Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Танымдылық қызмет. Алынған теориялық білімді жи-нақы және реттеулі түрін



бет5/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Танымдылық қызмет. Алынған теориялық білімді жи-нақы және реттеулі түрін

де қоғамдағы экономиканы түсіндіру және оқыту болады. Ол, көзге көрінбей бүркеленіп тұратын құ-былыстардың сырын зерттейді, түсіндіреді, практикалық іс-әре-кетке пайдалануға үйретеді.


2. Әдістемелік қызмет. Экономикалық теория объекті-лерін жалпылай зерттейді. Ал нақты экономикада жалпы заң-дарға сүйене отырып, оны әдіснамалық зерттеудің негізі етіп алады.
3. Практикалық қызмет. Теорияның дұрыстығын тәжі-рибенің қатаң сыңына түскенде ғана белгілі болады. Ол кезде экономикалық заңдар мен категориялар практикалық қажеттілі-гіне бірыңғай тұтасып кетеді.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абс-тракция. Ғылыми абстракция дегеніміз – зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінік-терімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мә-нін, маңызын ашу.
Индукция мен дедукция. Ғылыми жүйе индукция және де-дукция сияқты әдіснамалық тәсілдерді қолдану арқылы қалып-тасады. Индукция – бұл жекелеген оқиғалардан, құбылыстардан логикалық пайымдау жолымен жалпы қағидалар, принциптер қалыптасады.
Дедукция – бұл кері процес. Жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілер мен процестердің жекелей алынған ерекшеліктері көрсетіледі.
Тарихи және логикалық танымның бірлігі. Тарихи зерт-теу әдісі – құбылыстардың пайда болуын, дамуы мен олардың бір-біріне алмасуын өзара сабақтастық негізде талдауға мүмкін-діктер жасайды. Логикалық әдіс – процестердің мәнін терең тал-дап, және өзекті мәселеге баса назар аударуды талап етеді.
Экономикалық – математикалық модельдеу. Экономи-калық ғылымды, оның ішінде экономикалық теорияны тәжіри-беде пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер-ді қолдануды талап етеді. Бұл тәсілді қолдану “емдеу” тәсілде-рін анықтау, диагноз қою немесе экономикадағы жағдайды анықтаумен шектелмей, белгілі бір мерзімнен кейін экономика-да не болатынын, тигізетін салдары қандай, қабылданған ше-шімдердің әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін дәл айтуға мүмкіншілік береді.
Фактілерді зерттеп, гипотезаларды шығара отырып, эконо-мистер жалпылама экономика негізделетін қағидаларды, заң-дарды ашады. Қандайда бір құбылыстар мен тенденциялардың даму жағдайы сипатталса, бұл экономикадағы позитивті ба-ғытқа жатады. Экономика тиімді болуы үшін қалайша жұмыс іс-теу керек екені туралы мәселе қойылатын болса, нормативті экономикалық ғылым туралы айтылады.
Экономикалық теория зерттейтін құбылыстардың мәні эко-номикалық категориялар мен заңдарда көрініс алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет