Мемлекеттік қызмет реформасын құқықпен реттеу.
Мемлекеттік қызмет реформасының дамуы мен оның бөлімшелерін құқықпен қамтамасыз ету құқықтық сасясаттың концепциясында негізге алынып, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26-қыркүйектегі №949 Жарлығымен мақұлданған. Концепция мемлекеттік бағдарламаның орындалу қорытындысын көрсетеді, сонымен бірге жаңа мемелкеттік қызметтің пайда болуы мен оның құқықтық базасын көрсетеді. Ең үлкен жетістік деп мемлекеттің конституциясының қабылданғанын айтуға болады, ол қоғам мен мемлекеттің стратегиялық дамуын анықтады, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын орнықтырды, сонымен бірге жаңа мемлекеттік институттардың жүйесін қалыптастырды.
Бұл бағытта толыққанды мынадай негізгі принциптер бектілуі тиіс:
Заңдылық. Конституция мен заң нормаларына сәйкес қолданылуы сақталуы, сонымен бірге нормативтік-құқықтық актілерге заңды негіздер;
Адамның құқығы мен бостандығының басымдығы. Адам мен азаматтың мемлекет мүддесінің алдщында құқығы мен бостандығының жоғары деңгейде болуы. Бұл орайда адамның құқығының басымдылығы мемлекетпен қоғамның мүддесімен бірдей ескерілуі қажет.
Гуманизмдік. Бұл орайда тұлғаның жоғары қажеттілікті ескеруі, оның еркін даму құқығы және іскерлігін көрсету қоғамдық қатынастағы индивид ретінде жоғары сапалы баға ретінде бекітілуі;
Қазақстандық патриотизм. Бұл қазақстандықтардың Отанға деген сүйіспеншілігін, берілгендігін әр уақытта көтеріп отыру;
Мемлекеттік қызмет түрі заңда кадрлар саясатының негізгі түрі болып келеді., ол қазіргі жаңа бастамалар, қағидалар және басымдықтар, ол мемлекеттік қызметтің нақты элементтері ретінде ашық құқық институттары ретінде іріктеледі (кадрларды іріктеу, қызметтен өту). Мемлекеттік қызметтің түрі заңды кадрлар мүмкіндігі, жоғары кәсіпқойлық деңгейде мемлекеттік қызметті ұйымдастыруда құқықтық негіздерді жетілдіру, қабылданған шешімдердің сапасын жақсарту келесі іс-шаралар арқылы шешіледі:
-қоғамдық қатынастар саласында жіберілетін құқықтық жетіспеушіліктерді реттеу және толықтыру;
- халықтық қауіпсіздік мүдделеріне сай жаңа ғылыми заң жобаларын өткізуде тәжірибені жалғастыру және кеңейту;
- заңды қалыптандыру мақсатында пайдаланатын бірыңғай тізбе терминдері мемлекеттік және орыс тілінде болуы;
- барлық қабылданған заңдардың тиімді қолданнуына жағдай жасау және қаржымен толық қамтамасыз етілу принципін сақтау;
- әкімшілік құқық бұзушылық , коррупциялық қылмыс жасаудың алдын алу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына криминологиялық экспертиза тәжірибесін ендіру;
- заң жобалау іс-әрекетінің жоспарлауын жақсарту және перспективті жоспарлау (3жылға) тәжірибесін ендіру;
Халықтың заңның барлық массивті жүйелерін жоспарлау жұмысын болашақта жедел орынға қою ұсынылады. Бұл орайда құқықтық реттеу талабы бар қоғамдық қатынастарға ғылыми талдау жүргізілуі қажет. Бұндай ғылыми талдау мемлекеттік органдардың норма шығарушылық іс-әрекетіне өзінің үлкен әсерін тигізеді, себебі ол қоғамдық қатынастың қоғамға қажеттілігі мен құрылымын анықтайды, заңмен реттелмеген және әр түрлі деңгейдегі реттеуді талап етеді.
Басқару қатынастарын дайындау және шешу кезіндегі әкімшілік құқықтық процедураларды жетілдіру ол жергілікіті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің қабылдау сатысына да байланысты. Соынмен бірге заңның нормаларын қолдануда қосымша жағдайлар қарастырылған. Ол жергілікті мемелкеттік органдардың актісі міндетті тіркеуден өтуі, оның жалпыға бірдей мағынасы бар ведомствааралық сипаттамасы немесе азаматтардың құқығы, бостандығы мен міндеттері жайлы.
Қызметті ұйымдастыру проблемасы қорытындылауды қажет етеді және мемелкеттік секторда оның толық құқықпен қамтамасыз етілуі қажет. Бұл орайда әңгімені тек мемлекеттік қана емес, сонымен бірге азаматтың қызметті туралы болып отыр, ол бюджет саласындағы қызметкерлерді қамтиды. Бұл қызметкерлердің мемлекеттік функцияларын орындауы әлеуметтік салада азаматтың қызметтік кадрларды жалпы басқару жүйесін мемлекет көлемінде кіріуін қамтамасыз етеді. Бұл мәселелердің заң деңгеейінде шешілуі азаматтардың конституциялық құқығын мемлекет ісінде жүзеге асыруға көмегін тигізер еді және үміткерді мемлекеттік қызметке қойылған барлық талаптарына кәсіпқойлық дайындығы мен жақсы мамандарды іріктеуде көп септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |