3. Мемлекеттік әкімшілік қызметтің категорияларына қойылатын біліктілік талаптары.
Тестілеуді мемлекеттік қызмет істерінің өкілетті тестілеу администраторлары өткізеді және тестілеу өткізуде керекті мамандарды тартуына болады. Тестілеудің обьективті шынайы өтуін, өту мерзімін, қорытындыларды есептеуде , тестілеудің нұсқауын , тесттердің мазмұнын, сонымен қатар жемқорлыққа жол берілмеуін администраторлар жазбаша түрде қамтамасыз етеді.
Бос әкімшілік мемлекеттік орындарға үміткерлердің тестілеу бағдарламалары негізінен Республиканың Заңдарын білуден тұрады және логикалық тесттер , ҚР Заңын білудегі тесттер: Қазақстан Республикасының Конституциясын, “Қазақстан Республикасының Президенті туралы” Конституциялық Заңды, “ Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР Заңы, “Жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңы , “ҚР тілдер туралы” Заңы “Әкімшілік процедуралар туралы” Заңы, “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Заңы, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп ережелерін білуден тұрады. Логикалық тесттер адамның ауыр жұмыс істеуі, жылдам тез, шапшаң шешім қабылдауын, оның интелектуалды шама мөлшерін анықтауын көрсетеді.
Тесттілеу процедурасы 4 сатыдан тұрады: тесттілеуге дайындық, нұсқаудан өту, үміткерлерді тесттілеу және қортындысын есептеу.
Тесттілеуге дайындық кезінде администраторға кіріспе сөз сөйлеу үшін, үміткерлерді нұсқаулармен таныстыру үшін, үміткерлердің сұрақтарға жауап беру үшін және тесттерді орындау үшін жететіндей уақыт белгілеу керек. Тестілеудің барлық материалдарды ерте дайындалып, тексеілуі қажет. Әр тексте өз нұсқауы бар және тестілеу кезінде өткізілген бөлме барлық қойылған талаптарға сай болуы керек.
Тестілеудің қортындысымен үміткерлерді таныстыру үшін ол тестілеудің қортындысы шыққан қағазға қол қою арқылы беріледі. Тест аяқталғаннан кейін қорытынды қағаз өкілет органда сақталады, қорытынды туралы ақпарат конкурстық комиссияға өткізіледі. Тесттілеудің қортындысы туралы ақпарат үкметкерлердің тізімі, алған бағасы, қортындысы белгіленген нұсқау бойынша жасалады. Тестілеудің қортындысы шыққан тізімі жабық түрде болады. Ол тізімдерді шығаруға беруге көшірме жасауға тек конкурстық комиссиясының мүшелеріне рұқсат етілген және тестілеу өткізілген өкілетті органдар мен қатыстырылған мамандарға ғана рұқсат етіледі. Үкіметтің тестілеудің жақсы көрсеткіші белгіленген ауырлау бағдарламасы бойынша тестілеудің көрсеткен көрсеткіші оның бос орынды алыуына қатысыуына болатынын көрсете алады және егер тестілеудің соңғы бағдарламалары бірдей не ауырлық деңгейі төмен болатын болса қатыса алады.
Кейбір бөлек қызметтерге белгіленген орындарға, үміткерлердің тестілеу бойынша тестілеу өткеннен кейін үш айдан кейін сол тестілеудің бағдарламасы бойынша екінші рет тапсыруға құқылы, сондай-ақ ол тестілеудің бағдарламасы өзгеріссіз сол күйде қалатын болса қорытындысы тест тапсырылғаннан кейін 1 жыл сақталады.
Конкурстық комиссия өзінің соңғы отырысында үміткерлердің тапсырған құжаттары, тестілеу қортындысын әңгімелесу барысында оларды бос әкімшілік орынға тағайындау туралы баға береді. Конкурстық комиссия үміткерлерінің қатысуынсыз дауыс беру арқылы қабылданады. Егер конкурстық комиссияның соңғы қорытынды отырысында бос орындарға үміткерлер сай келмеген болса онда мемлекеттік орган қайтадан конкурс жариялауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |