Бір жақты қуысты дайындау
Бір жақты қуыстар шайнау тістерінің сайлары аймағында, франтальды тістердің кесу қырында, қаптаманың ұрт, мойын аймағында және тістің апроксимальды бетінде арнайы құралдардың көмегімен қалыптастырылады.
Қаптаманың сайлары зақымдалғанда салманың астына қуысты дайындау. Қуыстың пішіні қатты тіндердің зақымдалу көлемімен анықталады. Қуысты қалыптастыру арнайы құрал – жабдықтармен жүргізіледі. Құралдың көмегімен зақымдалған эмаль, дентин және ілінбелі шеттері алынып, сау тің сақталынады. Бұдырларды біріктіріп тұратын эмаль біліктерін және бұдырлардың тіндерін сақтаған жөн, егерде олар тіс жиегісімен зақымдалса. Егер де олар толығымен алынып тасталса тістің сауытты бөлігі әлсірейді де сол жерде оның сынуы жүреді. Қуыс түбі тегіс болғаны жөн. Оны сызатты бұрғының көмегімен немесе жіңішке цилиндр тәрізді карборунд тастарының көмегімен жүргізледі, оның ұшы тегіс сондықтан ол қуыстың түбін ақырын өңдеп ұлпаның ашылмауына жағдай туғызады. Қуыстың қабырғалары сызатты ұштықтармен қалыптастырылады және оның көмегімен бұдырлар біріккен аймақтың сайлары кеңейтіледі. Дайын қуыстың қабырғалары қосымша карборонд тастың көмегімен тегістеледі. Бұл уақытта тіннің жұқа жиегі алынып салма дентинда жақсы орнығу үшін тірек қалыптастырылады. Сонымен бірге тамақ қалдықтары қалмау үшін салма жиегі мен тіс тіңінің қосылатын жерінде ретенционды аймақтарды болдырмау қажет. Тіс сауытының бір жағында барлық қуыстарды дайындағанда ортақ болатыны келесі :
-
Қуыстың шығатын тесігі қуыс түбінен кең немесе бірдей болуы қажет.
-
Қуыс қабырғалары ілінбелі, тегіс.
-
Қабырға жиектерінде ылди болған жөн.
Салма қуысының ішінде жақсы тұруы үшін, қуысты дөңгелек, сопақша, төртбұрышты немесе симетриялы етіп жасау қажет емес, қуыстың бір жағы екінші жағынан пішіні бойынша ерекшеленгені жөн.
Тістің кесу қырында ақау болғанда қуысты қалыптастыру
Әдетте дайындық салманы қуыста штифтің көмегімен бекітуге бағытталған. Бұл үшін негізгі қуыстан басқа қатты тіндердің зақымдалмаған бөліктерінде штифтер үшін өзекшелер бұрғыланады. Тістің сауытын егелеу жұмсарған дентинді алғаннан кейін басталады, тістің кесу қырын карборунд таспен тегістелінеді, егелеу ішкі бетке аздап қиғаш жүргізіледі. Бұның салдарынан кең беткей пайда болады, онда ең бірінші сызатты ұштықпен, ал кейін карборунд тастың көмегімен салма үшін аймақ дайындалады. Одан кейін жіңішке сызатты ұштықпен өткір кесу қыры арқылы штифтер үшін апроксимальды өзектер дайындалады. Штифтерге арналған өзектер дентиннің ортасында эмаль мен ұлпа қуысы аралығында орналасқаны жөн. Егер де тіс ұлпасыз болса қуысты қалыптастыру оңай болады. әдетте бұл жағдайда салманы бекіту үшін бір ғана ортада орналасқан штифт қажет . штифтің ұзыныдығы ұлпа қуысының тереңдігіне сай болуы керек. Егерде тістен ұлпа арнайы алынса онда штифке арналған өзек цементтің ішінде әрі қарай бұрғыланады ұлпа қуысы толтырылғаннан кейін.
Тіс сауытының апроксимальды бетіне қуыс қалыптастыру. Егерде жанында тіс болмаса қуысты қалыптастыру қиын емес. Егер де қасында тіс болып, олар бір – бірімен тығыз жанасып жатса, қуысты қалыптастыру қиындық туғызады. Қуысты ішкі бетінен қалыптастырады. өйткені тіс сауытының ерін бетінен зақымдалмаған тінді аз алу үшін.
Балауыз репродукциясы 2 әдіспен алынуын мүмкін:
-
тікелей әдіс-тіс қуысында пішіндеу
-
жанама әдіс – тістің цемент не амальгамды моделінде пішіндеу
Тікелей әдіс: пішінделген қуысқа жұмсартылған пішіндеуші материалды енгізіп, тістің жоқ болған бөлігін қауыптастырады. Бұдан кейін сай келетін металл штифті таңдап, бір ұшын сәл жылытып салманың пішінделген репродукциясына енгізеді. Суығаннан кейін штифт көмегімен қуыстан салманың дайындалған балауыз репродукциясын алып шығып, салқын суға салып зертханаға жіберіледі.
Металдан салма жасау. Металл салмасының дайындау жұмысы:
-
штифттің орналасуы мен диаметрін анықтау
-
құйма пішін алу
-
балауызды балқытып шығару
-
пішінді кептіру және дәнекерлеу
-
пішінді металлмен толтыру
Салма штифтің диаметрінен аз болса, оны қабат-қабат балауыз жауып ұлғайтады немесе тағы бір штифт орналастырады.
Салмаға жуықтап штифтке балауыздан муфта жабады. Кейінде бұл шөгіп қалуларды болдыртпайтындай жағдай жасайды. Балауыз репродукциясынын өзгермей бір қалыпта сақталуы мақсатында репродукцияға міндетті түрде отқа төзімді қаптама қабат жабады. Бұдан кейін модельді отқа төзімді массамен пішіндеуге кіріседі. Салма репродукциясының жұқа жиектері сынып қалмас үшін қаптама қабатты тамызып не жұмсақ қықаламмен жабады. Модельді конустан жеңіл айналуы арқылы босатып, штифтің бос ұштарын жылытып, крампонды қысқышты пайдаланып, оларды алып тастайды. Қалыпты муфель пешіне балуызды жандырып шығару үшін орнатады. Бұдан кейін қалыпты металл қорытпаларымен толтырады. Құйылған салманы ағартады да, өндемей,клиникаға тапсырады. Онда салмааның тіс қуысы бойынша дәлдігін тексеретін дәрігер өндеуді де жүргізеді.
Пластмассадан салма дайындау. Клиникадан балауыз репродукциясын алып, дәлдікті сақтау үшін тіс технигі репродукцияның тіс қуысына қарайтын беткейлерін қоюлатылмаған фосфат-цементепен жабады. Цементтегі балауыз репродукциясын цементпен жабылмаған балауыз бөлігін қалдырып, көпірлі жұмыстарға қалыптың негізіне ғаныштайды. Балауыз қатқанда қуыстан салманы алуға пайдалынған штифтің бос ұшы жылытылып, балауыздан алынады. Бұдан кейін қалыпты екінші бөлігімен жабады да контрштамп құяды. Ыстық су ағынымен балауызды ерітіп, суытылған қалыпқа түсі сай келетін пластмассаны салып полимеризация жүргізеді. Полимеризациядан кейін техник пластмасса қалдықтарын прессформа ажырамалы қуысынан кетіреді. Салмадағы цементті оңай кетіру үшін, оны НСI-ң 10-20% ерітіндісіне салып қояды. Салманы тегістеп жылтырататын – дәрігер.
Салманы дайындаудың жанама әдісі келесідей реттілікте орындалады:
-
тісте қуыс қалыптастыру
-
тістен және тіс қатарынан мүсін алу
-
құрама модель алу
-
салманың балауыз репродукциясын модельдеу
-
салманы балауыздан металға немесе пластмассаға ауыттыру.
Салманы жанама әдіспен жасаудың алдында тіс пен тіс қатарынан мүсін алу клиникалық кезең мен модель алудың зертханалық кезеңі өткізіледі.
Мүсінді тіске келтірілген мыс сақина мен ММСИ-В-2 типтегі термопластикалық мүсіндеу масса арқылы алады. Масса қатқанда бүкіл тіс қатарынан мүсін алады. Екі қабатты мүсін қолдануға болады. Мүсін алып, техник амальгама (7-10 г) дайындайды да алынған массамен мүсінді толтырады. Амальгаманы тіске кішкене бөліктермен мүсіннің ең терең бөліктеріне енгізеді де штопфермен тығыздайды. Қуыс толтырылғанда, мүсін үстінен амальгамадан квадрат немесе конус модельдеп қатуға қалдырады. Келесі кезеңде сақиналы масса және амальгамамен мүсінге орналастырып, модель құюғанда жылжып кетпеуі үшін мүсін ғанышына балауызбен жабыстырады. Бұдан кейін ғаныш моделін алып, одан сақина мен мүсіндеу массасын ыстық суда жылытып алып тастайды. Осы әдіс арқылы фосфат – цемент пен ғанышпен құрама модель алады. Модельдерді окклюдаторға бекітіп, салманы модельдеуге кіріседі. Амальгамадан жасалған тіске вазелин жағып, жылытылған пішіндеуші балауызбен қуысқа басып кіргізеді. Балауыз қатпай тұрғанда, шайнау беткейіннің пішінін алу үшін окклюдаторы қысады. Салманы пішіндегеннен кейін, оны қуыстан алады (бос жеріне құюшы пішіндеуші штифт енгізеді, соны пайдаланып салма репродукциясын алып шығады). Бұдан кейінгі жүретін жұмыс тікелей әдістегідей болады.
Фарфордан салма жасау технологиясы.
Тіс тәждерін салмамен протездеу келесі кезеңдермен тұрады:
а) қуысты тіс тәжіне дайындау
ә) қуыс пішіні көрінісін тікелей (мүсіндеу) және (балауызбен) әдіспен алу
б) салма дайындау
в) салманы тіс тәжінде келтіру және цементпен бекіту
Фарфордан салма жасаудың тікелей әдісі. Салмаға қуыстан мүсінді алтын немесе платинді фольгамен алады. Тістегі қуысты дайындап, шеттері қуыс жиегінен шығып тұратындай өлшемде фольганы алады. Оны алдымен қуыс түбіне, кейін іргелеріне мақтаны пайдаланып жуықтап жазып тастайды. Қуыстан мүснді шымшуыр немесе экскаватормен алады.
Жанама әдіс.Мүсінді қуыстан мүсіндеу массасымен мыс сақинасымен ал-ады. Тіс мүсінінін берік ғанышпен, амальгамадан жасайды.Салмаға қуыс дайындаған соң, тіс бойынша мыс сақинасын келтіріп термопластикалық массамен мүсін алады, бұдан кейін, мүсінді тістен алмай, ғанышпен не си-иконды массасымен тіс қатарының жалпы мүсінін алады. Мүсін-ді мыспен өңдейді, ол үшін мыс сақинасы мен мүсіндеу массасының бос бөлігін оқ-аулаушы лакпен жабады, мүсіннің жұмысшы бөлігін ток өткізгіш ұнтақпен жауып немесе хлорлы қалайынның 2% ерітіндісіне салып, үстіне мыстың орнығуы үшін электролитикалық ваннаға 20-30 минутқа іледі. Мыспен өң-еуге электролит құрамы: 20-300 г/лмыс сульфаты, 50-70 г/л сірне қышқы-лы. Жұмыс тәртібі: температура –15-20ºС, ток тығыздығы – 1-2А/кв.м. мыспен өңдегеннен кейін оқшаулаушы лакты алып тастайды, мүсінді тіс қатарының жалпы мүсініне орнатып ғанышпен жалпы модель құяды. Мү-сіндеу массасы алынып тасталғаннан кейін ғанышпен жалпы модель, және онда салмаға арналған металл беткейлі тіс қалыптасады. Бұдан кейін тіс қуысында фольгадан мүсін жасайды, кейін фарфор массасың дайындап, онымен фольга мүсінін толтырады. Бұдан кейін фольганы пеште күйдіреді. Ол үшін фольганы арнайы керамикалық тіренішке орнатады. Күйдіруді қа-рапайм немесе вакуумдық пеште өткізеді. Алдымен фарфор массасын әлсіз «бисквит» кезеңіне дейін күйдіреді, сонсоң фарфор массасы толғаннан ке-йін қайта күйдіреді. Бұдан кейін фольганы алмай тұрып, салма дәлдігін тіс қуысында тексереді, салманың шайнау және кесеін жиек беткейлерінің ас-тыңғы жақтың окклюзиондық қозғалыстарыңдағы беттерін анықтайды. Күйдіруді беткейін жылтыратумен аяқтайды. Дайын фарфор салмадан фольганы алып тастайды. Дайын салманы тіс қуысында цементпен бекітеді.
6- ші . Дәріс: Асыл емес құймалардан штампталған жасанды сауыттардың жасалу технологиясы
-
кобальт негізінде (+ хром 25%, молибдин 2%)
-
никель негізінде (+ хром 11%, молибден 2%)
КХҚ құрамы, қасиеті, қолдануы.
Салмағы жағынан 85% кобальт хром және никельден тұрады. ХКҚ қасиетің молибден никель, темір, ваннадий, кремний, магний, мыс берилий қосып жақсартуға болады. Құйманың тұрақтылығы оның құрамындағы хромның көптілігіне байланысты, ол металл бетінде әрекетке түспейтін қабат түзеді. Кобальт құймаға жоғары температурада қаттылық береді. Металл құрылысының ұсақ кристалды болуы және байланыстарының бекімділігі оның құрамына кіретін молибденге байланысты. Құймада көміртегі мөлшері өте аз. Металдың қасиетін сақтау үшін көміртегінің бір тұрақты саны қажет. Карбит түзгіш зат ретінде вольфрам қосады. Мырыш, кремний және темір қоспаның құйылғыштығын арттырады.
ХКҚ балқу температурана байланысты 2-ге бөлінеді
-
Балқу температурасы 1316°С-ге дейінгі
-
Балқу температурасы 1316°С жоғары
ХКҚ сүйек ткандеріне енгізіп тіс протездеріне тірек ретінде қолданады. Себебі оның коррозияға тұрақтылығы жоғары және аустостотикалық қасиеті жоқ ХҚҚ көлемі күйғаннан кейін 1,8-2 % дейін кішірейеді. Алынған заттың құрылысы ұсақ түйіршікті болу үшін балқу температурасына жақын температурада құю керек.
Тот баспайтын болат.
Негізгі 2 топқа бөлуге болады: хромды және хромникельді. Құра-мындағы никель болаттың жұмсақтығын артырып, кристалиттік құрылы-сын майда түйірлі жасап, оны қысыммен өңдеуді жеңілдетеді. Құйманың қаттылығын арттыру үшін оның құрамындағы көміртегіні көбейтеді, бірақ құрамындағы көміртегінің көбеюі коррозияның болуына әкеп соғады.
Тот баспайтын болаттын механикалық қасиеттері оны суық күшінде соққылап өңдеген кезде күрт төмендейді. Болаттың магниттік қасиеті болмайды, бірақ оны суық күнінде өндеген кезінде аздап магниттелінеді және қатаяды. Соққылап суық күнінде өндеген кезде қатты, ерітінді бөлініп хром карбиді түзеді. Оны жұмсарту үщін 1100°С-дейін қыздырып, тез суға салып шынықтырады. Қыздыру ұзақтығы 6-8 минтут. Жайлап суыту болаттың қаттылығын төмендетудің орнына, онда керісінше хром карбиді түзілуіне байланысты жоғарылатады да кристаллит аралық коррозия пайда болатын жағдай жасалынады.
Қыздырып өңдеу. Тот баспайтын болаттын, механикалық және химиялық қасиеттерін жақсарту үщін қыздырып өңдеу қолданылады. Болатты қыздырып өңдеудің мәні,металды ұстап тұрып және соңында жайлап немесе тез суытқанда. Шынықтыру деген термин болаттың, қаттылығын жоғарлату деген емес, ол 1100°С-1200°С тудырылған затты тез суытып тұрақты аустиниттік құрлым алу.
Егер болатты қайтадан қыздыратын болсақ, оның құрылысындағы өзгер-істер кері бағытта сол тәртіппен өзгереді.Бұл металдық 2 рет кристалдан-уы деп аталды. Тот баспайтын болаттын аустениттік құрылысы ең тиімді болғандықтан, оны сол қалпында сақтап кою керек. Ол үшін тот баспай-тын болатты 1100°С-1200°С қыздырып тез суға сала қою қажет.Бұл жағд-айда кристалдық құрылысы бұзылмастан аустениттік құрылысы ақталады.
Жасанды қаптама табиғи тіс тәжінің бұзылуын қалпына келтіру үшін қолданылатын протез. Жасанды қаптамамен көбінесе сау тістердіде қаптайды. Жсанды қаптамаларды металл қорытпаларынан, пластмассадан, фарфор немесе осы материалдарды араластырып жасайды; металл және фарфор, металл және пластмасса.
Жасанды қаптамаға қойылатын талаптар:
-
Қалпына келтіретін тістің пішінін дәл келтіру керек.
-
Жақсы білінетін экваторы болу керек.
-
Тіс мойнын барлық жағынан тығыз қоршап, қызыл иек қалташасына 0,3мм кіріп тұру керек.
-
Көршілес тістермен жанасуын толық қалыпына келтіру.
-
Төменгі жақтың барлық окклюзиялық қозғалысының қай фазасында болса да тіс қатарының түйісуіне кедергі келтірмеуі керек.
1 кесте - жасанды қаптама дайындаудың клинико – зертханалық кезеңдері
Жасанды қаптаманың түрі
|
Кезеңдер және оларды жүргізу ерекшелігі.
|
І. Клиника
лық кезең.
|
І. Зертханалық кезең.
|
ІІ. Клиникалық кезең.
|
ІІ. Зертхана
лық кезең.
|
ІІІ. Клиника
лық кезең.
|
Металды штампталған
| -
Науқасты тексеру, емдеу жоспарын құру.
-
Тісті егелеу.
-
Екі жақтанда анатомиялық үлгі алу.
| -
Модель құю, оны аклюдаторға ғаныштау.
-
-
Қаптаманы пішіндеу, металды қаптама қалыңдығынан көлемі кішірек.
-
Ғаныш штампигін және екі металл штампигін алу.
-
Контрштамп құю.
-
Қаптамаларды алғашқы және соңғы рет штамптау.
|
Жасанды қаптаманың тіске шақтап келтіру
|
Ағарту, жылтырату
|
Ағартып жылтыратқаннан кейін қаптаманы висфат – цементке бекіту
|
(1-ші кестеде) жасанды қаптама дайындаудың клинико – зертханалық кезеңдері көрсетілген. Қаптама дайындау үш клиникалық және екі зертханалық кезеңдерден тұрады.
2 кесте - жасанды қапталармен емдеу барысында жіберілетін қателіктер мен асқынулар
Клинико зертханалық кезеңдер.
|
Дәрігер ортопед қызметінде жіберілген қателіктер
|
Тіс технигі жіберген қателігі
|
Қателіктердің клиникалық көріністері
|
Қолданылатын шаралар
|
Алғашқы белгілер
|
Кейіннен болған асқынулар
|
Қателікті қалпына келтіру
|
Қателіктердің алдын алуы.
|
І.Клиникалық кезеңі.
|
Тістің қатты тіндері
аз мөлшерде егелеу.
а) тістің
периметрі бойынша
б) тістің
окклюзиялық бетінде
- дөрекі егелеу
- аса көп егелеу
- жұмсақ тіндерді зақымдау.
Үлгі алғанда:
-тіс мойыны контурының айқын түспеуі.
|
|
Қаптаманың тіске кигізілмеуі.
Тістесудің биіктеуі.
Тістің қызуы.
Тістің қызуы, ұлпаны ашып алу.
Қанағыштық
Қаптаманың кең болуы.
Тістесудің биік болуы немесе қарама – қарсы тістермен жанасу нүктесінің болмауы.
|
Пародонттың паталогиялық өзгеруі
Ұлпаның қабынуы.
Ұлпаның қабынуы.
Жұмсақ тіндердің қабынуы.
Цементсіздену, тістің қатты тіндерінің сорылуы.
Пародонтта паологиялық өзгерістер.
|
Тсті қайтадан егелеп, одан үлгі алу.
Терапевті емделеді
Хирургта, терапевта емделу.
Үлгіні қайта алу.
Екі жақтанда толық үлгі алу.
|
Егелеу ережелерін қатаң сақтау.
Абайлап егелеу.
Қатты тіндерді егелеу ережелерін сақтау.
Егеленген тістің айқын контурларынан үлгі алу. Екі жақтан да үлгі алу.
|
ІІ. Клиникалық кезең
|
Қаптаманы тіске шақтап келтіру процессінде:
- қаптама жиегін қызыл иек астына дөрекі енгізу.
|
|
Тістің айналмалы байламының үзілуі.
|
Пародонттың патологиялық өзгерістері.
|
Қаптама жиегіне түзетулер жүргізу және оны қызыл иек астына 0,1-0,2мм енгізу .
|
Қаптаманы тіске ақырын отырғызу, қаптаманың қызыл иек астына аса қатты кірмеуін бақылау.
|
ІІІ. Клиникалық кезең.
|
Қаптаманы цементке бекіту:
-
тісті керегінше кептірмеу
раластыру барысында цементтің ұнтағы мен сұйықтығы-ның сәйкес келмеуі:
- қою
- сұйық
|
|
Қаптаманың цементсізденуі жүреді.
Тістесу биіктейді, қаптама қызыл иекке дейін жетпейді.
Қаптаманың цементсізденуі жүреді
|
Тістің қатты тіндерінің созылуы.
Пародонттағы патологияқ өзгерітер.
Тістің қатты тіндерінің созылуы.
|
Қаптаманы қайта жасау.
Қаптаманы қайта жасау.
Қаптаманы қайта жасау.
|
Алынбайтын протездерді цементке бекіту ережесін сақтау.
Алынбайтын протездерді цементке бекіту ережесін сақтау.
Алынбайтын протездерді цементке бекіту ережесін сақтау.
|
Зертханалық кезеңдер: хром никел құймасы, алтын құймасы, күміс палладий құймасы
|
Тіс мойнының дәл оюланбауы
Ғанышты штампикті қате белгілеу.
Ғанышты модельде тіс сауыты қате пішіндеу.
|
1. Ғанышты штам-пикте қаптама-ның ұзаруы
2. мойын аймағын-да штамп-тың тар болуы.
3. Тістің мойын аймағында штамп-тың кеңеюі
1. Табиғи тістің анатомиялық пішініне сәйкес келмеуі
2. Шайнау бұдырларының аса көп пішінде-луі
3. көршілес тістермен жанасу нүктесінің бомауы
4.
- шайнау бетінің жеткілік-сіз штамп-талмауы:
- қаптаманың мойын бөлігінің жеткілік-сіз штамп-талуы
|
Қаптама жиегініңі қызыл иек астына терң еніп тұруы.
Қаптама жіңішке тіске кигізілмейді
Қаптама кең, тістің мойын бөлігін толығымен қамтымайды.
Клиникада ақау жөнделмеген.
Тістесудің биіктелуі.
Тағаммен қызыл иек бүртіктерінің жарақатталуы
Тістесудің биіктелуі .
Тістің мойын бөлігін толық қамтымауы.
Қаптаманың жұқаруы.
|
Пародонттағы патологиялық өзгерістер.
Цементсіздену, айналмалы тіс жегісі.
Қалпына келтірілді.
Пародонттағы патологиялық өзгерістер.
Пародонттағы патологиялық өзгерістер.
Қаптаманың цементсізденуі, айналмалы тіс жегісі.
Уақытынан бұрын тозуы .
|
Шақтап келтіру кезеңінде қаптама жиегін қысқарту, шақтап келтіру, керек болса аздап қаптаманы кеңейту, үлгіні қайта алу, қаптаманы қайта жасау.
Үлгіні қайта алып қаптаманы дайындау
Үлгіні қайта алып қаптаманы дайындау
Қаптама-ның қайтадан штамптау
|
Штампикте мойын бөлігін дәл оюлау
Гильзаны термиялық өңдегеннен кейін қаптаманы алғашқы және соңғы рет штамптау
|
Жасанды қаптама дайындау барысында жіберілген асқынулар мен қателіктер (2 – ші кестеде көрсетілген) бірінші және екінші клиникалық кезеңдерде тіс дәрігері жіберген қателіктер және зертханалық кезеңдерде тіс технигі жіберген қателіктер және олардан кейін болатын асқынулары көрсетілген.
Атмосферадағы коррозияға, көл мен теніз суына қарсы тұра алатын, тоттанбайтын болаттар жатады. Тоттанбайтын болаттардың коррозияға тұрақтылығы, олардың физикалық – химиялық қасиетіне байланысты анықталады, яғни химиялық құрамына және термиялық өңдеуге тәуелді болады. Тоттанбайтын болаттардың стоматологиялық тәжірибеге енуіне себеп болған, 30 жылдардағы Д.Н. Цитриннің зерттеулері. Соңғы 10 жылдарына тоттанбайтын болаттрадың құймадары ортопедиялық стоматологияда кеңінен пайдаланады. Жоғарғы физико-механикалық қасиеті жоғарғы физико-механикалық қасиеттері, химиялық тұрақтылығы мен ерекше технологиясы, тоттанбайтын болаттардың алынбайтын протездердегі негізгі материаларының ішінде ерекше орын алады. Стоматологияда кеңінен таралған болат маркасы 1х18Н9Т (Т2% темір, 18% хром, 9% никель, 0,14% көміртегі және 1% титан) Құрамында 1,7%-ден 4,5%-ке дейін көміртегі бар темір құймасы гугун деп аталады. 0,1%-ден 1,7%-ке дейін құрамында көміртегі болғанда болат алынады. Темір , көміртегімен қосылысы, қатты ерітінділерді түзеді, олардың құрылымы мен қасиеттері құймалар үшін ерекше ерекше мәнді болады. Табиғатта хром әр түрлі қоспалар ретінде кездесеі. Оны хромиттен алады. Хромның ең басты қасиеті, оның антикаррозияға тұрақты болады. Оның оттегімен қосылысы тек жоғары температураларда болады (Cr2O3 және Cr2O3). Хром оксиді тіспротездерінің техникасында тоттанбайтын, кобальхромды құймалар кампоненті ретінде қолданылады. Хром құймаларының құрамына енеді, косылуы құйманың сыртқы бетіне қорғанышты қасиеті бар қабықша түзеді.
Табиғатта никель әр түрлі қосылыстар ретінде кездеседі (гарньерит). Химиялық қасиеті бойынша никель белсенділігі төмен элемент болып саналады. Никель құймаға серпінділік, қосылыммен өңдеуді жеңілдетеді.
Титан кристаларалық коррозияға қарсы тұрақтылығы карбиттің түзілуіне байланысты.
Тоттанбайтын болат ортопедиялық стоматологияда алынбайтын протездерді жасау үшін қолданылады. Тіс техниктерінің жұмысын жеңілдету үшін тоттанбайтын болатты әр түрлі бұйымдар түрінде шығарады: гильзалар, сымдар, ленталар т.б.
Зуботехникалық бұйымдарды тоттанбайтын болаттардан құю бірнеше қиындықтары бар:
-
жоғарғы температура қажет (1400º С -1450º С)
-
болат оңай балқиды
7- ші . Дәріс : Асыл құймалардан штампталған жасанды сауыттардың жасалу технологиясы
Достарыңызбен бөлісу: |