Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Лекция№5. Мемлекеттік басќарудыњ мазм±ны



бет16/52
Дата20.05.2022
өлшемі1 Mb.
#458059
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
мемлекет кызм баскару

Лекция№5. Мемлекеттік басќарудыњ мазм±ны.


Жоспар

1. Мемлекеттік басқару саясаты және мақсаттары.


2. Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымы.
3. Мемлекеттік басқарудың әдістері мен нысандары.


Лекцияның мәтіні:


Мемлекеттік басқару саясаты және мақсаттары.
Саясат сөзі (гректің polis – мемлекет, politika – мемлекет істерін жүргізу) жалпы ұғымдық түсінікте класстар, ұлттар және басқа да әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды қамтитын мемлекеттік қызмет саласы болады. Қоғамның саяси өмірінің ядросы болып басқару ортасы мүддесіндегі билікке күресте, сондай-ақ мемлекет істерін басқаруға, мемлекеттік қызметтің мақсатын, мәселелерін, функцияларын, әдістері мен нысандарын анықтауға қатысуын қамтиды.
Мемлекеттік саясат – көпшекті ұғым, өзінің мәні бойынша мемлекеттің өзі мен қоғамның терең процесстері мен жағдайын бейнелейді. Әсер ету масштабы бойынша мемлекеттік саясат барлық қоғамды, оның өмірлік қызметін негізгі салаларын қамтиды. Ол соңғы есептегі экономикалық, саяси, әрбір адамның рухани және басқа құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін қоғам дамуының стратегиялық бағыттарын іске асыруын және жасап шығаруын болжайды.
Мемлекеттік басқару тәжірибесі (мақсатты бағытталған процесс ретінде) саяси режимде – мемлекет сипаттамасының маңызды қасиеттері мен шектерінде көрініс табады. Саяси режим түсінігі басқару ортасы тарапынан мемлекеттік биліктің тәжірибелі жүзеге асырылу әдістерімен, құралдарымен, әдістері жиынтығымен, ең бастысы мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасымен байланыстырамыз. Бұл орайда айта кететін жай Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесіндегі саяси мемлекеттік қызметшілер тобының бөлініп шығатындығын ескеру керек, ол қызмет түрі – саяси –анықтаушы сипатқа ие және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда жауапты болады. Заңдармен саяси мемлекеттік қызметшілердің қызметтік реестерді сондай-ақ берілген мемлекеттік қызметшілер категориясына шараларды қолдану тәртібі бекітілген. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге келетін болсақ, олардың қызметі мемлекеттік басқарудың саяси мақсаттарын тәжірибелі жүзеге асырылатын басқару қызметін ұйымдастырумен тікелей байланысты.
Мемлекеттік басқарудың мақсаттары басқарылатын обьектілердің болашақтағы кескінін бейнелейді. Бұл жолды сөзсіз басқару мақсатын құрастырумен және құралдарын іздеумен байланысты субьективті сипаттың белгілі-бір қиындықтары болады.
Болашақтағы актілердің тек қана обьектілердің идеалды жағдайы, оны нақты айтуға болмайды. Сондықтан да мемлекеттік басқарудың мақсаттары болжамдау сипатына ие. Осыған байланысты басқару субьектілерінің қойылған мақсаттарын нақтылауға жауапкершілігі мен ролі, саяси мақсаттары мен міндеттері және қоғам дамуының стратегиялық бағыттарын жүйелейтін және жасап шығаратын тұлғалардың кәсіпқойлық деңгейінің ролі өседі.
Стратегиялық мақсатпен қамтылған перспективаларға жету олардың ұзақ мерзімді басымдықтағы мақсаттары мен жолдарын іске асыруды нақты құрумен байланысты Президенттің Қазақстан халқына жолдауында мынадай мақсаттар мен ұзақ мерзімді басымдықтардың жетеуі көрсетілген:

  1. Ұлттық қауіпсіздік. Бұл жерде мақсат Қазақстанның тәуелсіз, аумақтық тұтастығын сақтауда егеменді мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.

  2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның консалидациясы. Бұл жағдайда ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтау мен бекіту мақсаты қойылады, бұл Қазақстанға алдағы және соңғы 10 жыл ішінде ұлттық стратегияның өмірін құруға мүмкіндік береді.

  3. Шетел инвестицияларының жоғары деңгейімен және шекті салымдарымен ашық нарықтық экономикаға қаланған экономиаклық өсу. Бұл жердегі мақсат экономикалық өсудің шынайы, нақтылы және өспелі ырғағына жету.

  4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы және сәттілігі. Қойылған мақсаты – қазақстандықтардың барлығының өмір сүру жағдайларының денсаулығын, білім алуын және экологиялық ортасын әрдайым жақсартып отыру.

  5. Энергетикалық ресурстар. Бұл бағыттағы мақсат – экспорттағы мұнай мен газды өндірудің тез, жылдам жүргізу жолымен республиканың энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану. Кірістерді алу халық өмірінің жақсаруына және экономикалық өсудің нақтылануына әрекет етеді.

  6. Инфрақұрылым, әсіресе транспорт және байланыс. Мақсаты – ұлттық қауіпсіздіктің, саяси тұрақтылық пен экономикалық өсудің бекітілуіне әсер ету үшін осы экономикалық секторларды дамыту.

  7. Кәсіпқой мемлекет. Қойылатын мақсат – басымдық мақсаттарына жетудегі халық өкілдері ретінде қабілетті және өз ісіне берілген республиканың мемлекеттік қызметкерінің тиімді және қазіргі заманға сай корпусын құру.

Мемлекеттік басқару мақсатының жүйесі басқару обьектілерінің қасиетті ерекшелігі мен табиғатында шынайы болуы тиіс және өзінде аталған обьектілердің даму қажеттіліктерінің құрылымын құруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет