Ақпарат- әрқилы білімдер, түрлі белгілер, мәліметтер тасқыны. Ол қазіргі өндірісте әртүрлі қызмет атқарады.
Ғылым теориялық жүйеге келтірілген нақты білімдер, олардың қазіргі кезеңдегі өндіріспен біте қайнасып кеткені соншалық, бүгінгі таңда ғылымның өзі өндіргіш күшке айналып отыр.
Энергия - өндіріске әрқашан қажетті қозғаушы күш. Алғашқы кезеңде оған адамның өзінің, жануарлардың күші жеткілікті болып отырды. Ал қазіргі кезеңдегі өндіріс күші қуатты энергиямен қамтамасыз етуді қажет етеді. Сондықтан, энергия өндірістің маңызды дербес факторына айналды.
Инфрақұрылым– айналысты қамтамасыз етуге жағдай жасап отыратын салалар мен орталардың әрекеттерінің жиынтығы. Оның екі жүйесі бар: Өндірістік инфрақұрылым– тікелей өнім өндірісіне қызмет ететін қосымша салалардың (көлік, байланыс, қойма шаруашылықтары т.б.) бірігуі. Әлеуметтік инфрақұрылым– адам өміріне қажетті әлеуметтік-мәдени жағдайларды қамтамасыз етеді (сауда, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй және комуналдық шаруашылық т.б.)
Экологиялық фактор– табиғатты қорғау, сақтау және қалпына келтіруге байланысты адам мен қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасы мәселелерінің кешені.
Қоғамдық ұдайы өндіріс қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы процесі болып табылады, оның нәтижесі – қоғамдық өнім. Ұдайы өндіріс екі негізгі түрге бөлінеді: жай ұдайы өндіріс, ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
Жай ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің бұрыңғы ауқымда қайталануы; сондықтан да алынған табыстың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің ұлғайтылған ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың бір бөлігіне қосымша ресурстар сатып алынады, ал олардың пайдалану есебінен өндіріс процесі ұлғайтылған ауқымда жаңғыртылады.
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс үш түрге бөлінеді:
Интенсивті – техника мен технологияны жетілдіру нӘтижесінде өндірістік потенциалды ұлғайту.