Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет16/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

нам приходилось иметь постоянные сношения с кочевыми 
туземцами Сыр-Дарьинской области. Интересуясь бытом их, как 
народа, мало еще исследованного в этнографическом отношении, мы, 
насколько это возможно, стараемся отличить все те факты из 
обыденной жизни этих степняков, которые в силу их особенности 
являются более или менее интересными»,- делінген [69]. 
Ә.Диваев жинаушылығының келесі басты ерекшелігі- қолжазба 
ішінде кездесетін мәтіннің бірнеше нұсқасын бірге беруі. Мәселен, 
«Қамбар батыр» жырының – 2 нұсқасы, «Тазша» турасында ертегінің- 
3 нұсқасы бар [70]. Мұның өзі халықтық шығармалардың жан-жақты 
зерттелуіне негіз қалады. Ә.Диваев [71, 16 
б.
] мәтіндердің


45 
шынайылығы мен дәлділігіне көз жеткізу үшін, ол үлгілерді ел 
арасында қайта-қайта сұрастыру әдістемесі арқылы тексеріп
тұрғанын ескертеді. 
Фольклорды тікелей жинау барысында белгілі фольклоршы-
ғалымдар: Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин т.б. тәрізділер 
сияқты Ә.Диваев та, М.Ж.Көпеев те өзіндік жинау әдісіне сүйенгені 
белгілі. Олар: тілдік ерекшеліктерді сақтау, дәлділік, айтушы аузынан 
сол қалпынан көшіру, арнайы бір тақырыпқа материал жинау т.б. 
Сондай-ақ айтушы не айтты- бәрін түгел қалдырмай жазу шарты, еш 
сөзін қысқартуға, алып тастауға немесе өз жанынан басқа бір нәрсені 
қосуға мүлде болмайтындығы, диалектілік ерекшеліктер болса, оны да 
тастамай көрсетіп отыру керектігі жөніндегі т.б. талаптар- барлық 
фольклорист- ғалымдар үшін ортақ. Сол тәрізді шығарма соңынан 
толық паспортын беруі: шығарманы кім, қашан, қайдан, кімнен естіп 
жаттап алды деген сауалдарға жауап жазу керектігі тәрізді талаптарды 
Ә.Диваевтың да, М.Ж.Көпеевтің де, сол кездегі басқа да 
жинаушылардың барынша орындауға күш салғаны байқалады. 
Жалпы Ә.Диваев жинаған материалдар негізінде қазақ фольклоры әрі 
тақырыптық, әрі жанрлық жағынан толықты.
А.В. Затаевичтың тікелей жинау әдісінде де жаңалық бар. Ол сегіз 
жыл бойына ерінбей-жалықпай: Ақмола, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, 
Орынбор, Семей, Орал губерниялары, Адай, Торғай уездері, Түркстан 
қазақтарының өлеңдерін жазып алумен шұғылданды. Өзінің жұмыс 
тәжірибесінде А. Затаевич қазақ зиялылары өкілдеріне сүйеніп, 
атақты жыршылар мен ақындардан, мұғалімдерден, студенттерден
курсанттар мен оқушылардан, елден келгендерден естігендерін қағаз 
бетіне түсірді. А.В. Затаевичтің халық ауыз әдебиетін жинау 
жұмысына қазақ халқының оқыған адамдарын тартуы, оның үлкен бір 
жаңалығы еді. Ол өзінің «Қазақ халқының 1000 ән-күйі» деген белгілі 
жинағына жазған алғысөзінде: «Қымбатты достар, жігіттер! 
Өздеріңізбен бірге істелген бұл еңбекті сіздерге арнаймын. Арнай 
отырып өздеріңізге қайтарамын», - деуі әбден орынды айтылған 
пікір [72]. 
«Правда» газетінде А.Затаевичтің бұл жұмысы «мәдени жақтан 
өсіп келе жатқандық» деп бағаланды [73]. А. Затаевичтің ісі 
басқаларға да үлгі болды, жас қазақ фольклористері оның фольклорды 
тікелей жинау тәсіліне сүйене білді. Олар А. Затаевичтің халық 
талантына деген сүйіспеншілігін жоғары бағалады. С.Сейфуллин мен 
Б. Майлин- А. Затаевичке атақты әнші адамдарды тауып беруге 
көмектесті [72, 326 
б.
]. Сол кезде Орынбордың жұмысшы 
факультетінде оқып жүрген С. Мұқанов- А. Затаевичке «Қос алма», 


46 
«Мақпал», «Қараторғай» өлеңдерін айтып береді [72, 331
б.
]. С. 
Мұқанов кейін өзі де қазақ халқының өлеңдері мен айтыстарын 
жинаумен әуестене бастайды. Оның мұндай бастамасы А. Затаевичпен 
қарым-қатынасын күшейте түседі. Екеуі жинаған материалдардың көп 
жағдайда ұқсастығы да байқалады. Мәселен, А.Затаевич Ақмола 
облысынан өлеңдер жинап жүріп Ыбырай ақынға кездеседі. Онан 
«Ыбырайдың патшалығы» деген өлеңді жазып алады. Ыбырайды 
жақсы білетін С.Сейфуллиннен А.Затаевич оның репертуары жөнінде 
сұрап, танысады [72, 325 
б.
]. Ыбырай Сандыбаевтың өлеңдерін С. 
Мұқанов та жинап, оны 1924 жылы Орынборда шығатын «Қызыл 
Қазақстан» журналына бастырып шығарады [74]. Демек, Кеңес 
дәуірінде фольклорды тікелей тәсіл арқылы жинағанда, айтушылар, 
көбінесе сөзге жүйрік, көп білетін адамдардан құралса, ал 
жинаушылар оқыған, зиялылар, ақын-жазушылар т.б. болған. 
Бұлардың арнайы фольклортанушылық білімі болған жоқ. Дегенмен 
бұл тәсілде фольклорлық шығарманың тілдік, лексикалық жағы 
ескеріліп отырылды. Г.Н. Потанин, Ә.А. Диваев, А.Н.Белослюдов, 
А.В.Затаевич сияқты фольклористер өздерінің қалаған материалдарын 
ел арасынан жазып ала жүріп, жинау жұмысының көлемін кеңейте 
берді. Олар өздерінің іс тәжірибесін ақыл ретінде жастарға айта 
отырып, қазақ халқының алдыңғы қатарлы мәдени күшін халық ауыз 
әдебиет үлгілерін жинау жұмысына тарта берді. 
Г.Н.Потанин жинаушылығына қатысты ғалым Н.С.Смирнова 
мынадай бір дерек келтіреді: «... По возвращении из Монголии 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет