Фундаментті жоба бойынша дұрыс салу, ғимаратты тұрғызу жəне монтаждау жұмыстарының сапасын арттырады жəне əрі қарай оны жалғастырудағы ең жауапты технологиялық жұмыстардың бірі. Фундамент салудағы қателіктер, ғимарат беріктігін əлсіретеді немесе кейбір жағдайда оның бұзылуына себепші болады. Сондықтан пландық жəне биіктік қадалау жұмыстарының дəлдігін қатаң сақтау керек. Фундамент салудағы қадалау жұмыстарының ең көп тараған түрін қарастырып көрелік. Құрастырмалы созылмалы (ленточные) фундаментті мон- таждаудағы қадалау жұмыстары. Созылмалы фундамент құрылысы жағынан екі негізгі түрге бөлінеді: бүтін қабырға асты- на тиянақ ретінде салынатын фундамент (ленталық фундамент)
жəне үлкен салмақ түсетін тұстардағы бағаналардың астына тия- нақ ретінде салынатын фундамент.
Көтермелі қабырғалардың астына салынатын ленталық фун- даменттің ең көп тараған түрі – сыртқы қабырғалар блогінен (1), ішкі қабырғалар блогінен (2) жəне блок-жастықтан (3) тұратын құрамалы фундамент (135-сурет).
Темірбетон блокты құрастырып салу үшін мұнаралық көтергіш кранды пайдаланады. Кран ағаш шпалдар үстіне салынған темір жол рельстері арқылы жылжиды, осьтер арасы – 0,5 м.
135-сурет. Ленталық фундаменттің 136-сурет. Құрамалы блоктары созылмалы фундаментті
монтаждаудың қадалау тəсімі
Жер бетінде кранның жылжу осін қадалайды да, одан өлшеу арқылы рельстің пландық жағдайы анықталады. Шпалдарды салу үшін жерді тегістейді, кран тегіс, көлбеулігі жоқ рельспен жыл- жуы керек. Оны нивелирлеу арқылы іске асыруға болады. Қатар салынған рельстердің жобалық енінен, рельс төбесінің жазық жазықтықтан ауытқуы ±2 мм аспауы керек.
Құрамалы созылмалы фундментті монтаждауды келесі рет- пен орындайды (136-сурет).
Шұңқыр немесе траншея түбін соңғы рет тазалап шыққаннан кейін блок-жастық астына құм төсейді де, көздегіш арқылы бақылай отырып, таптайды. Осьтердің бағытын белгілеу үшін тұғыр үстіне сым тартады. Монтаждауды ғимарат бұрыштарына бірқатар блоктарды салудан бастайды, əрі қарай олардың ара- сына 15-20 м сайын, бақылаушы (маяктық) блоктарды салады (қалайды). Бұрыштық жəне бақылаушы блоктардың арасына фун- дамент сызығымен, фундамент қырынан 5 мм қалдырып, жағалық сым (проволку-причалку) тартады да, осы сым бойымен қалған блоктарды салады.
Бақылаушы блоктарды қоюмен бірге, оларды үстіңгі осьтік сызығы бойымен үстіне рейка қойып нивелирлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |