Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Адам - әлеуметтік жүйенің негізгі элементі



бет13/52
Дата20.05.2022
өлшемі1 Mb.
#458059
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52
мемлекет кызм баскару

Адам - әлеуметтік жүйенің негізгі элементі.
Адам – абстрактілі нәрсе емес, ол нақты қоғамда әртүрлі тарихи даму процесінде өмір сүреді, белгілі бір әлеуметтік отанын құрылуына жатады (ол класс, ұлт). К.Маркс былай деп жазған: “адамның асылы ол әр адамға жеке тән абстракті емес, ол өзінің қызметінде барлық қоғамдық қарым-қатынастың жиынтығы болып келеді. Бұл жерде адамның маңызды белгісі ретінде әлеуметтік қызмет болып келуі. ҚР мысалында белгілі бір адамның қалыптасуында әлеуметтік – экономикалық пен саяси өзгерістердің арқасында қандай да бір байланыста екенін көруге болады. Қазақстан Республикасының Президентінің 2030 халыққа арнаған жолдауында жас мемлекеттің даму кезеңінде және жаңа болашақ адамдардың дамуы туралы былай делінеді: “Біз болашақта балаларымыздан жоғары деңгейдегі білікті жұмысшылар, фермерлер, инженерлер, банк басшылары және мәдени саладағы қайраткерлер, дүкен иегерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, завод және фабрика иелері, биржалық маклерлер және спортшыларды күте отырып, олар мұнайдың көздерін тауып, ток электрожарығын шығарып, азық-түлікті шығарып әлемдік экономиканы осылармен қамтамасыз етеді. Біздің болашақтағы балаларымыз мемлекеттік қызметке қызмет істейді. Олар жаңа тарихи кезеңде жұмыс жасайды. Олар Қазақстан мен қазақ халқының мүддесін басқа мүдделерден жоғары қойып, жоғары деңгейде білім алған жоғары жалақы алатын мамандар бола алады” – делінген.
Жеке тұлға – ол адамның биологиялық, әлеуметтік және рухани қасиеттерінің органикалық қосындысының арқасында – біртұтас, басқару жүйесінен тұрады. Бұл жерде айта кететін жәйт, азаматтардың іс әрекетіне әсер ететін бірден-бір басқару олардың сыртқы ықпалымен реттеуге бейімделуіне, ол ерікті (саналы) адамдардың мінез құлқы болып келеді. Ал қалған басқа іс әрекеттер түрлері (интинсивті және т.б.) басқарудың ықпалына ырық бермейді. Бірақ бұл деген адамдардың іс-әрекетінің биологиялық өмір сүру табиғатына мемлекет санаға әсер етеді екен деген сөз емес.
Әр адам Конституцияға сүйеніп, өзінің құықтарын қорғауға және ерікті болуына, заңға қайшы келмейтін өзін құқық субьектілі екенін сендіруге құқылы. Азамат пен адамдардың құқығы мен бостандығын сақтауда олар басқа адамдардың құқығы мен бостандығына қол сұғуға болмайды және қоғамдық сана мен конституциялық құрылысқа қол сұғуына болмайды (ҚР Конституциясы 12-бап, 5-тармақ).
Құқық субьектілік дегеніміз –ол субьектінің құқығы (адамның, азаматтың құқығы мен заңды міндеті бар және құқықтық қатынастарға толық қатыса алатын заңды тұлға. Сонымен қатар, бұл субьекттің өзінің іс-әрекеттерінің субьектілік құқығы мен заңды міндетін құқықтық қатынастарды көрсете алатындығын білдіреді.
Азаматтардың субьективтік құқықтары мен заңды міндеттері көлемдері мен санына қарай жалпы және арнайы құқықтық статус болып бөледі. Заңға сүйене отырып, субьектілік құқықтар мен міндеттерін статустық деп айтуға болады (ол нақтылы құқықтық қатынастардағы субьект құқық пен міндеттерден бөлек алғанда), олар азаматтың құқықтық мәртебесінің негізін қалайды. Азаматтарға мемлекеттік ықпалға түсетін обьект ретінде және құқық субьектісі ретінде құқық субьектіліктің жалпы критерийлері қолданылады, ол: жасына қарай, шеберлігіне, әлеуметтік жағдайына қарай бөлінеді. Бұл жерде адамның іс әрекеті әр түрлі құқық қатынастарына қатыса алатындығы туралы айтылады.
Азаматтардың жасына қарай қоғамның әр түрлі саласында құқық субьектісі екендігін бір жасқа толғанын білдіре алады. Ол дегеніміз азаматтың туылған мезгілінде оның құқық субьектісі екенін білдірсе, ал қайтыс болғанда ол толығымен жойылатынын, сонымен қатар азаматтың қабілеттілігі азамат 18 жасқа толғанда, яғни кәмелетке толғанда атқара алатындығы туралы айтылған (ҚР Конституциясы 17-бап, 1-тармақ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет