр жазба ескерткiштерiнiң маңызы зор.
Қазақ әдеби тiлiнiң бастау көзi ретiнде ХIII-ХIV ғасыр жазба ескерткiштерiнің мәнін зерттегенде ондағы құбылыстарды диахрондық тұрғыдан да, синхрондық тұрғыдан да қарастыру қажет. Осы мақсатта ХIII-ХIV ғасырдағы жазба ескерткiштер тiлiндегi есiм сөздердiң жасалуы жан-жақты қарастырылды. Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің өзіндік жасалу тәсілдері сипатталды. Жазба мұрағаттар тілінде синтетикалық тәсіл арқылы есім сөздердің жасалуы ең негізгі әдістердің бірі екендігі дәлелденді.
Еңбекте ғалымдар тарапынан есім сөздерге берілген анықтамалар көрсетілді. Есім сөздердің жасалуы, грамматикалық тұлғасы, өзіне тән белгілері ерекшеленеді. «Кодекс куманикус», «Мухаббат-наме», «Хұсрау уа Шырын», «Нахдж - ал – фарадис», «Гулистан бит-түрки» ескерткіштер тілінің сөздік қоры жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздерден тұрады. Оларды қазіргі қазақ тіліндегі баламаларымен салыстырғанда формалық жағынан аздап ерекшеліктері болғанымен, мағыналық жақтан басым көпшілігі үйлесіп келеді және туыстас түркі тілдерінде де өз мағынасын сақтай алған.
Қорыта келгенде, қазiргi түркi тiлдерiндегi есiм сөздердiң өзiне тән мағынасы, морфологиялық көрсеткiштерi, сөзжасамдық тәсiлдерi мен синтаксистiк қызметi жағынан дараланған, тiлдiк жүйеде өзiндiк орны бар. Бiздiң зертеу жұмысымызда, Алтын Орда дәуiрiндегi жазба ескерткiштердегi есiм сөздердiң жасалу жолдарын анықталып отыр.
Қазақ тiлiндегi есiм сөздердiң жасалуы мен көне жазба ескерткiштердегi есiм сөздердiң жасалу жолдары салыстырылып қарастырылған. Әр сөзге берiлген анықтамада ол сөз жан-жақты қарастырылып, зерттелiп берiлдi. Лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасы түгелдей есепке алынды. Жұмыста ХIII-ХIV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тілі мен қазіргі қазақ тіліне ортақ есім сөздердің морфологиялық ерекшеліктері айқындалды, ұқсастықтары мен айырмашылықтары ғылыми негізде түсіндірілді.
Жазба ескерткiштердегi сөздер көбiнесе бiр мағыналы болып келедi де, номинативтi қызмет атқарады. Әр лексеманың қалыптасу жолы мен құрылымдық жүйесi де назардан тыс қалған жоқ.
Тiл бiлiмiнiң қай саласын алсақ та, оның зерттеу обьектiсi я тiкелей, я жанама түрде сөзге келiп тiреледi. Сөздiң лексикалық мағынасы ешбiр контекссiз-ақ жазба ескерткiштерде негiзгi сөз ретiнде қызмет атқарып, оның мағынасы анықталады.
Әрбiр сөзге берiлген анықтама мен түсiнiктемелерде ең әуелi сөздiң негiзгi түбiрi туралы, одан кейiн туынды түбiр жайында сөз болады да, оның грамматикалық форманттарының тұлғасы мен мағынасы, яғни атқаратын қызметi көрсетiледi. Негiзгi түбiрлер көп кездеседi, туынды түбiрлер одан гөрi аздау, ал грамматикалық қосымшаларымен тұлғаланып келетiн сөздер сирек ұшырасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет