Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Студентке тапсырманы орындау кезінде қойылатын талаптар



бет2/12
Дата27.03.2023
өлшемі97 Kb.
#471164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
8 ЭТНОПЕДАГОГИКА ТАПС ОРЫН ӘД НҰСҚ 2014

Студентке тапсырманы орындау кезінде қойылатын талаптар


Дәріс – студенттерге оқытылатын тақырып бойынша барлық материал. Дәріс жазуды үйренейік: мұндай жазу конспектілеу (латынның conspectus сөзінен шыққан - «шолу»деген мағынаны білдіреді) деп аталады, шығармашылық үдеріс болып табылады, белгілі бір білік пен дағдыны талап етеді. Меңгеруге жеңіл болуы үшін, бірнеше практикалық ақыл-кеңестерді есте сақтауды ұсынамыз: Оқытушы айтқанның бәрін сөзбе сөз жазуға тырыспаңыз, ол мүмкін емес әрі қажеті де жоқ. Егер сіз осыған талпынсаңыз, сіздің жазып алғаныңызда аяқталмаған, тастап кеткен сөйлемдер болады, сондықтан айтылған материалдың логикасы бұзылып, конспектіңіз жарамсыз болады. Ойды ең мәндісін жаза отырып, өз сөзіңізбен және қысқаша жазуға үйреніңіз; негізгісін қосымшасынан ауызша бөліп көрсетуге үйреніңіз;жазып алғаныңыз ашып көрсетілген дәріс-жоспар сияқты логикалық байланысты және жинақталған болуы керек;егер, дәрісте сызбанұсқа, кесте, сурет ұсынылса, онда міндетті түрде дәптерге ұқыпты және көңіл қойып көшіріп алыңыз;дәріс барысында оқытушы сол немесе басқа да ойды белгілеп айтады, сондықтан жазуыңыздағының біреуінің мәніне сәйкес бөліп көрсетіңіз.
Семинар сабағы тақырып бойынша оқу материалдарын меңгерудің қорытынды кезеңі болып табылады, мұндай сабақта студенттердің өзіндік жұмыстары қорытылып, бағаланады. Дәріспен салыстырғанда, семинар сабағында студенттер теориялық мәселелерді тереңінен қарастырып, оларды практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады. Студенттер талқыланатын мәселелерді түсіндіру, талдау, бағалау, сараптау, ситуацияларды жан-жақты талдау, логикалық тұжырымдау, жүйелі түрде ойлау, негізгі мәселе аясында нақты баяндау, басқаның пікірін тыңдау және сыни тұрғыдан бағалау сияқты белсенді әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдарын келтіреді. Семинар сабағын топтық талқылау және пікірталас арқылы ұйымдастырған тиімді.
Семинарға дайындық барысында: семинарлық тапсырмасының тақырыбын талқылап, талдауға ұсынылатын негізгі мәселелер мен мақсаты туралы ойластырыңыздар; осы тақырып бойынша оқытушының дәрісте берген материалын көңіл қойып оқып шығыңыздар; ұсынылған әдебиеттерді оқып, оқығаныңыздың ішінен семинарда талқылауға қажеті болатындарынан конспекті жазыңыз; әрбір сұраққа оны нақты мәліметпен дәлелдей отырып, өз пікіріңізді айтуға талаптаныңыз; оқулықпен және ғылыми әдебиетттермен өзінік жұмыс жасаған уақытта туындаған сұрақтарды жазып алыңыз, сосын семинарда оған жауап аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет