Лекция№12: Мемлекеттік қызметті өткеру.
Жоспар;
Мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері.
Лауазымды адамдардың компетенциясы.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау.
Мемлекеттік қызметкерлерді қызметтік міндеттерін орындауда адал ниетті және ұқыптылығы үшін мадақтау.
Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту.
Лекцияның мәтіні
1. Мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері.
Мемлекеттік органның басқаратын іс-әрекеті ең алдымен жұмысты жоспарлаудан басталады. Мемлекеттік органдар іс-әрекеттерін жұмысты жоспарлаудан басталады. Мемлекеттік органдар іс-әрекеттерін жоспарынан бастайды. Мемлекеттік органның жұмыс жоспарының орындалу уақыты құрылымдық бөлімшелерінің берілген тапсырмаларының негізінде ерте бастан жасалады және сол органдардың басшыларымен бектіледі, жоспарлар нормалары құқықтық актілердің орындалуы және жоғары мемлекеттік органдардың жұмыс жоспарларын есепке ала отырып жасалады. Жоғары мемлекеттік органның іс жоспарында белгіленген сұрақтардың тізбесі төмен тұрған органдар іс жоспарында белгіленген сұрақтардың тізбесі төмен тұрған органдар мен ұйымдарға қарау үшін жіберіледі. Бұл сұрақтар мемлекеттік органның іс-жоспарын сол жоспарға сүйене отырып жасауына септігін тигізеді. Мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастыруда қабылдаған шешімдер өз деңгейінде маңызды роль атқарады. Осыған орай бірегей нұсқаулық іс-әрекет және коллегиальды іс-әрекет болып бөлінеді. Бұл жерде лауазымды адамдардың шешім қабылдағанда құқықтық мәртебесін ескеру керек.
Лауазымды адам деп – тұрғылықты уақытқа не арнайы өкілеттікпен мемлекеттік функцияларды орындаушыларды айтамыз немесе ұйымдастыру-нұсқаушылық не әкімшілік-шаруашылық функцияларын орындаушы лауазымды адамдарды айта аламыз. Мемлекеттік органның жұмысы осы лауазымды адамдардың компетенциясына қарай ұйымдастырылады. Конституция, заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілердің талабына сай лауазымды адамдар атынан бір өзінің үкімімен, не мемлекеттік органның атынан, не оның құрылымдық бөлімшелерінің үкімімен немесе заңда көрсетілгендей мемлекеттік органда шешім қабылдау тәртібіне сәйкес шеше алады.
Коллегияльды мемлкеттік органның іс-әрекетінің өзіндік ерекше қасиеттері бар, ол жұмыс істе удәістері, мазмұны, тәсілдері. Коллегияльды мемлекеттік органдарға осы органда шешілетін мәселеге көпшілік дауыс берген мүшелермен шешіледі. Мұнымен қатар шешім қабылдауға қабылданған шешімдердің заңдылығына коллегияльды органның барлық дауысқа қатысқан жауапты, ал дауыс беру кезінде «жоқ» деп дауыс бергендер жауапкеріщілік алмайды. Коллегияльды органдар ретінде облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар әкімияттар бола алады.
Коллегияльды органдардың іс-әрекетінің негізгі түрі болып олардың отырыс болып табылады, ол отырыстарда осы органдардың компетенциясы туралы сұрақтар қаралады.
Коллегяльды органдардың отырыстарын дайындау мен өткізуге лауазымды адамдарға қатысты өкілетті органдар ұйымдастырушылық мәселелерін қарайды (құрылымдық бөлімшелер). Ең бастысы ол отырыстарды жоспарлауға байланысты. Бұл орайда жоспарлау әр тоқсанға және әр жылға жасалып, коллегиялық органның басшысымен бекітіледі немесе келісілген органның басшыларына да қатысты болып келеді.
Мемлекеттік органның жұмысында ең үлкен орынды азаматтардың заңды мүддесі мен құқық қорғау процедуралары алады. Азаматтар өзінің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау мәселелрі бойынша қажетті мемлекеттік органдарға айтуына құқылы, сонымен қатар қоғам мен мемлекетте басқа да жеке және заңды тұлғаларды қорғауға мүдделі, мұндай жағдайда мемелкеттік орган және лауазымды адамдар азаматтардан түскен шағымдарды қабылдап, талқылауы қажет; олар белгіленген тіртіп пен мерзімде заңды да негізгі шешімдер қабылдауы қажет, қабылдаған шешімдердің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету; қабылдаған шешімдерді азаматтарға жазбаша және ауызша түрде жеткізулері тиіс. Сонымен қатар азаматтардың құқығын және заңды мүдделерін заңға сүйене отырып қорғау процедурасы талабы қойылған. Бұл процедуралар:
1. азаматтардың өздерінің құқығын іске асыруда мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға өздерінің заңды тұлға екенін анықтайтын құжаттарын өткізуі керек;
2. азаматтардың заңды мүдделері мен құқығын қорғауды іске асыруда ең аз мерзімде шешу;
3. азаматтардың құқығын іске асыруда шешімдердің жобасын ең қысқа сатыда шешілуін қамтамасыз етеді;
4. лауазымды адамдар мен органның азаматтардың қаралатын істерінің орны мен уақытын алдын ала хабарлау;
5. азаматтардың шағымдарын талқылауға байланысты істің жағдайымен танысуға мүмкіндік беру, азаматтардың жеке өздерінің шағымдарын талқылауға тікелей қатысуына мүмкіндік беру;
6. азаматтардың шағымын тек бір ғана лауазымды адамның жүргізуі, істің басқа лауазымды адамға ауыстыруына қатаң тыйым салынады;
7. азаматтың шағымын талқылауды лауазымды адамның шағымды дұрыс шешілмеуін бодырмау;
Достарыңызбен бөлісу: |