Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары.
Мемлекеттік басқарудың Конституциялық (негізгі) қағидалары салалық пен толықтырылады. Салалық қағидалардың қызметтік ролі – олар бір басқару саласын екіншісімен шектеу үшін негізін құрайды. Әйгілі ғылыми ереже бойынша басқарудың негізгі құрылымдық заңдылығы болып обьектінің мақсатқа, басқару субьектісі мен қағидасының анықтаушы ролі танылады. Осыған байланысты салалық қағида жүйесін құру басқару обьектсінде пайда болады.
Кең қолданылуының жалпы сипатына ие Конституциялық қағидалардан айырмашылығы, салалық мемлекеттік басқарудың жеке салалары экономикада, әлеуметтік салада және әкімшілік – саяси құрылысты арнайы ерекшеліктерін бейнелейді. Басқарудың салалық қағидалары өзіне сәйкес қоғамдық қатынастарды реттейтін заңды актілерде тіркеледі.
Экономика саласындағы мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары республиканың нарықтық қатынастарының дамуы және заңдылықтың қалыптасу әсері мен құралады.
Еліміздің Президентінің “Қазақстан –2030” Қазақстан халқына жолдауында мықты нарықтық экономикада қаланатын, мемлекеттің белсенді ролі мен едәуір шетел инвестицияларын тарту мен пайда болатын, экономикалық өсу стратегиясында құрылатын негізігі қағидаларды анықтайды. Бұл жерде мемлекеттік белсенді роліндегі экономикасына мемлекеттің шектеулі түрде кедергі келтіруі, нарықтық ережелерді сақтауды бақылаудағы, жеке сектор мен ұлттық капиталдың белсенділігін қалыптастыру мен көмек көрсетуде қағидалық мәнге ие негіздік ережелер туралы сөз болып отыр.
Экономиканың бөлек саласындағы басқару қағидалары өндірісті ұйымдастыруға, басқару органдарын құруға, олардың ведомостваралық кәсіпорындармен және басқа да шаруашылық субьектілер мен өзара қатынастарына қойылатын негізгі талаптар түрінде айқындалады, мысалы: 1999 жылғы 1 сәуірдегі “ҚР бюджет жүйесі туралы” Заңында келесі қағидалар құрастырылған: бірлік, бүтіндік немесе толықтық, шынайлық, барлық бюджеттердің биліктілігі мен өз бетіншелігі.
Лекция№3. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.
Жоспар
Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының түзілуі.
Мемлекеттік органның жіктелу негіздері.
Мемлекеттік органның жасалу тәртібі және компетенциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |