Ќазаќстан Республикасы Бiлiм жєне Ѓылым Министрлiгi


ІІ.4. ЕСКЕРТКІШТЕГІ ЕСІМДІКТЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ



бет9/11
Дата06.03.2024
өлшемі314 Kb.
#494495
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дип.-КӨНЕ-ТҮРКІ-ХIII-ХIV-ғасыр-ЖАЗБА-ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ-ЗЕРТТЕЛУ

ІІ.4. ЕСКЕРТКІШТЕГІ ЕСІМДІКТЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ
Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады. Жазба ескерткіштер тілінде де осы мағынада қолданылады. Мысалы, Өзүң һәм өлүмдін ермаз азад - Өзің де өлімнен емессің азат (ХШ), Біл өз айбуңны күлдүрма өзүңга - Біл өз айыбыңды, күлдірме өзіңе (ХШ), Қолұм сым алмаңызға йетмады һеч - Қолым сенің алмаңа еш жетпеді (Мн, 110), Айағың кімки өпса мөңгү йашар - Аяғыңды кім өпсе, сол мәңгі жасайтындай (Мн, 121), Сәламымны текүр ол көркка байға - Сәлемімді жеткіз сол көрікке байға (Мн,131) деген сөйлемдердегі есімдіктердің қайсысының болса да мағынасы нақтылы емес. Соңғы сөйлемдегі сол деген сөзден тек бір адамның барлық афоризмін білетінін ғана аңғартамыз.
Түркi тiлерiнде есiмдiктердiң төмендегiдей түрлері кездеседi:

  1. Жiктеу есiмдiктерi. Түркi тiлдерiндегi жiктеу есiмдiктерi саны және тұлғалық өзгешелiктерi жағынан қазiргi қазақ тiлiндегi жiктеу есiмдiктерiне жақын болып келедi. Қызметі жағынан есімдіктердің ішінде ең жиі қолданылатыны - жіктеу есімдігі. Жіктеу есімдігі үнемі жақтық ұғыммен байланысты болып келеді. Сол себептен де олар ылғи адаммен байланысты болып келеді. Жіктеу есімдіктерінің белгілі бір жақсы нақтылы етіп көрсетуі әрқашан сөйлеуші адаммен тығыз байланыста болады, демек, сөйлеушінің өзге адамдарға қатынасы қай дәрежеде болғандығына орай және соған лайықты анықталып отырылады. Мысалы: Бұғдай көргәзіб, арпа сатар ол – Бидай көрсетіп, арпа сатар ол /ХШ Сен аны тап(ма)саң, сенек иін (ійін) илегіл – Сен оны таппасаң, сенекиін илегін /КК 41/, Меңа сенсіз өлүмдүр бұ – хайатым – Сен болмасаң, өлімге бел буғанмын /Мн 145/, Йырақлық бірла мен сізні ұнытман – Жырақта жүрсем де мен сені ұмытпан /Мн 146/, Рақыбың дүр тікан, сіз таза гүлсіз – Күндестерің –тікен, сіз – таза гүлсіз /Мн 162/, Мен әсрү би науа, сіз мұхташамсыз – Мен аса бақытсызбын, сіз бақыттысыз /Мн 223/, Меңа дұзах ерүр ұжмақ сенсіз – Мен үшін жұмақ та тозақ сенсіз /Мн 247/, Чечек сен, бәнда сайрар бұлбұлұңдүр – Сен шешексің, бендең –сайрар бұлбұлың /Мн 263/, Өлмәс ол ер кімде болса бу сифат – Ол сипатты ер еш уақытта өлмес /Г/, Бұ кітап бағбаны ол әдіб – «Гүлстанның» бағбаны ол – жазушы /Г/, Мен өлтүрдүм, деді түлкү, мені қой – Мен өлтірдім, деді түлкі, мені қой /ХШ/, Ағар болса, сан андын йахшы сақлан – Егер болса, сен одан жақсы сақтан /ХШ/, Булар айбын йабар көркі білің сіз – Олардың айыбын жабар көркі, біліңіз /ХШ/.

Жіктеу есімдіктерінің ІІ жақ сіз сөзі жайлы М.Қашқари былай деп жазды: «Сіз - үлкендерді құрмет тұтқанда сен мағынасында айтылатын сөз. Дұрысында мұның мағынасы сіздер деу. Кішілерге сен делінеді». Бұған қарағанда, түркі тілдерінің кейбірінде сіз есімдігі әрі сыпайы, әрі көптік, құрметтілік мәнді беретін сөз есебінде қолданылса керек. Осы екі мән де соңғы з арқылы берілген. Бұл сөздің көптік мәні тілімізде жіктік жалғаудың І жағында (-мыз) ғана сақталса керек.[1]

  1. Сiлтеу есiмдiктерi. Жазба ескерткiштерде есiмдiктер мынадай болып көрiнiс табады: ол, шол-сол (Мн), бу-бұл (ХШ), булар-бұлар (ХШ), Будавләтсіз улулуқ қылса болмаз – Бұл дәулетсіз ұлықтық қылса болмас /ХШ/, Ніча бу дуниа қадғусын йерүрсан – Бұл дүние қайғысын көп-ақ жерсің /ХШ/, Қары хатунтег ол бу дуниа маккар – Кәрі қатындай бұл дүние алдамшы /ХШ/, Сәламымны текүр ол ділсітанға – Сәлемімді жеткіз, сол еркімді алған /Мн 130/, Сәламымны текүр ол көркка байға – Сәлемімді жеткіз сол көрікке байға /Мн 131/, Көзүңдін салма бұ мүскін кәданы – Көзіңнен сырт қалдырма бұл мүскіннің қапасын /Мн 165/ Сілтеу есімдіктерінің ішінде ең көп кездесетіні бу есімдігі. Жазба ескерткіштердің барлығында да соңғы л дыбысы айтылмайды. Жазба ескерткіштерде сұрау есімдіктері сан жағынан сол және ең жиі қолданылатын есімдіктердің бірі.

  2. ХІІІ – ХІV ғасыр жазба ескерткіштерінде сұрау есiмдiктерi өте көп кездеседі. Сұрау есімдіктері: қачан-қашан (Мн), неча-қанша (Мн), нiча-қаншама (ХШ), нечiк-неге (КК). Сұрау есiмдiктерiнiң барлық түрлерi кiм? не? қай? деген үш түрлi түбiрден өрбiген.

  3. Өздiк есiмдiктерi: анұң-өзiң (Мн), өзүң-өзiң (ХШ), кенсi-өзi (КК), кентi-өзi (КК). Бұлардың iшiнде ең көп ұшырасатыны анұң болып келедi. Өздiк есiмдiктер әр алуан формада тұрып, түрленiп келiп те айтыла бередi: өзүм-өзiм, өзгече-өзгелер.

  4. Белгiсiздiк есiмдiктерi. Кейбiр сұрау есiмдiктерi өзiнiң бастапқы мағынасынан ажырап, белгiсiздiк есiмдiктердiң қызметiн атқарады. Олардың негiзгiлерi мыналар: кiм-кiм (Мн), кiмсе-бiреу (ХШ), бiр-белгiсiз бiр нәрсе (ХШ).

  5. Болымсыздық есiмдiктерi жазба ескерткiштерде мынадай болып кездеседi: ғеч-еш (Мн), ғiч-еш (ХШ), йоқ-жоқ (КК), ғеркез-еш уақытта (Мн). Болымсыздық есiмдiктердiң өз көрсеткiшi ғеч, ғеркез сөздерi – парсы тiлiнен ауысқан.

  6. Жалпылауыш есімдіктері жазба ескерткіштерде бірен – саран ғана сөздер кездеседі. Олардың барлығы дерлік біздің тілімізде бар. Бірақ олардың фонетикалық өзгешеліктері болмаса, дәл біздің тіліміздегідей. Жалпылау есiмдiктерi: барча-бәрi (ХШ), бары-бәрi (Мн), Қәр-әр (ХШ).

Түркi тiлiндегi жазба ескерткiштерде есiмдiктер осы секiлдi болып келедi. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылықтары да жоқ емес. Олардың бiр-бiрiнен ең басты айырмашылығы фонетикалық өзгешелiктерiнде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет