Мемлекеттік басќару механизмі: т‰сінігі, мазм±ны, ќ±рылымы. Мемлекеттік басқару механизмі дегеніміз – басқарушылық процесс ретінде қоғамдық жүйеге мақсатты бағытталған әсері болып көрінетін ядросы (түбірі) ретінде мемлекеттік аппараттың жүйесін орындау болып табылады.
“Мемлекеттік басқару жүйесі” мен “мемлекеттік басқару механизмі” түсінгі өзара байланысты және бір – бірінен айырылмас болады. Механизм (тетік) мемлекеттік басқарудың 3 жағын бейнелейді:
ұйымдастырушылық – құрылымдық жүйесін
функционалдық (мазмұндық)
қоғамдық жүйеге басқарушылық әсерінің өзі.
Заң әдебиеттерінде мемлекеттік басқару механизмі көп жылдар бойы талқыланып келеді. Алайда мемлекеттік басқару механизмінің моделінің қоғамдық процесске әсер етуінің өзі әлі теориялық тәжірибеде аяқталған жоқ. Әдетте мемлекеттік басқару механизмінің түсінігімен қоғамды басқарумен жүзеге асырылатын мемлекеттік органдар жүйесімен байланысқан. Мемлекеттік механизмнің құрамына тек қана мемлекеттік органдар емес, сондай-ақ кәсіпорындар, мекемелер, сонымен қатар олардың арасындағы екіжақты байланыста кіреді.
Мемлекеттік басқару сипаттамасында кейбір авторлар әлеуметтік механизмге, оның құрылуы мен іске асуына ерекше мән береді.
Мемлекеттік басқару механизмінің түсінігі мен құрылымының анықтамасына арналған арнайы зерттеулер ерекше көңіл аударарлық.
Ю.А. Тихоморов алғашқы нұсқада мынадай анықтамаларды құрастырды: “Мемлекеттік басқару механизмі – бұл қоғамдық процесске басқарушылық әсер етудің демократиялық мемлекеттік ұйымдары” бұл механизмнің элементі болып басқару звенолары ретіндегі мемлекеттік органдар жүйесі; мемлекеттік механизм жүйелеуінің динамикасын білдіретін басқару процесстері; басқару процессіндегі жұмыс істеушілердің қатысуы табылады. Өзінің позициясын нақтылай отырып, автор “обьективтік және субьективтік қатынастарды орын алатын обьекті және субьекті ретінде тіркесетін басқару жүйелері туралы” жазады. Басқарушылық әсерлер ең басты басқару жүйесін жүйелеуді білдіреді. Осы айтылғандарды есепке ала отырып, мемлекеттік басқару механизмін мемлекеттік аппарат жүйесін қызметтендіру ретінде анықтауға болады, оның ядросы болып қоғамдық жүйеге мақсатты бағытталған әсердің басқарушылық процесі танылады. Сонымен қатар мемлекеттік басқару механизмі оның соңғы нәтижесінің әлеуметтік бағасын болжайды, яғни қоғамдық тәжірибеге тиімділігі сондықтан да оны оқып – білуге әлеуметтік жақындаулармен толықтырылуы қажет.
Мемлекеттік әсерлерді қоғамдық жүйеге ұймдастыру күрделі сипатқа ие болады. Бұған бірнеше компоненттер кіреді: бір жағына басқарушылық процессті қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет аппаратының кадрлері және ұйымдық техника; басқа жағынан мемлекеттік басқарудың қағидалары, функциялары, әдістері мен нысандары және басқару стильдері, бұлар мемлекеттік басқарудың саяси-әлеуметтік мәнін және мазмұнын білдіреді, ең соңғы – басқарушылық процесстің өзінің элементтері (басқарушылық циклдың сатылары, басқарушылық қатынастар және т.б.). Мемлекеттік басқарудың арнайы ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның механизмі құқықтық нысанда бекітіледі.