115
Бақылау сұрақтары
1. Пенетранттылық дегеніміз не?
2. Экспрессивтілік деген ұғымды қалай түсінесіз?
3. Аномалиялар дегеніміз не? Анықтама беріңіз.
4. Тератогендік деген ұғымды қалай түсінесіз?
5. Аномалияларды анықтаудың талдау әдісі қалай аталады?
Тапсырмалар:
1. Адам баласында миоплегия ауруы (мезгіл-мезгіл сал болу)
доминантты түрде тұқым куалайды. Әкесі гетерозиготалы, анасы сау некеден
қандай ұрпақ күтуге
болады
2. Қалыпты көк көзді ер адам мен қалыпты қара көзді әйелге үйленді
(әйелдің барлық туыстарының көздері қара болды, ал ағасы түсті ажырата
алмайтын болған). Бұл некеден қандай балалар туылуы мүмкін?
Берілгені:
А - қара
көзді.
а - көк көзді.
Р: ♀ АА Х
D
Х
d
♂ аа Х
D
У
Шығару жолдары:
Р: ♀ АА Х
D
Х
d
х ♂ аа Х
D
У
G: АХ
D
а Х
D
АХ
d
а У
F
1
- ? F
1
: ♀ Аа Х
D
Х
D
, Аа Х
D
Х
d
♂ Аа Х
D
У , Аа Х
d
У
Жауабы: барлық балалары қара көзді болады,
барлық қыздарының көру қабілеті қалыпты,
ал түсті ажырата алмайтын ұлдардың туылу қаупі -50%.
116
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқу құралы ауыл шаруашылығына қажетті ветеринар, зоотехник және
агроном мамандарды даярлауға арналып, «Зоотехния» мамандығы бойынша
өзектендірілген үлгілік оқу бағдарламасының оқыту нәтижелері мен кәсіби
модульдеріне
сүйеніп
жазылған.
Ауылшаруашылығы
мамандарын
даярлайтын техникалық және кәсіптік
білім беру мекемелерінің
студенттеріне арналып жазылған «Мал шаруашылығының асылдандыру
жұмыстарын орындау» оқу құралы генетиканың даму тарихын,
тұқым
қуалаушылық қасиеттерін, Г.Мендель заңдылықтарын,
микроорганизмдер
генетикасын, тұқым қуалаудың молекулалық негіздерін, жыныс генетикасын,
өзгергіштік және оны зерттеу әдістерін, иммундық генетика және ауыл
шаруашылық малдарының генетикалық кемтарлық (аномалиялары)
туралы
түсіндіреді.
Қазіргі таңда мал шаруашылығынан мол өнім алу мақсатында үшін
генетиканың жетістіктерін мал басын көбейтуде, егілетін егін тұқымын
асылдандыруда, өнімділігі жоғары мал басын
тұрақтандыруда кеңінен
қолдануда, сол себепті болашақ мамандар мал шаруашылығын асылдандыру
арқылы елімізді сапалы мал өнімдері мен шикізаттарымен қамтамасыз етеді.
«Мал шаруашылығын асылдандыру жұмыстарын орындау» оқу құралы
жалпы, жеке зоотехния, гистология,
эмбриология, микробиология, жұқпалы
аурулар және басқа пәндермен тығыз байланыста оқытылады.