Қазақстан республикасы білім


§ 16.4 Ірі панельді, каркасты жəне каркасты-панельді ғимараттарды монтаждау кездеріндегі геодезиялық жұмыстар



бет117/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   133
Геодезия кітабы

§ 16.4 Ірі панельді, каркасты жəне каркасты-панельді ғимараттарды монтаждау кездеріндегі геодезиялық жұмыстар


Ірі панельді құрылыста монтаждау жұмыстарының сапасы, оны дұрыс уақтылы геодезиялық іспен қамтамасыз етуге байла- нысты, яғни: панельдердің осьтері қадалау осьтерімен дəл келу- леріне; панельдердің тік болуын қатаң бақылауға алуға; панельдің жоғары жағын жобалық орнына келтіруге; панельдердің жазық жəне тік жалғасу жіктеріне жобалық өлшем шамаларына байла- нысты.
Ірі панельді, қаңқасыз ғимаратты монтаждау кезінде, қабыр- ғалық панельдерді қоюға жəне түзетуге ерекше көңіл бөлінеді, себебі оларды дұрыс қоюдан бүкіл ғимаратты салудың дəлдігі жəне тұрғызу сапасы артады.
Əр қабаттағы қабырғалық панельдерді тұрғызуға, монтаждау деңгейін дайындау жəне түзету жұмыстарын біткеннен кейін кіріседі. Ғимараттың барлық периметріне немесе бір бөлігіне қабырғалық панельдерді тұрғызу үшін, ұзынабойлық жəне көлденең осьтерін қадалайды (148-сурет).



  1. сурет. Панельдерді орнату тəсімі 1 панель; 2 ұстағыш-тиянақ; 3 – маяк; 4 – осьтік сым; 5 – лай қоспасы

Қабырғалық панельдердің пландық орындарын тексерумен бірге, олардың биіктік бойынша дұрыс орнатылғанын қамтамасыз ету керек.
Панельдің жоғары жақтары бір жазықтықта, жобалық бір биіктікте жатуы үшін арнаулы лай қоспасын (5), сонымен бірге панель астына (керек болса үстіне) металл немесе ағаш төсеніш- маяк (3) салады. Төсеніштің қалыңдығын нивелирлеу нəтижесін жəне панельдің нақтылы биіктігін пайдалана отырып есептейді. Ішкі панельдердің план бойынша орнату дəлдігін арттыру үшін алдын ала панель ішіне пісіріліп бекітілген немесе деңгейлік жабу панельдеріне бекітілген тиянақ-ұстағыштарды (2) пайда- ланады. Тиянақ ұстағыштардың арасындағы саңылау панельдің қалыңдығынан 3 мм артық болуы керек.


  1. сурет. Тіктеуіш-сызғыш

1 кронштейн; 2 серіппелі планка- лар; 3 шнур; 4 шкала; 5 тіктеуі



  1. сурет Ірі панельді монтаждаудағы ығысулар 1 панельдің тірек бетінің

ығысуы (±10 мм); 2 – панельдің тік жағдайынан жоғары жақ қима жазықтығының ауытқуы (±5 мм); қадалау осіне қарағанда панельдің төменгі қима осінің ауытқуы (±5 мм); 4 фундаменттің жоғары тірек беті биіктік шамасының ауытқуы (±5 мм)

Сыртқы панельді маяк үстіне фиксаторсыз, ғимараттың сырт- қы қырына дəл келетін арнаулы ойыққа үйлестіре қойып орнатады. Панельді орнына ғимараттың сырт жағынан, дайындалған орнынан 0,3-05 м жоғары береді. Панельді тік қалпын қатаң сақтап, орнына жайлап түсіреді де, панельді уақытша арнаулы тіреулермен бекітеді. Панельді орнатып бекіткеннен кейін, оның тіктігін тексереді, керек болған жағдайда қапсырма тросты босатып, тіреу муфтасын бұрай отырып, панельді тік-жобалық
қалпына келтіреді.

Панельді тік жағдайға келтіру үшін маятникті тіктеуіш не- месе рейка-тіктеуішті қолданады. Панельдің тіктігін оның екі қыры арқылы тексереді: қабырғалық жəне ашық бүйір қырлары арқылы. Егер екі қыры арқылы түсірілген тіктеуіш рейкадағы тік сызық-ойыққа (риской) дəл келсе, онда панель дұрыс орнатылған. Панельдің тік жағдайында дұрыс орнату дəлдігін жəне монтаждау өнімділігін арттыру үшін, тіктеуіш-сызғыш кеңінен қолданылады (149-сурет). Тіктеуіш-сызғыш тіктеуіштен (5), сызғыш бойымен түсірілген шнурдан (3) тұрады. Тіктеуіш- сызғышты панельдің жоғарғы қырына кронштейн 1 арқылы орнатады. Сызғышқа ұштары бір сызықтың бойында, сызғышқа пареллель тіреуіш планка (2) бекітілген. Сызғыштың төменгі бөлігі шкаламен (4) жабдықталған. Тіктеуіш жібі шкаланың нөлі арқылы өтсе, онда панельдің тік орналасқаны. Панельдің тік орналасқандығын тексеру кезінде тіктеуіш-сызғышты панельдің бүйір бетіне жанай қояды, мұнда кронштейн өзінің қырымен панельдің жоғары қырына тіреліп, ал сызғыштың жоғарғы жəне төменгі тіремелері тексерілмекші бүйір беттерге тиіп тұруын қадағалайды. Егер тіктеуіш-сызғышқа шкала сияқты бөліктер сызып қойса, оны нивелирлік рейка ретінде, панельдің биіктік
шамасын тексеруде пайдалануға болады.
Панельдерді монтаждауды алдымен көлденең жəне ұзына- бойлық осьтердің үстіне, жобамен ғимараттың ортасына базалық панельдерді орнатудан бастайды. Бұл базалық панельдер қатаң блок құрады, яғни оларды орнынан қозғамайды, қалған панельдер осы базалық блоктарға жанай орналасады. Базалық панельдерді теодолит арқылы бақылап орнатады да, тіреуіштермен немесе арнаулы «кондукторлармен» (арнаулы құрылғымен) бекітеді. Келесі панельдерді монтаждау кезінде, олардың орналасу жағдай- ларын тіреулермен жəне байланыс жабдықтарымен анықтайды.
Ортасынан шетіне қарай «еріксіз» монтаждау ғимарат конс- трукциясын құрастырудың жоғары дəлдігін қамтамасыз етеді. Мұндай дəлдікке қол жеткізу үшін, əртүрлі құрал-жабдықтарды қолданады, мысалы, деңгей төбесіне бекітілген жазық болат тас- паларды пайдаланады. Бұл таспалардың көлденең панельдерді бекітетін тіремелер жəне панельдердің жоғары жағын бекіте- тін жазық құбырлы байланыстары бар. 150-суретте каркассыз
ғимараттарды ірі панельдерден монтаждаудың орнынан ауытқу шамалары берілген (СНиП III-B.4-97).
Каркасты-панельді ғимаратты монтаждауда, темірбетонды конструкцияларды бекітпестен бұрын, тиянақты түрде олардың нақтылы орналасу жағдайларына геодезиялық бақылау жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет