Қазақстан республикасы білім



бет65/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   133
Геодезия кітабы

Бақылау сұрақтары:

  1. Қолдан салынатын құрылымдарға не жатады?

  2. Көпірдің жабу материалына байланысты түрлерін атаңыз.

  3. Көпірдің өткізу қабілетіне байланысты түрлерін атаңыз.

  4. Көпірдің негізгі элементтерніе не жатады?

  5. Көпірдің ұзындығы қалай анықталады?

  6. Көпір салудағы ізденіс жұмыстары деген не?

  7. Көпірдің осін қалай бекітеді?

  8. Су жеткізу құбырларын жолдан қалай өткізеді?

  9. Бұрыштық шаблонды қалай қолданады?

  10. Базистерді қалай өлшейді?
  1. тарау


ТЕМІР ЖОЛ САЛУДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР


§11.1 Темір жолдарды салу алдындағы ізденіс жұмыстары


Барлық инженерлік құрылымдар сияқты, темір жолдар бекі- тілген жоба негізінде салынады, ал осы жоба темір жол са- лынатын трасса бойымен жүргізілген тиянақты жүргізілген ізденіс жұмыстарының нəтижесімен құрастырылады. Ізденіс жұмыстарын екі түрге бөледі: экономикалық жəне техникалық.
Техникалық ізденіс жұмыстарының негізгі тапсырмалары болып саналатындар – жер бетінде жоба бойынша салынбақшы жолдың пландық жəне профильдік орналасуын нақтылы анық- тау. Сондықтан техникалық ізденіс кезінде трасса бойымен керекті топографиялық түсірістерді жасай отырып, инженерлік геологиялық жəне гидрогеологиялық жұмыстарды жүргізіп, көпірлік, тоннельдік өту жолдарын тиянақты тексереді.
Бұл тексерулер жоба жасау кезінде трассаны өте тиімді, ыңғайлы жағдайда құруға мүмкіндік береді. Сонымен техникалық ізденіс жұмыстары топографиялық, геологиялық, гидрогеоло- гиялық, жол салу жəне басқа да осы жұмыспен тығыз қарым- қатынастағы жан-жақты, үрдісті істерден тұрады.
Жол трассасына қойылатын негізгі талап, берілген жыл- дамдықта іркілмей, қауіпсіз жылжу болып табылады.
Сондықтан темір жол салуда шекті жоғарғы еңкіштік (бас- қарушы) жəне шекті төмен бұрылу радиусы қалыптасқан (21-кесте).
4.1-кесте

Жұмыс аттары




I

II

III



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет