Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министірлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы


Алтын құймаларының топтастырылулары



бет27/30
Дата02.01.2022
өлшемі414 Kb.
#452181
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Аубакиров С.ТІС ПРОТЕЗІН ЖАСАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ (2)

Алтын құймаларының топтастырылулары:

Тіс техникалық алтын құймалар өздерінің физикалық қасиеті жағынан 4 түрге бөлінеді:

а) жұмсақ – аз қысым түсірілетін қондырғыларда қолданылады (салмалар);

б) орташа жұмсақ – орташа қысым түсірілетін қондырғыларда қолданылады; қаптамалар, құйылған салмалар, көпір тектес протездердің аралық бөліктерін біріктіру үшін.

в) қатты түрі – көп қысым түсірілетін қондырғыларда: жартылай қаптама, жұқа құйылған салмалар, көпір тектес протездің элементтері.

г) өте қатты – жұқа бөліктері бар қатты қысым түсірілетін бұйымдарда: ершік, ілмектер, қаптамалар.

Күміс – палладий құймалары.

Бұл құмалар қасиеті жағынан алтынның құймаларына жақын. Құймалардың түсі ақ, серпімділігі жоғары. Балқу температурасы: 1100-1200 Сº. Бұл құйманың құрамында күміс 75%, палладий 10%, алтын 15%, бриннельдің көрсеткіші бойынша қаттылығы 30. Құйманың құрамында палладийдің мөлшері жоғарылатылса онда балқу температурасы да көтеріліп, қатты және жыртылуға мықты болады. Күміс құйманың негізі болып қаттылығын жоғарылатады, ал алтын болса құйылу сапасын жақсартып құймаға алтынның түсін береді. Ауыз қуысында бұл құймалар басқа металдармен қосылып микроток туғызбайды. Күміс паладий құймалары қондырғылармен бірге тот баспайтын болатты қосуға болмайды, өйткені ауыз қуысында гальваникалық элемент пайда болып, ол созылмалы интоксикацияға алып келеді. Қолданылуы: тіс протездерінің штампты бөліктерін дайындайды (қаптамалар, алынбалы протездің негіздері). Алтыннан және күміс құймаларынан қондырғыларды өңдегенде зиянды қоспалардың араласпағанын қадағалайды (қорғасын, қалайы, сурьма, күкірт, сынап, висмут), олар металдың ішіне оңай еніп оның химико – физхикалық қасиетін төмендетеді.

Мұндай құймаларды алтын дәнекерлерімен дәнкерлейді.
Мыс негізіндегі құймалар (Рандоль).

Рандоль – мыс мырыш құймасы. Сыртқы түсі алтынға ұқсас. Ауыз қуысында тотығып, бұзылады. Бірақ жылтыры кетпейді. Осыдан металл өзгермейді деген ұғым қалыптасқан. Ас тұзының ертіндісінен металдың бұзылуына әкеліп соғады. Ал органикалық қышқылдар мыс пен улы қосылыс түзіліп, қанға сіңеді және организмге зиянды әсерін тигізеді. Құймаға қажетті дәнекер. Бір бөлік күміс және бір бөлік латон.


Мыс – аллюминий құймасы.

Балқу температурасы 1030 Сº. Құрамында 9 бөлік мыс және 1 бөлік аллюминий бар. Құйманың түсі алтынның түсіне ұқсас. Ауыз қуысы ішінде қараймайды. Бірақ тотығу реакциясы тез болады. Бұл құйма ортодонтиямен бет жақ ортопедиясын байлам (сым) ретінде қолданылады.


Мыс - мырыш - никель құймасы.

Балқу температурасы – 1024 Сº. Құйманың құрамы – 30 бөлігі мыс, 22 бөлігі мырыш, 15 бөлігі никель. Никельді марганецпен ауыстыруға болады. Металл күміс түстес, ауыз қуысында тотықты қабатпен тез жабылады. Организм үшін құйма зиянсыз.

Дәнекерлегіш – күміс дәнекері қолданылады.

Дюрь аллюминий құймасы.

Балқу температурасы – 605 Сº. Құйманың құрамы аллюминий, 0,5% магний бар.

Дюрь аллюминий құймасы ауыз қуысында тотықпайды. Қалайы арқылы дәнекерленеді. Болмаса, дәнекерлеуді ультра дыбыс арқылы жүргізуге болады.

Аллюминий – магний құймасы (магналий).

Балқу температурасы – 657 Сº. Құрамы 9 бөлігі алюминий, 1 бөлігі магний. Құйманың түсі ақ күміс тәріздес. Алюминий қатты қышқылға төзімді, күкірт қышқылы және көптеген органикалық қышқылдар құймаға әсер етпейді. Дәнекері қалайы. Дәнекерлеуді ультра дыбыспен жүргізуге болады.


Афинаж – алтынды құрамды бөліктерге ажырату.

  1. тәсіл. Азот қышқылында күміс пен мыс еріп, алтыннан ажырайды. Ол үшін құйма дән тәрізді бөлшектерге бөлінеді. Бұл процесс күмістің қышқылда еруін жылдамдатады. Содан соң, оны фарфор табақшасына салып, үстіне азот қышқылын құйып қыздырады. Бұл кезде мыспен күміс ерітіндіге айналады да, алтын табақшаның түбіне қоңыр тұнба ретінде шөгеді. Құйманың кездейсоқ қоспаларын арылту үшін, жиналып алынған тұнба азот қышқылында тағы да, қайнатылады. Сонаң соң таза суда жуылып, кептіріледі де балқытылады. Алынған құйма таза алтын. Ерітіндіден таза күмісті де ажыратуға болады. Ол үшін ерітіндіге ас тұзын қосады. Нәтижесінде тұнбаға ақ хлорлы күміс түзеді. Тұнбаны жинап келтіреді, салмағының жартысындай болатын сода аз ған бура және силитра қосып таза күміс алуға болады.

  2. тәсіл. Бір бөлік азот және екі бөлік тұз қышқылын қосып патша арағын жасайды. Фарфор табақшаға алтын құймасын және патша арағын құяды. Содан соң қышқылды қыздырады. Патша арағы алатын ерітіндіге өтіп, күміс хлорлы күміс ретінде тұнбаға түседі, тұнбаны ерітіндіден ажыратып алып, таза суда жуады да, келтіріп, балқытады. Сонда таза алтын алынады.

Саяси стандарты бойынша барлық металл құймалары мына топтарға бөлінеді:



  1. Асыл металл құймалары алтынның негізінде

  2. Асыл металл құймаларының құрамында 25-50% алтын, платина және тағы басқа құнды металдар

  3. Асыл емес металл құймалары

  4. Металлокерамикаға арналған құйма конструкциясы.

а) Алтының жоғары құрамы (75%)

б) Құрамы жоғары, асыл металдар: (алтын, платина немесе алтын және паллади 75%)

в) Палладий негізінеде (50%) жақсы технологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді, коррозияға тұрақты, Таза алтын – жұмсақ металл. Жоғарғы мықтылығымен қатандыққа жету үшін оның құрамына лигатурлы металдар – мыс, күміс, платина, қосады.

Алтын құймасы бойынша оның құрамы пайызбен есептеледі.

Таза алтын метрлік сынама бойынша 1000 сынама болып есептеледі. Россияда алтындық сынаманың жоғарғы сынамасы 960 алтынды.

Англияда каратты сынамасы-жоғарғы проба 24 карат.

3 кесте - алтын құймалары әр-түрлі жүйе бойынша белгіленеді

Алтын құймаларының

Жүйе

Құрамында %

Метрлік

Алтынды

100

1000

24

Алтын құймаларының әр түрлі жүйе бойыншга белгіленуі (3-ші кестеде) көрсетілген.

4 кесте - алтын және хром – кобальт құймаларының физикалық және механикалық көрсеткіштері



Физикалық және механикалық көрсеткіштері

Сары алтын

Ақ алтын

Хром – кобальт құймасы

Балқу температурасы, Сº

Тығыздығы, г/см³

Бриннель қаттылығы бойынша, кгс/мм²

Мықтылық шегі, кгс/мм²

Ұзаруы, %


900

15
220

35

2-35


1000

11,5
140

22

20-25


1290-1400

8-9
370

35

2-11


(4 – ші кестеде) алтын және хром – кобальт құймаларының физикалық және механикалық көрсеткіштері берілген. Хром – кобальт құймалары алтын құймаларына қарағанда екі есе жеңіл және қатты. Сондықтан хром – кобальт құймаларынан жасалған протездер жұқа және жеңіл болады.

5 кесте - алтын құймаларының қаттылығына байланысты құрамы



Құйма түрі

% саны

Au

Ag

Cu

Pd

Pt

Zn

Жұмсақ

Орташа қатты

Қатты

өте қатты



79-92,5

75-78


62-78

60-71,5


3-12

12-14,5


8-26

4,5-20


2-4,5

7-10


8-11

11-16


0-0,5

1-4


2-4

0-5


0-0,5

0-1


0-3

0-3


0,05

0,5


1,0

1-2


(5 – ші кестеде) алтын құймаларының қаттылығына байланысты құрамы көрсетілген. Қаттылығы тарапынан алтын құймаларын жұмсақ, орташа қатты, қатты және өте қатты деп бөледі.

6 кесте - әр түрлі таңбалы алтын құймаларының құрамы



Құйма түрі

% саны

Au

Ag

Cu

Pd

Pt

Zn

916

900


750

750


583

583


91,6

90,0


75,0

75,0


58,3

58,3


4,2

4,0


5,0

8,0


19,0

13,0


4,2

6,0


14,2

9,0


18,5

28,0


-

-

-



8,0

-

-



-

-

5,0



-

2,5


-

-

-

0,8



-

1,7


-

(6-шы кестеде) әр түрлі таңбалы алтын құймаларының құрамы белгіленген. Онда 900 – ші таңбалы құйма ауыз қуысында коррозияға тұрақты, 750-ші таңбалы құйманың құрамына кадмии мен платина кіреді, 916 –шы таңбалы құйманың түсі ақшыл сары өңдеуге жеңіл, 583-ші таңбалы құймамен көбінесе тіс протездерін жасау үшін қолданады.

Алтыннан және күміс – палладий құймаларынан штампты қаптама дайындаудың клиника зертханалық кезеңдері металдан жасалған штампты қаптама дайындаудың клиника зертханалық кезеңдерінен айырмашылығы жоқ. Бірақ бірнеше ерекшеліктері бар.



  1. Алтыннан жасалған жасанды қаптаманың оклюзиялық бетінің қалыңдығы 0,28 - 0,3 мм .

  2. Алтыннан жасалған қаптамаларды өңдеу үшін мүйізді немесе пластмассалы балғалар қолданылады.

  3. Күміс палладий құймасының ағартқышы 10% НСl, ал алтын құймалары үшін 40-50% тұз немесе азот қышқылының ертіндісі жатады (бұйымды қыздырады да ертіндіге салады).

  4. Алтын бөлшектер металға қарағанда бір – бірімен оңай дәнекерленеді өйткені асыл металдардың бетінде тотықты қабат түзілмейді.

  5. Алтын қаптаманы екінші клиникалық шақтап келтіру кезеңінде тіс тұқылы тістесу бетінен дәнекердің қалыңдығы бойынша қосымша алынады.

  6. Алтын қаптаманың ішкі беті және кесу қыры алтын дәнекермен құйылады, металдың қаттылығы төмен болған соң.

8- ші . Дәріс: Пластмассадан жасанды сауыт және әрленген сауыт жасау технологиясы
Пластмасса – дегеніміз табиғи заттардан химиялық жолмен алынатын немесе төменгі молекулалық заттарды синтездеу арқылы түзілетін күрделі органикалық заттар. Табиғатта пластмассаның негізін құрайтын заттар: табиғи газ, тас көмір, мұнай, торф және басқа табиғи заттар.

Пластмассалар жеке (плексиплас, полистирол) және бірнеше полимерлердің (аминопластмассалар, фенопластар және сополимерлер) қосындысынан тұруы мүмкін. Жоғарғы температураның пластмассаның физикалық, механикалық және химиялық қасиеттеріне тигізетін әсеріне байланысты пластмассалар термопластикалық және термореактивтік болып екіге бөлінеді.

Термопластикалық пластмассалар жоғарғы температурада жұмсарады. Ал температура төмендегенде өзінің құрамын өзгертпестен, қайтадан қатаяды. Термопластикалық полимерлерге мына материалдар жатады: полиметилметакрелат, полистерол, капрон, поливинилхлорид, полиэтилен, полипропилен, фторопласт, поликарбонат.

Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар акрилаттар. Олар акрилді және метакрилді қышқылдардың полимерлері немесе сополимерлері.

Термореактивті полимерлерге бакелит, аминопласт және фенопласт жатады. Пластмассаны қолдану үшін оған қойылатын негізгі талаптарды білу қажет. Пластмассалар ағза үшін оның зиянсыз болуы, ауыз қуысының шырышты қабықтарын тітіркендірмей және ауыз сілекейімен реакцияға түспеуі, ауыз қуысының кілегей қабығымен түстес болып және өзінің түсін ұзақ уақыт өзгертпеуі, техналогиялық алу жолдарының оңай және құнының арзан болуы, кейбір физикалық және механикалық көрсеткіштерінің талапқа сай болуы, басқа материалдармен оңай және берік байланысуы, металмен және басқа пластмассалармен химиялық байланысқа түспеуі, пластмассадан жасалған жасанды тістер сынған жағдайда оңай жөнделуі қажет. Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар: этакрил немесе АКР15, фторакс, акронил, бакрил.

Фторакс – құрамында фтор бар акрилаттар сополимерлер. Фторакс пластмассаның физикалық және химиялық қасиеттері өте жақсы: химиялық тұрақтылығы және мықтылығы өте жоғары. Ол жартылай мөлдір, түсі ауыз қуысының жұмсақ тіндеріне мейілінше жақын.

Акронил – метиметакрлаттың сополимері, құрамында поливинилэтилал бар. Мономерінің құрамында пластмассаның молекулалық байланысын күшейтетін диметакрилатэтиленгликоль бар. Акронил басқа материалдармен салыстырғанда техналогиялық көрсеткіштері жоғары және суда ісіну көрсеткіші төмен.

Бакрил – басқа материалдармен салыстырғанда өте берік, мықты. Алмалы – салмалы тістерді жасауға қолданылатын негізгі (базисті) акрилатты пластмасса.

Полимер мен мономер қосылғанда химиялық реакция – полимеризация жүреді. Полимеризация дегеніміз – төменгі молекулалы заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын жоғарғы молекулалы зат алу. Бұл пластмассаларды алудың үш технологиялық жолы бар :

а) Полимер мен мономер қосындысының қамыр тәріздес түрінде үлкен қысымның әсерімен полимеризациялау.

ә) Полимер мен мономер қосындысын қыл тәріздес түрінде құю.

б) Полимер мен мономер қосындысын құм тектес түрінде құю.

Пластмассалы қаптамалардың металды қаптамағанда артықшылықтары болады, қаптаманың түсі табиғи тістердің түсіне сәйкес келеді, сондықтан оларды алдыңғы тістерге косметикалық мақсатымен дайындайды.

7 кесте - пластмассалы қаптама дайындаудың клинико - зертханалық кезеңдері



Клиника (дәрігердің жұмысы)

Зертхана (тіс – технигінің жұмысы)

1- келуі :

Науқасты тексеру, диагноз қою, емдеу жоспарын құру.

- Тісті егелеп, екі жақтан да үлгі алу;

- Пластмассалы қаптама үшін түсін анықтау;


2-келуі:

Шақтап келтіру және қаптаманы цементке бекіту



  • Модель құю ;

  • Модельді орталық оклюзияда құрастырып, оклюдаторға бекіту;

  • Пластмассалы қаптаманың балауыз мүсінін дайындау;




  • Балауызды пластмассаға ауыстыру.

  • Пластмассалы қаптаманы өңдеу және жылтырату.

(7-ші кестеде) пластмассалы қаптама дайындаудың клинико – зертханалық кезеңдері көрсетілген. Қаптама дайындау екі клиникалық және екі зертханалық кезеңдерден тұрады.

Егерде модель орталық оклюзияда құрастырылмаса тіс технигі тістесу біліктерін дайындайды. Бұл жағдайда пластмассалы қаптама науқастың үш рет келуімен бітеді.

Модель құйғаннан кейін тіс технигі егеленген тістің мойынын оюлайды және оны 0,3 мм ұзартады. Одан кейін балауыздан жасанды қаптаманың пішінін келтіреді. Балауыздан пластмассалы қаптаманың анатомиялық пішінін толық көлемде қалыптастырады, кейде ол аздап үлкен болады, өңдеу және жылтыратуға байланысты. Пішіндеуді ақ немесе сары балауызбен жүргізеді, өйткені түсті балауыз бояғыштары пластмассаның түсін өзгертуі мүмкін. Пішінделген балауыз қаптаманы көршілес тістер аймағымен аздап модельден кесіп алады да қалыпқа ғаныштайды. Ғаныш қатқаннан кейін балауызды ыстық судың көмегімен ағызып жібереді. Қалыпты суытады, керек түсті пластмассаны алып араластырады. Пластмасса ісінгеннен кейін оны қалыпқа салады, нығыздайды, бюгельге қысады да полимеризация жүргізеді. Көпіршіктер мен ішкі жарықшалар пайда болмас үшін полимеризацияны өте ұқыпты жүргізеді. Суыған қалыптан қаптаманы алып оны өңдейді, әрлейді, жылтыратады.
8 кесте - пластмассалы қаптама дайындаудың клиникалық кезеңдер



Жұмыс істеу кезеңдері

Жұмыс істеу реттілігі.

  1. Ғаныштық үлгіні желімдеу.

  2. ғанышты модель дайындау.

  3. Балауыз біліктерін дайындау.

  4. модельді оклюдаторға ғаныштау.

  5. Пластмассалы қаптаманың балауыз мүсінін дайындау.

6. балауыз мүсінді қалыпқа ғаныштау.

7.пластмассалы қаптаманы қалыптау.


  1. полимеризация.

9. пластмассалы

қаптамны өңдеу және жылтырату.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет