Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет81/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

Мутациялық өзгергіштік – ата тегінде болмаған кейбір жаңа 
ерекшеліктердің кенеттен ұрпақтың жекелеген ағзасында пайда болуы. 
Партеногенез – ұрықтанбаған аналық жасушаның дамуы. 
Партогенез – жұмыртқа жасушасының ұрықтанбай дамуы. 
Полимерия - бірнеше аллельсіз гендердің бірлесіп бір белгіні дамытуы 
(полигенді тұқым қуалау). 
Профаза – ядроның бөлінуге дайындалған бірінші сатысы. Бұл кезеңде 
хромосома жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып бұратылуының 
салдарынан хромосомалар қысқарып, жуандайды. 
Рестриктаза - ДНҚ-ның нуклеотидтер тізбегін белгілі жерден үзетін 
фермент. 
Рибосомалар – жасушаның өте ұсақ органоидтары. 
Рецессивті белгі (аа) - гетерозигота (Аа) күйінде көріне алмайтын тұқым 
куалайтын белгі. 
Сперматогенез – аталық жыныстық жасушасы спермийлердің түзілу үдерісі. 
Транскрипция – генетикалық ақпараттың ДНҚ-дан РНҚ-ға ауысу үдерісі. 
Тұқым қуалаушылық – ұрпақтар арасындағы материалдық және 
функционалдық сабақтастықты қамтамасыз ететін тірі ағзаларға тән қасиет. 
Тұқым қуалаушылық - гетерезигота куйінде көріне алмайтын тұқым 
қуалайтын белгі. 
Фенотип - (грек. phaіno – көріну және тип) – ағзаның онтогенез барысында 
қалыптасқан барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы.. 


119 
Хромосома – жасуша ядросының құрамында нәсілдік ақпараты ДНҚ бар ген 
орналасқан өздігінен екі еселене алатын, арнайы бояулармен боялатын 
негізгі құрылым.
Цитогенетикалық талдау – жасушаның бөліну кезіндегі хромосомалар 
әрекетін, олардың санының өзгеруін зерттеу. 
Эпистаз - аллель емес гендердің әрекеттесуі бір түрі: бір аллель емес геннің 
екінші аллель емес геннің әрекетін бастырмалайды. 
 


120 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет