Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Монополия және монопсония



бет28/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Монополия және монопсония – жетілмеген бәсекенің мүлдем аз кездесетін түрі. Оған қарағанда, олигополия (гректің “olіgos - бірнеше”, “poleo - сатамын” деген сөзінен шыққан) және олигопсония жиірек кездеседі. Олигополия тауар өндірісі-нің негізгі үлесі бірнеше ірі сатушаларға тиесілі болған жағдай-да пайда болады. Олигопсония бірнеше ірі сатып алушылар са-нымен сипатталады.
Олигополияда сатып алушылар сұранысы үшін күресте жа-ңа әдісті – бағалық емес бәсекені қолданады. Бұл жағдайда кү-рес техникалық артықшылық, өнімнің сапасының жоғары бо-луының және сенімді болуының, сатудың тиімдірек әдістерінің, маркетингті қолданудың, сатып алушыларға ұсынылатын қыз-меттер мен кепілдіктердің түрін көбейтудің негізінде жүреді.
Бағалық емес бәсеке баға мен құнның өзара байланысын реттеудің нарықтық механизмін өзгертеді. Егер нарықта олиго-полиямен бекітілген баға басым болып келсе, онда құнның айла-насындағы бұрынғы қозғалысын жүзеге асыра береді. Құнның көлемі өнімнің бектіліген баға деңгейіне сәйкес өзгереді, бәсеке-нің өзектілігіне байланысты олигополияның тауардың сапасын жоғарлатуға, тұтынушыларға қызмет көрсету желісін ұстануға, жарнамаға және т.б. жұмсалған шығындары өседі немесе төмен-дейді. Монополияда және олигополияда өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындар жылдам өзгереді және олар нарықтық бағаға қарағанда икемді болып келеді.
Монополия нарық типі ретінде келесі белгілерімен (бәсеке шарттарымен) ерекшеленеді:

Жасанды монополия бәсекелестерді өз еркімен немесе мәжбүрлі түрде біріктіру жолымен шығындарды азайту және үстеме пайда табу мақсатында құрылады.
Табиғи монополия төмендегідей салаларда пайда болады:

  • сирек кездесетін пайдалы қазбалар өндірілетін немесе си-рек кездесетін ресурстар қолданылатын;

  • бәсеке мүмкін емес, бірыңғай өндірістік кешен болады (электрмен, газбен, сумен және жылумен жабдықтау, темір жол-дар, метрополитен және байланыс), сондай-ақ, оларды бірыңғай желіні бөліктерге бөлуге болмайтындықтан, технологиялық мо-нополия деп те атайды. Мұндай монополияны болдырмау мүм-кін емес.

Жабық монополия заңды тыйымдармен қорғалған (патент-тер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер және т.б.).
Ашық монополия фирма бәсекелестер еш қорғанбай, қандай да бір уақыт ішінде бір ғана жабдықтаушы болған жағдайда (мысалы, нарыққа бірінші рет жаңа өніммен шыққан фирма) қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет