6. Оқу сабақтарының құрылымы
Жұмыс бағдарламасына сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС – лабораториялық сабақтар.
Лекция студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен
жұмыс істеу қажет.
Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек.
ОБСӨЖ- оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.
Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқыпы меңгеру.
Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.
СӨЖ - студенттің өзіндік ұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.
Лабораториялық сабақтарына студент теориялық қорытындыларын, яғни, теориямен тәжрибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйрену.
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (Rules):
Сабаққа кешікпеу керек.
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
Сабаққа іскер киіммен келу керек.
Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
8. оқу сағаттарының кредитке сӘйкес тақырып
бойынша бӨліну кестесі
Достарыңызбен бөлісу: |