Лекция№15. Мемлекеттік қызмет реформасы.
Жоспар.
1.Мемлекеттік қызмет реформасын құқықпен реттеу.
Лекция мәтіні:
Қазақстанның 2030 жылғы мерзімге дейін дамыту стратегиясының анықтаған мемлекеттік қызмет пен кадрлар сасясатын реформалау негізгі ойы жатыр. Бұл саяси қажетті құжатта басымдылық бағыт пен мемлекеттік қызметкерлердің жаңа ұрпағының корпусын дайындаудағы бірыңғай бағыты анықталған, олардың кәсіби деңгейіне қойылатын талаптар қазіргі заманға сай және қажетті деп есептелетін мемлекеттік аппаратта жұмыс жасайтын қызметкерлерді іріктеу мен оқыту көрсетілген. Реформаның басты мақсаты – Қазақстан үшін мемлекеттік қызметті басқарудың құрылымын жаңаша да тиімді түрін қазіргі нарықтық экономикаға бірден бір оптимальды болуын қамтамасыз ету. Бұл мақсат келесі міндеттердің шешімінің қорытындысынан шығады:
мемлекеттік аппараттың кадрларын іріктеу жүйесін және тиімді пайдалануын жетілдіру;
мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру және іріктеу жүйесін жақсарту;
жалпы мемлекеттік басқару жүйесін мемлекеттік қызметкерлер кадрымен толықтыру;
мемлекеттік аппаратта жемқорлықпен күрес жүргізу;
мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік-құқықтық кепілдігін көтеру;
Қазақстан 2030 даму стратегиясында кадрларды дайындау және көтермелеу мемлекеттік басқаруда аса маңызды реформалау бағыттарының бірі болып табылады. Стратегиялық міндеттің ең негізгісі болып мемлекеттік қызметтің құрылуы және оның жоғары абыройы қойылған. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет болып қалыптаса бастау мен дамуы кезеңінде мемелкеттік қызметтің кәсіби негізі қаланған: «Кәсіпқойлық, патриоттық, талаптарды ұзақ уақытқа қоя білу, оларды жаңа кезеңде жігеріне қарай шеше алуы – бұл кадрларды іріктеу мен көтермелеудің ең басты түрі болып табылады.
Мемлекеттік аппараттың радикальды жаңаруына әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу үшін азаматтардың міндетті түрде іріктеуден өту конкурсы өте қажетті шарт. Кадрлар саясаты азаматтардың конституциялық құқықтарын орындау механизмін жетілдіруге көзделген және азаматтардың мемлекеттік қызметке қоғамның барлық бөліктеріне тепе-тең құқығы бар.
Республика азаматтарына арналған ашық, дауысты конкурстар туралы мемлекеттік органдардағы лауазымды бос орындар туралы ақпаратты кез-келген уақытта ала алады (үміткердің кәсіпқойлық деңгейі, жалақының көлемі және т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |