Жер бетінде қазаншұңқырды қадалау үшін, оның қадалау сызбасын құрады, мұнда фундамент өлшемдерін, оларды қанша тереңдікке орналастыратындығы, сонымен бірге ғимараттың барлық ұзынабойлық жəне көлденең осьтері салынады. Қазан- шұңқырдың төменгі жиегінің биіктігін жəне қабылданған аршу көлбеулігін есепке ала отырып, жоғары жиегінің орналасу жағдайын анықтайды. Жоғары жиек сызығын қазықшалармен, олардың арасында жіп немесе сым тартып белгілеп бекітеді. Қазаншұңқыр жиегінің аршу көлбеулігін есепке алмастан, оның жер бетіндегі шекарасын қазықшалармен бекітеді, бұл қазық-
шалар шұңқыр осінен, оның енінің жартысындай артық шама- ға тең болады, яғни шұңқыр түбіне бетон құйғанда орнататын қалыпты кедергісіз қоюға мүмкіндік беретіндей болуы керек.
сурет. Қазаншұңқыр түбіне биіктік шамасын беру тəсімі
Жер қазу жұмыстарында шұңқыр тереңдігін жүйелі түрде тұғыр немесе шұңқыр түбіне бетон құйғанда орнататын қа- лыптың үстіне орнатылған, арнаулы көздегіш арқылы жəне жер қазушы механизм өтіп кеткеннен кейін жылжымалы көздегіш- пен тексеріп отырады. Себебі қазу жұмыстары тереңдеп кетсе, шығын да көбейеді, оның үстіне топырақтың кəдімгі құрылымы (геологиялық, гидрогеологиялық, сапалық, т.с.с.) өзгеруі мүмкін. Ең соңғы рет шұңқыр табанын тазалағаннан кейін, оның түбін, яғни биіктік шамаларын көздегішпен немесе нивелир- мен тиянақты түрде тексереді. Траншея немесе шұңқыр түбін
тексеруде, топырақты жеткізбей алу 5 см аспауы керек.
Кең жəне терең, аумақты шұңқырларды қазуда, олардың табанына немесе тепкішектеріне уақытша реперлерді орнатуға тура келеді. Мұнда жұмыс реперлерін жеткізу келесі тəсіммен іске асады.
Айталық (129-сурет), қазаншұңқырдың жиегіндегі А нүкте- сінде жұмыс репері, ал қарсы беттегі жиегіндегі Е нүктесінде көлбеулеп, еңкейте ағаш дөңбек орналасқан, В нүктесінде q салмағы бар болат өлшегіш таспа ілінген. Уақытша реперлер болып саналатын С жəне D нүктелеріне биіктік шамаларын жеткізу керек.
Қазаншұңқыр түбіне биіктік шамаларын жеткізу үшін, нивелирді кезегімен шұңқыр жиегіне жəне тепкішегіне орнатады да, рейкадан жəне таспадан есептер алады.
С нүктесінің биіктігі тең болады,
НС = НА + а – (b+ d), (184)
Ал, D нүктесінің биіктік шамасы,
НD = НА + а – (l+ f) , (185)
мұндағы a, d жəне f ретімен А, С жəне D нүктелеріне қойылған рейкадан алынған есептер;
l, b – өлшегіш таспадан алынған есептер.
Тексеру үшін шұңқыр түбіне биіктік жеткізу екі жұмыс реперлерінен ілінген таспа ұзындығын əр өлшеген сайын өзгерте отырып жүргізіледі. Шұңқыр түбіне биіктік шама- сын беру қателігі ±1 см аспауы керек. Егер жоғарғы дəлдік ке- рек болса, өлшегіш таспаға компарирлеу жəне ауа қызуына түзетулерін енгізеді, сонымен бірге нивелирлеу иіні тең болғанын қадағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |