алу құрылғысына жарық беру айнасы – 11. Цилиндрлік деңгей –
2Т30М теодолитінің ерекшеліктерінің бірі, лимбті бекіту жəне оның жетекші бұрандасы жоқ, оның орнына лимбті бекіту жəне босату шүріппесі – 13 орнатылған.
Теодолитті жұмысқа қосу. Теодолитті жұмыс істеу қалыпты жағдайына келтіру үшін, оны бұрышы өлшенетін нүктенің (қосынның) үстіне дəл орнату жəне бабына келтіру керек. Бұрыш өлшеу нүктесінің үстіне үштаған орнатып, арнаулы бұранда арқылы теодолитті соған бекітеді. Теодолитке тіктеуіш ілініп, нүкте үстіне оның дəл келуін қадағалайды. Бұл жұмыстар шама- мен орындалғаннан кейін, аспапты қалыпты жағдайға деңгеймен тексере отырып келтіреді. Аталған жұмыстар төмендегі ретпен орындалады:
Алидада үстіндегі цилиндрлік деңгейді көтергіш екі бұ- рандаға параллель қойып, оның көпірікшесінің ортаға келуін көтергіш бұрандаларды бір бағытта, бір уақытта бұрау арқылы (екі көтергіш бұранданы бір уақытта қарай немесе сыртқа қарай) іске асыру керек;
а) 2Т30 теодолитінің есеп ə) Т30 теодолитінің есеп алу шкаласы алу шкаласы
б) 2Т30М теодолитінің есеп алу шкаласы
33-сурет
Цилиндрлік деңгейді 90 градусқа бұрып, үшінші көтергіш бұранда арқылы деңгей көпіршігін ортаға келтіреді;
Аспапты жан-жағына 90-180 градусқа бұрып, деңгей көпір- шігінің ауытқымауын қадағалайды;
Теодолитті бекіткен бұранданы босатып, аспапты үштаған үстінде жылжыту арқылы нүкте үстіне дəлдейді.
Осы айтылған жұмыстар орындалғаннан кейін, деңгей көпір- шігінің ауытқуы байқалса, жоғарыдағы істелген жұмыстарды толық қайталау керек.
Есеп алу құрылғысы. Есеп алу құрылғысы алидада мен лимбтың бұрыш өлшеу кезіндегі үйлесу жағдайын көрсететін күрделі оптикалық механизм. 2Т30М, Т30 теодолиттерінің есеп алу құрылғысы микроскоп түрінде дүрбі жанына орналасқан. Оптикалық есеп алу жүйесі жарық беруші айнамен жабдықталған. Микроскоп окуляры арқылы қарағанда, есеп алу шкалалары
көрініп тұрады, яғни лимб пен алидаданың бұрыш өлшеу кезін- дегі үйлесуі призмалар арқылы окулярға берілген. Жазық жəне тік бұрыштарды өлшеу шкалалары окуляр ішінде жеке-жеке орналасқан. Тік бұрыштарды өлшеу шкаласы окулярдан қарағанда жоғары жағында, ал жазық бұрыштарды өлшеу шкаласы төменгі жағында орналасқан. Т30 теодолитінің есеп алу шкаласының əр бөлігі 10 минуттан алты үлкен бөлікке, яғни 1 градуста 60 минут болғандықтан, сол алпыс минут тең алты үлкен бөлікке 10 минут- тан бөлінген. Бұл үлкен бөліктер əрқайсысы 5 минуттан кіші екі бөлікке бөлінген. (33 а-сурет).
Тік бұрыштарды өлшеу шкаласының (+) жəне (–) таңбалары жəне екі қатарлы цифрлары бар. Шкаладан (+) таңбалы штрихтары көрінсе, онда шкаланың цифрлары солдан оңға қарай көбейіп есеп алынады, ал егер (–) таңбасы көрінсе есептеулер оңнан солға қарай оқылады (33 ə-сурет). Бұл таңбалар дүрбі бағытталған нүкте аспаптың көк жиек деңгейінен жоғары (+) немесе төмен (–) жатқанын көрсетеді.
2Т30М теодолитінің есеп алу шкалалары 10 минуттан үлкен ал- ты бөлікке жəне 1 минуттан 60 кіші бөлікке бөлінген (33 б-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |