Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



бет4/52
Дата20.05.2022
өлшемі1 Mb.
#458059
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
мемлекет кызм баскару

Тақырыптың аты





Сағат саны

Лекция

Семи-нар

ОБСӨЖ

СӨЖ

1



Мемлекеттік басқарудың мәні, ерекшеліктері

1

1

2

2

2


Мемлекеттік басқарудың қағидалары.


1

1

2

2

3

Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

1

1

2

2

4

Әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың обьектісі ретінде.

1

1

2

2

5

Мемлекеттік басќарудыњ мазм±ны.

1

1

2

2

6

Мемлекеттік тұрғыдағы шешім шығару.

1

1

2

2

7

Әкімшілік түрде орындау тәртіптері.

1

1

2

2

8



Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету.

1

1

2

2

9

Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшеліктері.



1

1

2

2

10

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайлары.

1

1

2

2

11

Мемлекеттік қызметке кіру.



1

1

2

2

12

Мемлекеттік қызметті өткеру.

1

1

2

2

13

Мемлекеттік қызметті тоқтату.

1

1

2

2

14

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет реформасын жүргізу.

1

1

2

2

15

Мемлекеттік қызмет реформасы.

1

1

2

2




Барлығы;

15

15

30

30



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


“Сырдария” университеті


“Экономика және құқық” факультеті




“Құқық” кафедрасы


“ҚР Мемлекеттік қызметті басқару” пәні бойынша
050301 “Заңтану” мамандығының студенттері үшін

ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ


Жетісай 2007 ж.


9. лекция сабақтары.


Лекция №1: Мемлекеттік басқарудың мәні, ерекшеліктері.


Жоспары

  1. Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері.

  2. Мемлекеттік басќарудыњ негізгі белгілері.

  3. Мемлекеттік басќару механизмі: т‰сінігі, мазм±ны, ќ±рылымы.

Лекцияның мәтіні


Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері.
Әлеуметтік басқару саласындағы атақты ғалым В.Г. Афанасьевтің есептеуінше қоғамның қалыптасуымен бірге онда басқарудың екі типті факторы әрекет етіп жатыр, ол: - обьективті (санадан тыс) және субьективті (саналы), осыған сәйкес қоғамдық жүйеге басқарушылық әсерін тигізетін екі механизм бар, ол:
1) төтенше реттеу, 2) сананы басқару.
Төтенше реттеулер тек қана, егер адамдардың санасынан тыс, еркіне байланыссыз болғанда және оның күшіне ешқандай қоғамның обьективті заңдылықтары пайдаланылмайтын жағдайда жүзеге асырылады. Мұндайға, мысалы: нарықтық қатынастың даму заңдылығы жатады және оған керісінше, осы заңдарды ұғына отырып, басқару қоғамдық өмірді басқарудың жаңа сапалы түріне ие болады. Басқаша айтқанда әлеуметтік спецификаның құбылыс секілді басқару ұғымын біз міндетті түрде адамның саналы бастауы, еркімен білімімен байланыстырамыз.
Басқа қай жерде (ұжымдық) адамдардың ұжымдық ортақ, бірлескен қызметі жүреді сол жерде орын алады. Басқарудың жалпылама сипаты адамдардың алдына қойған мақсатына жетуге, шешім шығарудағы адамның келісуіне, жоспарлау, реттеудегі обьективті қажеттіліктен келіп шығады. К.Маркс жазғандай: “ Әрбір тікелей қоғамдық немесе бірлескен еңбек басқарудың көп немесе аз көлемін талап етеді, себебі ол жеке жұмыс арасындағы келісімді белгілейді және бүкіл өндірістік организмнің қимылынан келіп шығатын жалпы қызметті орындайды”.
Басқару ғылымында және оқу әдебиеттерінде басқарудың мәні “ықпал ету” түсінігі арқылы ашылады. Басқарудың ерекше белгісі ол - қоғамдық қатынастарға, адамдардың санасы мен іс-әрекетіне белсенді әсер ету.
Басқару саласы қоғамда басқару қызметін жүзеге асыратын адамдардан жоғары жоғары тәжірибелік, кәсіпқойлық дайындықты талап етеді. Басқарудағы мақсат– тәжірибелі нәтижелерге жетуге бағытталған. Басқару – ұйымдастырушылық мәнге ие, яғни ұйымдық жұмыс. Ұйымдастыру – басқарудың мәні, ядросы, ол басқарудың құрылымын ғана емес, сонымен қатар ең басты басқарудың динамикалық процессінде айқындайды. Басқару – реттеушілік қасиетке ие. Құқықтық нормалар, әдет – ғұрыптар, салт-дәстүрлер моральдық құндылықтар және әлеуметтік техникалық нормалар адамдардың қоғамдағы іс-әрекетін әлеуметтік реттеушісі ретінде көрінеді. Басқару - өзінің ұйымдастырушылық – құрылымдық (әкімшілік) жүйесіне ие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет