114
Оливьенің (1979) деректеріне сәйкес шошқада генетикалық
аномалияның терісінде - 7 түрі, қаңқасында - 17, көзінде - 3,
бұлшық ет
жүйкелерінде - 13, қолында - 6, жыныс, зәр жүйесінде - 9 түрі анықталған.
36-сурет. Жануарларда кездесетін генетикалық аномалиялар.
Негізгі аномалиялар - крипторхизм (ені ішінде орналасу) жарық, жалған
гермофродиттік және т.б. Автордың пікірінше бұл аномалиялар ұрықтың
қалыптасуындағы әр түрлі кезеңдегі бір геннің әрекетінің нәтижесінен болуы
керек.
Қой аномалиялары. Қойларды 90-ға жуық аномалиялар жазылған.
Деннис пен Лейпольдтың деректеріне қарағанда қойлардың белгілі
генетикалық жетіспеушіліктерінің көпшілігі көп генді аутосомды рецессивті
түрде тұқым қуады.
Ең жиі кездесетін бас, жақ сүйектерінің ақаулары,
әсіресе агнатия (жақ сүйектерінің жоқтығы), сондай-ақ алдыңғы аяқтарының
қисаюы, микрогнатия, гермафродитизм, крипторхизм, прогнатия (гр. «про» -
алға, «гнатия» - жақ, жақ сүйектерінің сорайуы) тік ішектің бітеулігі,
артрогрипоз (буын ауруы) т.б. Жасалған талдаулар ауытқулардың 55,4%
бұлшық ет қаңқа жүйесінде, ас қорыту - 12,7%, жүрек-тамыр жүйесінде -
9,7%, зәр шығару, жыныс мүшелеры - 7,1%, орталық жүйке жүйесі - 6%,
сіңірлер аномалиясы - 3,5%, ішкі құрылыс - 3,2%, эндокриндік жүйеде - 1,5%,
болатынын аңғартады. Әрин, жекелеген жетіспеушіліктердің
жиілігі онша
көп болмағанмен түгел аномалия шоғырын алсақ, шаруашылыққа әжептәуір
нұқсан келуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: