Пайдаланылған қайнар көздер тізімі (нормативтік актілер мен әдебиеттер немесе библиография) бөлімдерден тұруы қажет.
1. Статистикалық агенттіктің дерек көздері: статистикалық агенттіктің деректер тізімі олардың заңды күшіне байланысты жасалуы тиіс.
2. Арнайы әдебиеттер: бұл бөлімдегі оқулықтар мен монографиялық әдебиеттер және мерзімдік басылымдар алфавиттік
ретімен автордың аты-жөні,
жұмыстың атауы,
баспа орны мен шыққан жылы, жұмыстың жалпы көлемі (ғылыми мақалаларды пайдаланған жағдайда автордың мақаласы көлемі) көрсетілуі тиіс. Мысалы, арнайы әдебиеттер деген бөлімді мынадай бөлімшелерге бөлуге болады:
оқу әдебиеттері,
арнайы әдебиеттер, мерзімдік басылымдар.
Жұмысты рәсімдеу: жұмысты жазу барысында А4 форматты қағазы пайдаланылады. Тақырып сілтемелерді қоса есептегенде мынадай өлшемде орындалады: үсті – 4 см., асты - 2см., сол жағы - 3см., оң жағы - 1см. Қатар аралық өлшем 1, шрифт көлемі 14, абзац - 0,8. Жұмыс бөлімдері (кіріспе,
негізгі бөлім, қорытынды) жаңа беттен басталады. Бір бөлімнің бөлімшелері арасында үзіліс болмауы тиіс. Сілтемелер беттердің соңында орындалады.