23
Мейоз кезінде ядро екіге бөлінеді:
1) редукциялық – хромосомалардың санының екі есе азаюының.
2) Эволюциялық – (теңестіру) – жалпы митозға ұқсас бөлінуі
Мейоз кезеңі жүйелі түрде бірнеше кезеңдерден (фаза) тұрады. Бірінші
бөліністе кезеңдерді римше І деп, ал екінші бөлініске
тән кезеңдерді ІІ деп
белгілейді.
І профаза мен І
-телофазаның арасындағы ядролық өзгеру кезеңі
редукциялық бөлінуге жатады. Осыдан кейін
интерфаза кезеңі бұл екі
бөліністің ортасындағы жасушаның ерекше жағдайы.
Мейоздың жүйелі бөліну кезеңдеріне тоқталмас бұрын мейоз бен митоз
әдісінің айырмашылығына тоқтала кетейік. Бұл айырмашылықтар І
-
профазада өте анық байқалады. Осы кезеңде аталық және аналық жыныс
жасушаларынан
келген қос хромосома, яғни гомологтар жұпталады. Ал
митозда мұндай үдеріс болмайды.
Мейоздың профаза кезеңінен аяғы мен метофазаның басында
жасушаның экватор жазығына хромосомалар тобы жиылады,
олардың
әрқайсысы екі гомологиялық хромосомалардан тұрады.
Ал митозда экватор тақтасында екі еселенген жеке хромосомалар
көрінеді. Келесі бір елеулі айырмашылық анафаза кезеңінде кездеседі.
Анафазаның редукциялық бөліну кезеңінде полюстерге гомологиялық
хромосомалар ығысады. Әрбір гомологтан бір хомосома бір полюстен екінші
полюске кетеді. Митозда әр хромосоманың жартысы
келгендіктен болашақ
жасушаларда хромосомалар саны аналық жасушадағыдай диплоидты күйде
қалады.
Мейоздың профаза кезеңінің бірінші бөлінуі митозбен салыстырғанда
әлдеқайда күрделірек және бірнеше сатыға бөлінеді. Әрбір сатыда
хромосомалар өзіндік сапалы өзгерістерге ұшырайды. І
– профазаның
алдында хромосомалар екі еселенген күйде
өте жіңішке және ұзын
жекеленген жіп тәріздес болады. Бұл саты лептонема (гр. «лептос»
- жіңішке,
жұқа, «нема»
- жіп). Кейіннен гомологиялық хромосомалар бір
-біріне
жақындасып біріккен қос жіп түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: