Физиократтар (грек тілінен physіs – табиғат, kratos – би-лік) меркантилистерге қарағанда экономикалық ғылымды дамы-туда алға үлкен қадам жасады. Олар байлықтың пайда болу мә-селесін айналым саласынан өндіріс саласына өткізді. Физио-краттардың пікірі бойынша ұлттық байлық тек ауыл шаруашы-лық өндірісінде ғана пайда болады. Олар өнеркәсіптік еңбек пен өнеркәсіптік өнімді есепке алмады, бұл олардың қателігі болды. Физиократтардың басты өкілі мен негізін қалаушысы Франсуа Кенэ (1964-1774) болып табылады.
Экономикалық ғылымның кейінгі дамуы классикалық саяси экономия мектебінде көрініс алды. Классикалық саяси экономия мектебі байлықтың көзін өндірістің барлық салалары-на жатқызды. Бұл мектептің басты өкілдері Уильям Петти (1623-1687), Адам Смит (1723-1790), Давид Рикардо (1772-1823). У.Петти ең бірінші болып байлықтың көзі еңбекте екенін айтты. А.Смит "көрінбейтін қол" теориясымен әлемге әйгілі болды. Д.Рикардо сол кездегі саяси экономия ғылымын логика-лық кезектілікте көрсетілген жүйеге келтірді.
Жалпы алғанда, классикалық саяси экономия мектебінің эко-номика ғылымына қосқан үлесін төмендегідей сипаттауға болады:
басты зерттеу объектісіне өндіріс саласын айналдырды;
қоғам байлығының көзі ретінде еңбектің мәнін ашты;
экономика нарықпен реттелу қажеттігін дәлелдеді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында марксизм мектебі пайда болды. Оның басты өкілдері Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895). Марксизм мектебінің ғылыми жетістіктерін қысқаша келесі түрде сипаттауға болады:
К.Маркстің қоғамдық-экономикалық формациялар және олардың ауысу себептері туралы ілімі адамзаттың тарихын ло-гикалық жүйе түрінде қарастыруға мүмкіндік береді;
капитализм ең алғаш рет заңдар мен категориялардың бірыңғай жүйесі ретінде зерттелді, бұл келесі теорияларды ашу-ға мүмкіндік береді:
еңбектің екі жақты қасиетін (нақты және абстракты);
тауардың қайшылығын (айырбастау мен тұтыну құнда-рының арасындағы);
қосымша құн туралы ілімді;
жалданған еңбек пен капиталистік қанаудың мәнін;
орташа пайда, еңбек ақы, рента мен пайыз теорияларын;
ұдайы өндіріс пен дағдарыстар теориясын.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында маржинализм теория-сы қалыптасты. Марижинализм (ағылшын тілінен margіnal – шекті) – бұл экономиканы өзара байланысты шаруашылық су-бъектлердің жүйесі ретінде көрсететін теория. Бұл теорияда эко-номикалық үрдістер шекті көрсеткіштер тұрғысынан түсінді-ріледі. Маржинализмнің негізгі категориялары: шекті пайдалы-лық, шекті өнімділікі, шекті шығындар және т.б. Бұл теория өн-діріс шығындарын, сұраныс пен ұсынысты, бағаны субъективті бағалау негізінде қарастырады. Маржинализм сандық талдауға сүйеніп, экономикалық-математикалық әдістер мен үлгілерді қолданады. Маржинализм мектебінің өкілдері Карл Менгер (1840-1921), Уильям Стенли Джевонс (1835-1882), Фридрих фон Визер (1851-1926), Эйген фон Бем-Баверк (1851-1914).
Кейіннен саяси экономия келесі негізгі үш бағытта дамыды: неоклассикалық, кейнсиандық және институционалдық-әлеуметтік.
Достарыңызбен бөлісу: |