Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



бет7/52
Дата20.05.2022
өлшемі1 Mb.
#458059
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52
мемлекет кызм баскару

Лекция №2: Мемлекеттік басқарудың қағидалары.

Жоспар


1. Мемлекеттік басқарудың қағидаларының мәні мен жіктелуі.
2. Мемлекеттік басқарушылардың Конституциялық негізгі қағидалары.
3. Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары.


Лекцияның мәтіні
Мемлекеттік басқару қағидаларының мәні мен жіктелуі.
“Қағида” ұғымы (латынның – бастау, негізгі деген сөзінен шыққан) адамның негізгі тәртіп ережесі, бастапқы, басшы идея дегенді білдіреді. Қағида өзіне мемлекеттік басқарудың мәндік қасиеттерін таңдайды және соның құрамынан бөлініп шығады. Осыған сәйкес мемлекеттік басқару қағидасы мемлекеттік басқару жүйесі құрылымдық элементтерінің ішкі келісімі мен мәнін білдіретін, негізгі басшылық бастамасы болады. Мемлекеттік басқарудың мәні мен жіктелуі бір жағынан ҚР әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуының жалпы заңдылықтарын, екінші жағынан – мемлекеттік басқарушылық саладағы обьективтік процесске негізделеді.
Мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде қағида заңдарда белгіленіп, бекітілуі тиіс. Тек осындай кезде ғана олар басқарушылық тәжірибе үшін міндетті заңды мәнге ие болады.
Басқарудың құқықтық (міндетті) қағидаларды басқарушылық жағдайдағы заңдылықта жүзеге асқан болып табылады. Бұған дәлел ретінде ҚР Конституциясының 1-ші бабының 2-ші тармағында бекітілген: қоғамдық келісіммен саяси тұрақтылық, бүкіл халық игілігі үшін экономикалық өркендеу, қазақстандық патриотизм.
Республикалық референдум немесе Парламенттегі дауыс беруді қоса, мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу қағидалары мысал бола алады. Ары қарай, Конституцияның 2 – тарауы “Адам және азамат” бөлімінде (33 бап) басшылықтағы идея азаматтардың мемлекетті басқару істеріне қатысу құқығына, мемлекеттік қызметке кіруге теңдей құқық және т.б. негізделген.
Мемлекеттік басқару қағидаларының жетекші ролін төмендегі негізгі позицияларда айқындауға болады:
Қағидалар басқару тәжірибесі үшін арнайы болжам ретінде қызмет етеді, немесе олар заңдық актілерде бекітілген және басқарушылық қатынастарының қатысушыларының тәртібі мемлекеттік құрылыстың мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік қызмет ұйымдарының реформалауының басқарушы идеяларына сәйкес бағыттайды;
қағидалар басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеу үшін алғашқы негіз болып табылады. Бұл ретте қағидалар құқықтық нысанда мемлекеттік басқарушылардың мәні мен мазмұнын айқындайды, сондай-ақ заң шығарушыларды жаңа заңдарды қабылдау мен шығару кезінде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру мәселесі бойынша осы басқарушы идеялардың іске асырылу механизмін көздеуін болжайды
қағидалар мемлекеттік басқарудың құқықтық дағдысына тұрақтылық береді. Бұл әсіресе ҚР –да нарықтық қатынастарда құру мәселесіне өте маңызды. Қоғамдық істерді басқару саласындағы басқарушылық идеялар заңдарды бекіте отырып мемлекет осылайша өзінің бүкіл мемлекеттік басқару механизмі үшін алғашқы құқықтық негіз құруды сонымен қатар басқарудың қоғам өміріндегі жеке салаларын құруды қамтамасыз етеді (экономика, әлеуметтік және әкімшілік саяси құрылыс саласын);
басқару қағидалары мемлекеттік қызметшілер мен басқа да лауазымды тұлғаларға, мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне, кәсіпорындар мекемелер ұйым азаматтары мен ұжымдарына тәрбиелік әсерін тигізеді. Басқарушылық қатынастарды тараптар әрекеттегі заңдардың мағынасын анықтай отырып және нормативтік құқықтық актілердегі мемлекеттік басқару қағидаларын игере отырып, сонда көрсетілген тәртіп ережелеріне ерікті түрде бағынады.
басқару теориясы мен мемлекеттік тәжірибеде дамуға ие болған аталған қағидалардың қасиеттері мемлекеттік басқару механизмінің фундаментальдық негізін құрайды.
Мемлекеттік басқару қағидалары өзінің мазмұны бойынша, әрекет ету саласы бойынша, мақсатты бағыты бойынша, байланыс сипатымен басқару тәжірибесіндегі көрініс нысаны бойынша әрекеті.
Бүкіл қоғам үшін әсер ететін негізгі қағидалар ҚР Конституциясында бекітілген. Олар мемлекеттік басқарудың әлеуметтік саяси мәнін бүтіндей анықтайды. Осыған байланысты мемлекеттік басқару қағидалары Конституциялық (негізгі) және салалық болып бөлінеді. Аталған екі топ қағидалары бүтіндей бір жүйені құрайды, олар өзара тығыз байланысты және бір-бірімен бүтіндей, сонымен қатар көрсетілген топтардың ішінде де әрекет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет