ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік – гуманитарлық факультеті
Құқық және басқару негіздері кафедрасы
«ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША РЕФЕРАТ ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР
Пән атауы: «Жалпы экономикалық теория»
Алматы, 2020
РЕФЕРАТ ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Жұмысты жазуға қойылатын жалпы талап: жұмысты орындау үшін тақырыпты монографиялық зерттеулер мен экономикалық әдебиеттерді терең меңгеру қажет. Реферат дәріскермен немесе семинар сабағын жүргізуші оқытушымен келісе отырып, кафедра менгерушісімен бекітілген тақырыпта орындалуы тиіс.
Реферат жұмысының көлемі А4 форматта 20 (35-ке дейін) баспа беттен, 25-35 қолжазба беттен аспауы тиіс.
Реферат жұмысы 1-дана етіп орындалып, қапталып кафедраға тапсырылады. Рефераттық жұмысты қорғау оқу формасына қарай жүргізіледі.
Жұмыс құрылымы: Жұмыс титулды беттен, мазмұннан, кіріспеден, негізгі бөлім, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады (қосымша беттер жұмыс көлеміне кірмейді).
Мазмұны беттері көрсетіле отырып жұмыстың барлық бөлімдерінің атауларынан тұрады.
Кіріспе таңдап алынған тақырыптың өзектілігін анықтаудан, тақырыпты таңдау себебі мен оны жазудағы басты мақсаттар мен міндеттерден және жұмыстың қысқаша сипаттамасынан тұрады.
Жұмыстың негізгі бөлімі бірнеше бөлімдерден тұрады. Бөлім бірнеше бөлімшелерден тұруы мүмкін. Жұмыстың негізгі бөлімі сипаттамалы түрде болуы тиіс. Негізгі бөлімде жұмыс тақырыбы мазмұны бойынша толық ашылуы тиіс. Тақырып сұрақтары теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеліп, орын алған мәселелерді құқықтық реттеу тетіктері ұсынылып, заңдарды қолдану тәжірибесіне сараптама жасалынып оны жетілдіру жолдары ұсынылуы тиіс.
Жұмысты орындау барысында студент материалдарды менгеруде дербестік танытуы тиіс, ең бастысы материалдарды пайдалануда көшіруге жол бермеу. Туындылардан сөздерді, сөйлемдерді және авторлардың ойларын пайдаланғанда автордың туындысына беттерін көрсете отыпрып сілтеме жасау қажет. Оқулықтарда авторлық еңбек екенін ұмытпау керек.
Қорытынды жүргізілген зерттеудің қортындыларынан және қарастырылған мәселелерге байланысты ұсыныстардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |