Лекцияның мәтіні
Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының түзілуі.
Мемлекеттік басқарудың қоғамдық дамуы обьективті жақтарымен қоса субьективті факторларға да байланысты. Мемлекеттік басқарудағы жұмыс обьективті жағдайлар мен факторлары ішкі ортаны құрайды. Бұл жағдайларды ескермеу немесе басқа да мемлекеттік басқару құрылымына өзгешіліктер енгізу жақсы жағдайларға алып келмейді. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын шетел модельдеріне көшіру не механикалық көшіру әр мемлекеттің басқаруына және өз жеріне сай келуіне көп пайда алып келмейді. Ал өз жерін жағдайын есепке алса ол мемлекеттік басқаруда өзінің моделін жасап шығуға көп мүмкіндіктер туғызады. Обьективті басқару жағынан мемлекетті басқаруда ұйымдық құрылымына өз әсерін құрылым және басқару обьектілерінің жағдайы көрсетеді.
Соның ішінде нақты ұйымдастыру құрылымын жоспарлау кезінде ең үлкен мағына береді және басты мемлекеттік орган құруды, оның құзырын білдіруді айқындайды.
Субьективті мемлекеттік басқару жағынан мемлекеттік аппараттың ұйымдық құрылымы ең алдымен мемлекеттің функциясы. Бұның соңғы кезеңі болып ұйымдастыру құрылымы және мемлекеттік органның компетенциясын белгілеу қазіргі уақытта мемлекеттің функциясының қажеттілігін білу; мемлекеттік басқаруды жақсарту үшін қорытынды және органдардың арасында тиімді нұсқаларды іздеуде болады.
Мемлекеттік басқарудың ішіндегі субьективті факторлар арасында мемлекеттік аппараттың кадрларын атап өтуге болады. Мемлекеттік басқаруда ол кадрлардың дайындық деңгейі мен құзіреттілігі үлкен әсерін тигізеді. Ал дайындығы мен компетенциясы төмен кадрлардың жұмысы мемлекеттік аппараттың жұмысына кері әсерін тигізеді.
“Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында былай делінген: “қазіргі кезеңде біздің елімізді мемлекеттік аппаратта қызмет жасайтын адамдардың арасында жоғары кәсіпқой деңгейде өзін көрсете алатын, патриоттық және стратегиялық міндеттерді шеше алатын қызметкерлер өте аз. Мемлекетіміздің басшысы мемлекеттік аппараттың құрылымын реформалаумен қатар кадрлар саясатына өте көп көңіл бөліп отыр. Бұл сұрақтар бір-бірімен тығыз байланыста. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін көтеруде, аппараттың алуан қызметі мен Республиканың бюджетін үнемдеу жолында 1997 жылы 4 наурыздағы №2377 Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен “Қазақстан Республикасның мемлекеттік органдар жүйесін реформалау жолдары” атты жолдауына байланысты дербес мемлекеттік органдардың саны 47-ден 25-ке дейін қысқартылған, соның ішінде министрліктер саны 20-дан 14-ке қысқартылып отыр.
Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың және мемлекеттік механизмнің негізгі элементі болып табылады. Бірақ олардың сандары мен біліктілігіне қарамай мемлекеттің өзіне тән ортақ қасиеттері бар. Әрбір орган бірнеше адамдар ұжымынан құралады (кейде бір адамнан), басқаруда, қоғамдық еңбекті бөлуде мемлекет тарапынан мемлекеттік өкіметтің мәселелерін шешуге қатысуға құқылы мемлекеттік органға тапсырылған, ішкі құрылымның мәселелерін шешуде және де белгілі бір қаржылық, материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік органдар өзіне тән белгіленген тәртіппен жұмыс жасайды:
А) мемлекеттің қалауы бойынша органдардың заң жүзінде құрылуы;
Б) мемлекеттік аппарат құрылымында органның орны мен рөлі;
В) мемлекеттің функциясы мен мәселелерінің туындау жағдайына қарай ерекшелендірілген функцияларын және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс түрлерін атқарады;
Г) салалық қызметіне сәйкес мемлекеттік өкіметтік өкілеттіктерін бөлу;
Д) мемлекеттік құрылымның заң жүзінде бекітілуі (бөлімшелер, мемлекеттік қызметтер);
Е) мемлекеттік органдарда жоғары деңгейде өзінің біліктілігін көрсете алатын жеке дара адамдар реті (мемлекеттік қызметкерлер);
Ж) мемлекет және өз атынан сөйлей алуы (азаматтардың заңды мүддесі мен құқығын қорғау және кепілдік беру);
З) мемлекет алдында жауапты болу.
Достарыңызбен бөлісу: |