Лекция№6. Мемлекеттік тұрғыдағы шешім шығару.
Жоспар
Нормативтік ќ±ќыќтыќ актілердіњ т‰сінігі жєне жіктелуі.
Нормативтік ќ±ќыќтыќ актілердіњ жобасын жоспарлау, дайындау, келісу.
Нормативтік ќ±ќыќтыќ актілердіњ реквизиттері, мєтінін жасау стилі мен ќ±рылымы.
Лекцияның мәтіні
Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі және жіктелуі.
Нормативтік құқықтық актілер деп – құқықтық нормаларды белгілейтін, сондай-ақ олардың өзгертілуін, тоқтата тұруы мен тоқтатылуын белгілейтін референдумда не құзіретті органмен немесе мемлекеттік лауазымды тұлғасымен қабылданатын белгіленген нысандағы арнайы жазбаша құжат түсініледі. Мемлекеттік шешімдердің сипаты бойынша оның иерархиясына байланысты нормативтік құқықтық актілер жүйесінің құрылу ерекшелігі; оған сәйкес актілерді қабылдауға құқығы бар құзыретті органның өкілеттігі; актілерді жариялаудың белгіленген тәртібі; жергілікті норма шығарушылық тағы басқа актілерді халықаралық – құқықтық акті ретінде есептеу ерекшеліктері ескеріледі. Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы деп – оның заңды күшіне байланысты бөлінуі мен ара - қатынасы түсініледі. Мысалы: Біз Конституцияны ҚР-дағы ең жоғары заң күшіне ие нормативтік құқықтық акт деп айтамыз.
Қабылданатын және әрекет ететін мемлекеттік шешімдер мынадай негізгі конституциялық жағдайларға негізделуі тиіс:
1-ден. Конституция жоғары заң күшіне ие және республиканың барлық территориясында тікелей әрекет етеді;
2-ден ҚР мен таррификацияланған (бекітілген) халықаралық шарттар не келісімдер заң алдында мәртебеге ие және тікелей қолданылады.
3-ден Қатысушысы ҚР болып табылатын барлық заңдар мен халықаралық шарттар жарыққа шығарылады.
Құқықтық нормативтік актілер негізгі және өндірісті болып бөлінеді.
Негізгілерге: Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар, ҚР Президентінің жарлығы және конституциялық заң күші бар жарлықтары жатады; Парламент пен оның палаталарының қаулылары; ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары, ҚР Жоғары Соты, орталық сайлау комиссиясы мен Конституциялық Кеңестің қаулылары, жарлығы; орталық мемлекеттік органның нормативтік қаулылары; министрлер мен басқа да орталық мемлекеттік орган басшыларының нормативтік бұйрықтары; мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері жатады. Ал өндірістік нормативтік құқықтық актілерге әртүрлі ережелер, регламенттер, инструкциялар жатады. Олар негізгі актілер негізінде жасалады және бүтіндей сонымен бірге бекітіліп қолданылады.
Мемлекеттік шешімдер жүйесінде заң шығарушы актілер ерекше орын алады. 24-наурыз 1998ж. “Нормативтік құқықтық актілер туралы” ҚР Заңына сәйкес заң шығарушы актілер таратуына; конституциялық заңдар, ҚР Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтары, ҚР Кодекстері; ҚР Парламент қаулылары; Парламенттің Сенаты мен Мәжіліс қаулылары жатады.
Заңдар мемлекеттік шешімнің ерекше түрі болып табылады. Заңның көмегімен мемлекет пен қоғам үшін маңызды қоғамдық қатынастардың елеулі бағыттаушылық реттелуі жүзеге асырылады. Президенттің нұсқаулары Конституция, Заңдар мен Президент жарлығы негізінде жасалып орындалады. Нұсқаулар мен әкімшілік реттеушілік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер шешіледі.
Заңға тәуелді актілер деп – заң шығарушы болып табылмайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер түсініледі. Оған: ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары, министрлердің нормативтік бұйрықтары, басқа да орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары мен қаулылары; маслихаттар мен әкімдердің шешімдері жатады. Заңға тәуелді актілер 2 түрлі негізгі белгімен сипатталады: 1-ден Олар заңға қайшы келе алмайтын және заң шеңберінде әрекет етеді; 2-ден Олар заңдардың орындалуын ұйымдастыруға бағытталған.
Өндірістік нормативтік құқықтық актілерге:
Регламент
Тәртіптік ереже
Ереже
Инструкция жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |