Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Лауазымды адамдардың компетенциясы



бет35/52
Дата20.05.2022
өлшемі1 Mb.
#458059
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   52
мемлекет кызм баскару

2. Лауазымды адамдардың компетенциясы.
Мемлекеттік қызметке орналасқан адамдар автоматты түрде мемлекеттік қызмет пен еңбек нормаларының жалпы және арнайы құқығы өріс алады. Мемлекеттік қызметке орналасқан әкімшілік қызметкерлер қызметке қабылданған бұйрығының шыққан күнінен бастап қызметте деп есептеледі. Көбіне азамат мемлекеттік қызметке белгіленбеген мерзімге орналасады. Жедел еңбек шарты көбіне мемлекеттік қызметкердің уақытша орнына түсу керек кезде жасалады. Мемлекеттік органның басшысы мемлекеттік қызметке жедел еңбек шартымен азаматтарды бос орынға еңбек заңына сәйкес ала алады. Бұл орайда мемелкеттік қызметкердің жедел еңбек келісімімен жұмыс істеушілердің саны штаттық кестенің 20 пайызынан аспауы керек. Мемлкеттік қызметкерлердің құзыреттілігі Конституциямен және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі №453-1 Заңымен анықталады. Мемлекеттік қызметкерлердің құзыреті жалпы және арнайы нормалардың қорытындысымен негізделеді, олар мемлекеттік қызметті реттейді, құқық нормасы қызметтік әдептің бір-біріне әсерін айрықша әлеуметтік және құқықтық қорғауда негізделеді. Ал мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттігіне келетін болсақ, ол мемлекеттік орган мен олар орналасқан қызметтерінде мақсаты мен мүдделері анықталады. Сонымен бірге Конституция мен заң анықтаған мемлкеттік қызметкерлдердің құқығы мен негізгі міндеттерін және кейбір басқа да лауазымды адамдардың нұсқаулары мен ережелерімен анықталады.
Республика Министрін қызметіне Елбасы тағайындайды және босатады, ол Үкіметтің құрамына кіреді. Министрдің компетенциясы Ережемен анықталған, ол Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі №517 Жарлығымен бекітілген.
Министр мемлекетті басқаруда ең тиімді жолдарын іздестіруді, белгіленген саладағы дамудың жағдайына жауапты болады, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Елбасының актілерінің, заңдарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің нақты құқығы мен міндеттері мемлекеттік қызмет туралы заңға сүйеніп, біліктілік нысаныдағы мінездемелерге негізделеді және лауазымды ережелерде, нұсқауларда мемлекеттік органдардың басшысымен бекітіледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет