ГЛОССАРИЙ
Аллеломорфизм – аллельдік белгілердің жұптылығы.
Аллельді гендер - хромосоманың бір жұбында орналасатын гендер.
Доминантты және рецессивті аллельдер болады.
Амитоз – өсімдік пен жануарлар ағзасының көптеген ұлпаларындағы
жасушалар ядросының тура бөлінуі.
Амфидиплоидтар – әртүрлі түрдің будандастыруынан алынған ұрпақтар
геномдарының еселенуінің салдарынан пайда болған полиплоидтар.
Анафаза – хроматин жіпшелерінің болашақ жас жасушалардың полюстеріне
қарай созылып, ахроматин ұршығын құрау кезеңі.
Антиген
-
ағзаға
енгенде
антизаттардың
(иммуногло-биндердің)
синтезделуіне себепші болатын бөтен молекула ( белок не полисахарид).
Аралық доминанттылық – бірінші ұрпақтың ата-аналарының біріне де
ұқсамайтын біркелкілігі.
Аутосомалар -(autosoma; грек, autos — өзім; soma — дене) — дара жынысты
жануарлар
мен
өсімдіктер
жасушалары
ядроларындағы
жыныс
хромосомаларынан
басқа
жұп
дене
хромосомалары
(жыныссыз
хромосомалар).
Векторлар – бөтен генді жасуша ішіне тасымалдайтын ДНҚ- түрлері.
Гамета - аталық (сперматозоид) және аналық (овоцит) жыныс жасушалары.
Гаметогенез – жыныс жасушасы, «генезис» - тегі) - деп жыныс
жасушаларының даму және қалыптасу үдерісі.
Гаплоидты - (грек, haploos - сыңыр, eidos — түр) - ядросында сыңыр (тақ)
хромосомалар жиынтығы болатын жасушалар не қарапайым дарақтар
(индивидуумдар). Гаплоидтыларға: адам мен жануарлардың пісіп жетілген
жыныс жасушалары жатады.
Гендік инженерия – генетикалық және биохимиялық әдістер арқылы түр
аралық кедергілер жоқ тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта
кездеспейтін жаңа гендер алу.
Гендік терапия - ауру адамның мутантты ген бар генотипіне дұрыс
функциональді генді енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |