Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


жасушаларындағы хромосомалардың диплоидты жиынтығы



Pdf көрінісі
бет15/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

жасушаларындағы хромосомалардың диплоидты жиынтығы.
 
Жануарлар немесе 
өсімдіктер атауы 
Хромосомалар 
саны 
Жануарлар немесе 
өсімдіктер атауы 
Хромосомалар 
саны 
Адам
46 
Үй шыбыны
12 
Жылқы
66 
Жеміс щыбыны 

Есек
66 
Ара (бал арасы) 
16,32 
Ірі қара мал 
60 
Тұт жібек көбелегі 
28,52 
Қой
54 
Кесіртке
38 
Ешкі 
60 
Картоп
48 
Шошқа 
38 
Бидай 
28,42 
Ит 
78 
Сұлы 
42 
Мысық 
38 
Жүгері 
20 
Үй қояны 
44 
Бұршақ 
14 
Тауық 
78 
Арпа 
24 
Кептер 
80 
Қара бидай 
24 
Үйрек 
80 
Зығыр 
30 
Қаз
82 
Қарағай
24 
 
1.2.2. Жасушалардың бөлінуі.
Бір жасушалы және көп жасушалы ағза жасушаларына, сондай-ақ 
дербес тіршілік ететін жасушаларға тән өзінен-өзі көбеюі бірнеше жолмен 
жүреді. Өсімдік пен жануарлар ағзасының көптеген ұлпаларындағы 
жасушалар ядросының тура бөлінуі – амитоз. Амитоз жолымен бөлінуде 
ядро ең алдымен ортасынан жіңішкеріп, тікелей екіге бөлінеді, содан кейін 
цитоплазма бөлініп, бір жасушадан екі жаңа жасуша пайда болады. Кейде 
жасуша бірнеше рет тікелей бөлінеді де, цитоплазма бөлінбей қалады. Сөйтіп 
өсіп жетілген бір жасушада бірнеше ядро болады. Кейбір мүшелердің амитоз 
жолымен көбеюіне сыртқы ортаның ағзаларға қолайсыз әсері немесе 
жарақаттану, тағы басқа жағдайлар себеп болады (рак жасушалары, ісік 
ауруларында).
Жасушаның күрделі бөлінуін – митоз (грекше «митос»-жіпше) деп 
атайды. Митоз жасуша көбеюінде көбірек кездесетін әдісі. Осы әдіс 
генетикалық материалдың жас жасушаларға тең бөлінуін және жасуша 
ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді. Митоздың 
биологиялық маңызы – хромосома санының екі еселенуі және олардың жас 
жасушаларға тең бөлінуі. Митоз үдерісінде бір жасуша жаңа екі жасушаға 
бөлінуге даярлана бастаған шақта хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер 
байқалады. Әр хромосома ұзына бойы екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі 
де теңбе-тең генетикалық материал алады (4-сурет).
Жасуша ядросы бөлінген кезде жүйелі түрде бес сатыдан өтеді: 
интерфаза, профаза, метафаза, анафаза және телофаза.


20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет