«Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі–Мемлекеттік корпорация).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттардың топтамасын Мемлекеттік корпорация бөлімшесінде да тіркеген сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке жән е заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Мемлекеттік корпорация бөлімшесіның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, электрондық кезек», жеделдетіп қызмет көрсетусіз және портал арқылы электрондық кезекті «броньдау «тәртібінде көрсетіледі;
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат немесе заңды тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (куәлігі) немесе дара кәсіпкердің патенті (заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
2) алушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе қайтыс болу фактісін растайтын басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостиль қойып куәландырылған құжат;
3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банктік операциялардың түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, , «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесінде банктік шотының болуы туралы құжат.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні:
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі;
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының,
Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрлік, көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына шағым беріледі.
Қызметкер дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылады.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91.
«Жерлеуге арналған біржолғы
төлем тағайындау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Ауданның коды ______________
Қазақстан Республикасы
Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің
________________________ облысы бойынша департаментi
Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________
____________________________________________________________________
(мекенжайы бойынша тұратын, телефоны)
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Өтініш
____________________________________________________________________
(мекенжайы бойынша тұрған)
____________________________________________________________________
(қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде), туған күні)
жерлеуге біржолғы төлем тағайындауды сұраймын.
Жерлеуге арналған төлемді _____________________ банк филиалының № __________, «Қазпошта» АҚ-ның №________ банктік шотына аударуды сұраймын.
Жерлеуге арналған бiржолғы төлемге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с №
|
Құжаттың атауы
|
Құжаттағы парақтардың саны
|
Ескертпе
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
Өтініш берушінің байланыс деректері:
үй телефоны _________ ұялы телефон __________ Е-mail ___________
Өтініш берген күні: 20__ жылғы «___» ____________
Өтініш берушінің қолы ____________________
Азамат ____________________________________________________ өтініші
№_____болып тіркеледі. Құжаттар қабылданған күн 20___жылғы «___»_____
____________________________________________________________________
(құжаттарды қабылданған адамның тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде) және қолы)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы ____________
№ ________ бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
4-қосымша
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы
қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорациясына құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 минут;
2) көрсетілетін қызметті жеке тұлғалар (бұдан әрі – қызметті алушы) жүгінген күні сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: нақты аударылған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары, уақтылы аударылмаған өсімпұлдар, сондай-ақ, қате аударылған сомаларын (инвестициялық табысты қоспағанда) қайтару туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет қызметті алушыға тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы осы меммлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және келесі құжаттарды Мемлекеттік корпорациясына ұсынуы қажет:
қызметті алушы өзі жүгінген кезде:
1) қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
сенім білдірілген тұлғалардың жүгінгені кезде:
1) қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) нотариатпен куәландырылған сенімхат – мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде;
мұрагер жүгінген кезде:
1) қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) өсиет – өсиетте көрсетілген адамдар үшін;
3) мұрагерлік іс, қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі – нотариустар мен шетелдік консулдық мекемелер үшін.
Мемлекеттік корпорация электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Порталда:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа
қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) оның
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне(әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Мемлекеттік корпорацияның аумақтық бөлімшелерінің басшысының атына шағым беріледі.
Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» Мемлекеттік корпорацияның өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелері мен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктерін ескерео тырып, қойылатын
өзге де талаптар
13. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.mzsr.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету статусы туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қоры салымшысы қаражатының түсуі
және қозғалысы туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Өтініш
Азаматынан (азаматшасынан) __________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде))
Туған жылы «__» ________ 19___ж., мекенжай бойынша тұратын:
____________________________________________________________________
БЖН _________________________________________________________________
Жеке куәліктің (паспорттың) деректері:
№ ___________________________________________________________________
кім берді ___________________________________________________________
берілген күні _______________________________________________________
Нақты аударылған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары, уақтылы аударылмаған өсімпұлдар, сондай-ақ, қате аударылған сомаларын (инвестициялық табысты қоспағанда) қайтару туралы ақпаратты ұсынуыңызды сұраймын.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келсімімді беремін.
Қолы ___________
Толтырылған күні _______ жылғы «___» _______
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қоры салымшысы қаражатының түсуі
және қозғалысы туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде), не қызметті
алушы ұйымының атауы)
______________________________
(қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы
қолхат
Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Заңның 20-бабы 2 тармағына сәйкес, Мемлекеттік корпорацияның аумақтық бөлімшелерінің № __ бөлімшесі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттардың пакеті толық емес ұсынуыңызға байланысты, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________.
мемлекеттік қызмет көрсетудің (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарын қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат 2 экз. Құрастырылған, әрбір жаққа бір-бірден.
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) (қолы)
Орын. тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _____________
Тел.__________
Алды: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/ қызметті алушының қолы/
«___» _________ 20 ____ жылы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы ____________
№ ________ бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
5-қосымша
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1)«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі–Мемлекеттік корпорация);
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) портал арқылы, Мелекетік корпорация бөлімшесіне жүгінгенде, Мелекетік корпорация бөлімшесіне құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда:
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру немесе қосымша құжат (құжаттар) сұрату үшін қажеттігіне қарай – 30 (отыз) жұмыс күн мерзімге ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) Мелекетік корпорация бөлімшесіне ұсынған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні көрсетіледі. Мелекетік корпорация қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні 5 (бес) жұмыс күні хабардар етеді.
порталда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу үшін –ақпараттық жүйесіне электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мелекетік корпорация бөлімшесінде– 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мелекетік корпорация бөлімшесінде – 30 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған, ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы хабарлама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда зейнетақы төлемін тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Қызметті қағаз жүзінде алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қызмет берушінің өкілетті тұлғасының ЭЦК расталған электрондық нысанда рәсімделеді.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мелекетік корпорация бөлімшесі – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, электрондық кезек», жеделдетіп қызмет көрсетусіз және портал арқылы электрондық кезекті «броньдау «тәртібінде көрсетіледі;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
Мелекетік корпорация бөлімшесіне:
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы);
3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банктік операциялардың түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, , «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесінде банктік шоттың нөмірі туралы немесе түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы шоттың болуы туралы құжат;
қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады;
Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, көрсетілетін қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжатты, тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты ұсыну талап етілмейді.
порталға:
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттың, банктік шот нөмірінің мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні:
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат негізінде беріледі.
Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, қызметкер осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат.
Достарыңызбен бөлісу: |