Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Тақырып 8. Бәсеке және монополия



бет27/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Тақырып 8. Бәсеке және монополия


Бәсеке (латынның “konkurro” сөзінен - қақтығысу)бұл өндірістің, тауарларды сатудың және сатып алудың ең жақсы шарттарына ие болу бойынша нарықтық экономика қатысушы-лары арасындағы бақталастық.
Бәсеке – нарықтық үрдіске қатысушылар арасындағы өн-дірістің және тауар сатудың ең жақсы жағдайына ие болу үшін, максималды нәтижелерге жету үшін бақталастық.
Бәсеке түрлері:
Салалық белгісі бойынша:

  • сала ішіндегі бәсеке – бұл ұқсас тауарлар мен қызметтер өндіретін, бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыратын, бірақ, ба-ғасы, сапасы, тұтынушыға жеткізу әдісі бойынша ерекшеленетін бір сала ішіндегі кәсіпорындардың бақталастығы;

  • салааралық бәсеке – бұл тұрғындардың қажеттіліктерінен шыға отырып, ресурстарды экономиканың әр түрлі саласына тиімді бағыттау үшін өндірушілер арасындағы бақталастық;

Аумақтық белгісі бойынша:

  • аймақтық және аймақаралық бәсеке өндірістің маманда-нуын анықтайтын және ресурстарды және шығындарды тиімді қолдануға мүмкіндік беретін табиғи ресурстарды пайдаланумен, табиғи шарттармен, тарихи салт-дәстүрлермен байланысты.

Субъектілері бойынша:

  • сатушылар арасындағы бәсеке;

  • сатып алушылар арасындағы бәсеке;

  • сатушылар мен сатып алушылар арасындағы бәсеке;

  • делдалдар арасындағы бәсеке.

Заңға сәйкес келуі бойынша:

  • көлеңкелі бәсеке – бұл заңға қайшы келетін және басқа экономикалық субъектілер-бәсекелестерге зиян келтіретін эко-номикалық субъектілер артықшылықтарына ие болуға бағыт-талған кез келген іс-әрекеттер;

  • адал бәсеке заңмен көрсетілген барлық күрес әдістерін қолданады.

Әдістері бойынша:

  • бағалық бәсеке шығындарды төмендетумен және дайын өнімнің бағасын келесідей өзгертумен байланысты: жеңілдіктер, арзанға сатулар, дисконттық карталар, сапасы әр түрлі тауар-ларға бірыңғай баға бекіту, баға соғысы;

  • бағалық емес бәсеке бағаның өзгеруімен байланысты емес, ол сапаны жақсартумен, сенімділікпен, жарнамамен, сат-қаннан кейін қызмет көрсетумен анықталады.

Жетілмеген бәсеке белгілі бір тауарды өндіретін бірнеше фирмалар ғана қызмет ететін нарықтық жағдайда дамиды. Же-тілмеген бәсекені монополия және монопсония деп екіге бөледі.
Монополия (гректің “mono – біреу”, “poleo – сатамын” деген сөзінен шыққан) – жеке өндірушінің белгілі бір тауар нарығындағы ықпалы басым және осы нарыққа бақылау жасай алатын жағдайды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет