Қазақстан республикасы білім



бет21/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   133
Геодезия кітабы

22-сурет. Географиялық координаталар
бастапқы меридиан ретінде Грин- вич меридианы саналады (Ұлы

Британия, Лондондағы Гринвич обсерваториясы Бас залының ортасынан өтеді).
Экватор жазықтығынан солтүстікке қарай есептелетін ендік – солтүстік ендік, ал оңтүстікке қарай – оңтүстік ендік деп атала- ды. Бастапқы меридианнан басталып шығысқа жəне батысқа қарай есептелетін 00-тан 1800 дейінгі бойлықтар ретімен шығыстағы – оң, батыстағы – теріс бойлықтар деп аталады.
Геодезиялық координаталар жүйесінде негізгі координаталық жазықтық ретінде референц-эллипсоид жазықтығы, ал негізгі координаталық сызықтар ретінде – геодезиялық меридиандар мен параллельдер алынған. Бұл жүйеде координаталар жер бетіндегі нүктелерден түсірілген тіктеуіш сызықтарға салыстырмалы түрде қарап есептелетін болса, ал мұнда, яғни астрономиялық коорди- наталар жүйесінде эллипсоидқа түсірілген тіктеуішке (нормальға) салыстырмалы түрде анықталады. Аталған екі жүйенің негізгі айырмашылығы осында.
Бір нүктенің жер бетіндегі астрономиялық жəне геодезия- лық координаталары əртүрлі. Бұл айырмашылық бір нүктенің эллипсоидқа түсірілген тіктеуішімен жəне сол нүктеден түсіріл- ген тік сызықтың бір-біріне дəл келмеуімен түсіндіріледі. Мұн- дай дəл келмеушілік тіктеуіш сызықтардың ауысуы (ауытқуы) деп аталады. Іс жүзінде астрономиялық жəне геодезиялық коор- динаталардың бір-бірінен орташа айырмашылығы 3 – 4//, кейбір аудандарда көбірек болып келеді.
Астрономиялық жəне геодезиялық координаталар жүйелерінің жалпы ортақ аты бар, ол – географиялық координаталар жүйесі.


§ 5.2 Азимуттар, румбтар жəне олардың арасындағы байланыстар


Жер бетіндегі сызықтың орналасу бағыты, Жер дүниенің төрт бұрыштық (полюстік) келесі бағытарынан басталады: негізгі немесе магниттік азимуттарынан, румб немесе дирекциондық бұрыштарынан.
Негізгі азимут дегеніміз – негізгі меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтықтығы арасындағы бұрыш. Негізгі азимут сағат тілінің бағытымен мери-
дианның солтүстік басынан басталып өлшенеді. Ол 00-тан 3600-қа дейін өзгереді.
Магниттік азимут дегеніміз – магниттік меридианның солтүстік бағыты жəне берілген бағыт арасындағы бұрыш, ол да 00-тан 3600-қа дейін өзгереді. Магниттік меридиан бағыты магнит үшкілінің (компас немесе буссоль үшкілінің бағыты) бағытымен анықталады. Бос ілінген магнит үшкілінің бір басы
– солтүстікті, екінші басы – оңтүстікті көрсетеді. Магниттік ме- ридиандар Жердің солтүстік магниттік полюсінде түйіседі де, ол географиялық полюспен дəл келмейді. Сондықтан бір бағыттың магниттік азимуты, оның негізгі азимутына тең болмайды, яғни қандай да бір шамаға ауысып тұрады. Осы айырмашылықты магниттік үшкілдің ауысу бұрышы дейді. 23-суретте магниттік азимут пен негізгі азимуттардың байланысы көрсетілген,
A = Am + δ, (42)
мұндағы А, Am – негізгі жəне магниттік азимуттар;
δ – магниттік үшкілдің ауысу бұрышы.
δ – магниттік үшкілдің ауысу бұрышы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет