Тапсырма №1 Тақырып бойынша бақылау сұрақтары.
1. Отбасындағы аға ұрпақтың рөлі мен үлгісі.
2. Тәрбиедегі мақал мәтелдер және оның мәні.
3. Қазақ халқындағы патриоттық тәрбиенің ерекшеліктері.
4. Отбасындағы үлкендерді не себепті халық педагогикасынығ тәрбиешілері дейміз?
5. Ы.Алтынсарин қай елдің әдебиеті мен мәдениетін терең зерттеп, қазақ халқына пайдаланды?
6. Ы.Алтынсариннің балаларды адамгершілікке, еңбекке тәрбиелейтін әңгімелерін ата?
7. «өнегелі» «тәрбиеленгендік» ұғымдарын қалай түсінесің?
8.Қонақ кәде дегеніміз не?
9.Келін тәрбиесі дегенімізді қалай түсінесің?
10.Салт дәстүрлердің отбасылық маңызы.
ОСӨЖ-на семинар сабағына №1,2,3,4,5 сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
Тапсырма №2 Лекциядан кейінгі ОСӨЖ-де Абайдың «бірінші, екінші, жетінші, жиырма бесінші, т.б., қара сөздерінің» тәрбиелік мәні. (конспект жазу және ол ауызша сұралады ).
Тапсырма №3. офистік ОСӨЖ-на 121-140 тестке ауызша дайындау.
Тапсырма №4. ОСӨЖ-де 6,7,8,9,10 сұрақтарға жазбаша жауап дайындау.
9 – апта
Тақырып №9. Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі.
Еңбек сүйгіштігі, кәсіптік дағдыларды және кәсіптік бағдарды тәрбиелеу,аталар мен әжелердің балаларының мал бағуды,малға қора соғуды, қол еңбегінің дағдыларын меңгеруді үйретудегі рөлі. Аналарының қыз балаларды кесте тігуге,кілем тоқуға үй жұмыстарын атқаруғы баулуы. Балаларды отбасында кәсіпке үйретуі.
Тапсырма №1 Тақырып бойынша бақылау сұрақтары.
1.Отбасында кәсіптік бағдарды тәрбиелеу.
2. Аналарының қыз балаларды тәрбиелеу үлгісі.
3.М.Жұмабаев – тәрбиенің түрлері, ұлттық тәрбие, қазақ тілі, психология мен педагогика ғылымының бір – бірімен тығыз байланыстылығы туралы.
4. Қыз бала тақырыбындағы мақал мәтелдер.
5. Отбасына арналған мақал мәтелдер.
6. М.Дулатов – мектеп, мұғалім, ұлттық тәрбие туралы.
7. Н.Құлжановтың қазақ өнері және қазақ әйелдеріне білім беру мәселесі туралы еңбектері?
8. Баланы қырқынан шығару салтының мәні.
9. Ұлттық спорттық ойындарды ата және оның мәні.
10.Оймен келетін спорттық ойындар.
Достарыңызбен бөлісу: |